Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Білмегенде ше! — дауыстап жіберді Санчо да. — Шарабыңыздың тегін айыру мен үшін қиын шаруа деп пе едіңіз? Ендеше, қаперіңізде болғай, сеньор атқосшы, шараптың тегін айыра алатын ерекше табиғи қабілетім бар: бір-ақ мәрте иіскетсеңіз болды — қайдан екенін, сорты, букеті, күштілігі қандай, қандай өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін және бұл шарапқа қатысты басқа да жайларды тап басып айтып бере алам. Жалпы, бұған таңырқайтын дәнеңе жоқ: менің тұқымымда, әкем жағынан, шараптың Ламанчада онша жиі ұшыраса қоймайтын керемет екі білгірі болған, соның дәлелдемесі ретінде сізге бір әңгіме айтайын. Оларға бір бөшкедегі шараптан дәм татқызыпты да, шараптың қазіргі күйі мен сапасы, жетістіктері мен кемістіктері жайында пікір айтуды сұрапты. Бірі шарапты жалап көріпті, ал екіншісі тек иіскеумен ғана шектеліпті. Алғашқысы темір татып тұр, депті, екіншісі қайыс дәмі сезіледі, депті. Шарап иесі бөшкенің таза екенін, қайыс дәмі шығатындай реті жоғын айтады. Алайда, екі білгір өз пікірлерінде табандап тұрып алады. Арада біраз уақыт өтеді, шарап сатылып бітеді, сөйтіп иесі бөшкедегі сарқындыны құйып алмақшы болады, сол кез қараса — түбінде қайыс бауы бар құйттай кілт жатыр екен! Менің нәсіл-тегімнен тараған жандар мұндай мәселе төңірегінде татымды сөз айта ала ма, алмай ма, ол жағын енді өзіңіз бажайлай беріңіз.

— Шытырман оқиға іздегенді қою керек дегенді осы себептен де айтып тұрғам жоқ па, — деді басқа малай, — ізгіліктен ізгілік тілемейді, ең дұрысы құжырамызға қайтып оралуымыз керек, ал құдай жарылқайын десе бізді сол жерден де тауып алады.

— Қожайыным Сарагосаға барып жеткенше оған қызмет ете берем, қалғанын кейін көре жатармын.

Айтулы екі атқосшы әлі де ұзақ уақыт әңгіме соғып, шарап ішті, одан соң ұйқы олардың тілін байлап, шөлін басты: өйткені, бұлардың шөлін қандыру мүлдем мүмкін емес-ті; осылайша олар бүтіндей дерлік босаған месті уыстай ұстап, шайнап үлгермеген бәліш кесегін тіске басқан қалыптарында ұйқтап кетті. Енді қазір біз оларды уақытша қалдыра тұрамыз да, Орман Рыцары мен Қайғылы Бейне Рыцарының екеуара не жайында сөйлескенін әңгімелейміз.

ХІҮ тарау

Мұнда Орман Рыцарымен арадағы шытырман оқиға әрмен жалғасады

Хикаяда айтылғанындай, Дон Кихотпен ұзақ сұқбаттасқаннан кейін Мүлгіген Орман Рыцары оған былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий