Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұған қарсы мен одан еш кем соқпайтын басқа бір әрекетке барам, — деп мәлім етті Санчо. — Сойылды алам да, сіз менің ашуымды оятып үлгергеніңізше, мен сіздің ашуыңызды оңдырмай сілейтіп салам, содан оянса ол тек о дүниеде ғана бір-ақ оянатын болады, ал ол жақта, ешкімнен жәбір-жапа көре қоймасым, сірә да белгілі шығар. Бізге де, сізге де сақ болу керек, ал ең бастысы біреудің ұйқтап жатқан ашуының құйрығын баспаған абзал, мейлі ұйқтай берсін, себебі әр кәллада — бір қиял: мүйіз сұраймын деп барсаң, құлақтан айрылып қайтасың, түптеп келгенде, жаратқанның өзі татулыққа — оң бата, ұрыс-жанжалға — теріс бата берген ғой. Тіпті әбден ашынған, амалы таусылып, шегінер жері қалмаған мысық екеш мысықтың өзі жолбарысқа айналады екен, ал мен болсам адаммын ғой, ендеше менің кімге айналарымды бір құдайдың өзі біледі, сондықтан, сізге, сеньор атқосшы, алдын-ала ескертіп қоярым: төбелесіміздің салдарынан туындайтын күллі зиян мен нұқсанға басқа ешкім емес, өзіңіз жауап беретін боласыз.

— Хош, ¬— деді басқа атқосшы бәсең дауыспен. — Қалғанын таңертең көре жатармыз.

Бұл екі арада ағаштардан қауырсыны неше алуан түспен құбылған торғайлар хормен шырылдауға кіріскен-ді, көп дауыстан құралған көңілді әндерімен олар қоңыр салқын таң шапағын қуана қарсы алып қошеметтеп жатқан; таң шапағының сүйкімді әлпеті бұл кезде шығыс көкжиектің қақпа-терезелерінен жүз көрсетіп, санаса сан жеткісіз ылғалды жауһарды шашынан сілкіп түсіре бастаған, міне осынау сүйкімді ылғалмен бетін шайған шөптер құдды күлдей ұсақ ақ моншақпен бастан-аяқ көмкеріліп тұрғандай көрінетін; сәмбі талдар маннаның тәтті иісін бұрқыратып, бұлақтар сылқылдай күліп, жылғалар сылдырап, тоғайлар шаттыққа бөленіп, осынау таң шапағында шалғындар өзінің ең сәнді де салтанатты киімдерін киінді. Таң ағарып атып, айнала-маңдағы заттарды ажыратып көруге мүмкіндік туған шақта, Санчо Пансаның ең алғаш көзіне шалынған нәрсе — Орман Рыцары атқосшысының мұрыны болды, оның орасан үлкендігі сонша, көлеңкесі атқосшы денесін түгел жауып тұрғандай әсер беретін. Хикаяда бұл мұрынның шын мәнінде де сұмдық үлкен болғандығы, орта тұсында дөңесі бары, сүйелден көрінбейтіні, баялды секілді күлгін түсті екені және аузынан екі елідей асып тұрғаны айтылған, мұрынның осынау өрескел көлемі, түсі, сүйелдері мен бір жағына қисайып тұруы атқосшының сұрқын кетіріп жібергені сонша, аталмыш тұмсықты көрген бойда Санчо талма ауруына ұшыраған баладай аяқ-қолын ербеңдетті де қалды және мынадай құбыжықтың ашу-ызасын оятып, одан соң онымен төбелеске шыққанша екі жүз мәрте шапалақ жегенім жақсы деп өзіне өзі сөз берді. Сол аралықта Дон Кихот қарсыласы тұрған жаққа көз жіберген, бірақ анау дулығасын киіп, бетбүркеуішін түсіріп те қойған екен, осы себепті бет-әлпетін көру мүмкін болмай қалды; алайда Дон Кихот оның орта бойлыдан жоғарылау, дембелше келген адам екенін аңғарды. Сауыт-сайманының сыртынан бейне бір таза алтынның тал жібінен тоқылғандай камзол киіпті, оның өне бойына титтей ай пошымындағы жалтылдаған сансыз көп айна жапсырылған: бұл киіміне шынымен-ақ айрықша бір сән мен салтанат беріп тұр; дулығасында жасыл, сары және ақ қауырсындар желбірейді; ағашқа сүйеп қойған, сүйемдей ұштығы бар найзасы әрі ұзын, әрі керемет жуан екен.

Дон Кихот осының бәрін айқын ажыратып үлгерді және осы көргендері мен байқағандарынан аталмыш рыцарь аса қайратты адам шығар деген байлам жасады, әйтсе де Санчо Панса секілді үрейге берілген жоқ, — керісінше, Айна Рыцарына байсалды да батыл түрде былай деп тіл қатты:

— Егер әскери шабытыңыз әдептілігіңізден үстем түсіп тұрмаса, сеньор рыцарь, онда осы қасиетіңізді арқа тұтып, дене бітіміңіздің айбындылығына әлпетіңіздің айбындылығы сәйкес келе ме екен, соған анық көз жеткізуім үшін бетбүркеуішіңізді сәл-пәл көтеруіңізді сұрар едім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий