Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Басқа біреу дегеніңізге жол болсын! — деп айқайлап жіберді Орман Рыцары. — Мына төбемізден төніп тұрған аспанмен ант етейін, Дон Кихотпен айқасқаным, оны жеңгенім және берілуге мәжбүр еткенім ақиқат шындық; ол ұзын бойлы, арық та ашаң адам, беті жүдеу көрінеді, шашына ақ кіре бастаған, болмашы дөңесі бар орақ мұрынды, мұрты ұзын, қара, сәл-пәл түсіңкілеу. Ол өзі Қайғылы Бейне Рыцары деген атпен ұрысқа шығады, ал атқосшылыққа Санчо Панса есімді әлдебір диқанды алған, Росинант аталатын сәйгүлігіне мініп сайран салады, бұған қоса тағы айтарым: жүрегінің әміршісі бұрын Альдонсо Лоренсо аталған Дульсинея Тобосская деген бикеш, менің әміршімнің де шын аты Касильда болатын және Андалусияда туып-өскен-ді, осыдан шығарып оны Касильдея Вандальская атандырып жүрмін. Егер айтқан сөзімнің растығына көзіңізді жеткізуге осы келтірген деректерім аздық етсе, онда семсерім сөйлейді, ол тіпті түкке сенбестің өзін де иландыра алады.

— Сабыр етіңіз, сеньор рыцарь, сөзіме құлақ салыңыз, — деді Дон Кихот. — Өзіңіз әңгіме етіп отырған Дон Кихот менің ең жақсы досым екенін біліп қойғаныңыз жөн және біз арамыздан қыл өтпейтін доспыз, тура бір адам секілдіміз, ал келтірген деректеріңізге келсек, бұлардың дәлдігі мен дау тудырмайтындығы сонша, басқаны емес, тап соның өзін жеңгеніңізді мойындамасқа лажым жоқ. Солай бола тұрса да, көз жанарым мен түйсігім әлгінің тап соның өзі боп шығуы мүмкін еместігін дәлелдеп отыр, тек өзіне өш қисапсыз сиқыршының біреу-міреуі (дәлірек айтқанда, қыр соңынан қалмай жүргені) оның кейпіне ене қойып, таңдануға татырлық рыцарьлық ерлік істерімен өзімізге мәлім елдердің баршасында дүрілдеп шыққан даңқынан айыру үшін әдейі жеңілген болып жүрмесе. Осы сөзімнің растығын негіздей түсу мақсатында аталмыш сиқыршылардың, оның қас дұшпандарының, бұдан екі күн бұрын айдай сұлу Дульсинея Тобосскаяның түр-сымбатын өзгертіп, қарапайым можантопай шаруа әйелге айналдырып жібергенін қаперіңізге сала кеткім келеді, шамасы, олар Дон Кихоттың өзінің де сырт пішінін өзгертіп жіберген шығар. Егер осының бәрі айтқан сөзімнің ақиқаттығына көзіңізді жеткізе алмаса, онда қарсы алдыңызда отырған адамды Дон Кихоттың дәл өзі деп біле беріңіз және ол өз сөзінің дұрыстығын ат үстіндегі айқаста ма, жаяу айқаста ма, қалай хош көрсеңіз солай, қолына қару алып қорғайтын болады.

Осыны айтып ол орнынан көтерілді, сосын Орман Рыцарының қандай әрекетке баратынын күтіп, семсерінің тұтқасына қолын қойды, ал анау болса, бұған аспай-саспай былай деп тіл қатты:

— Тиянақты төлемшіге кепілден қорқатын дәнеңе жоқ. Өзіңізді жадыланған қалпыңызда жеңген адам, сеньор Дон Кихот, сізді мына қазіргі сау-сәлемет қалпыңызда да жеңері анық. Алайда рыцарьларға тас қараңғыда жауынгерлік ерлік жасау жараспайды-ақ, біз қарақшы да, ұры-қары да емеспіз, таң атқанын күте тұралық, іс-әрекетімізге күннің өзі куә болсын. Жекпе-жегімізге мынадай шарт қоям: жеңілген адам жеңген адамның ырқына көнеді, ал анау оған не істесе де өзі біледі, алайда беретін бұйрығы жеңілгеннің ар-намысына тимейтіндей болуға тиіс.

— Бұл шарт пен келісім мені мейлінше қанағаттандырады, — деп мәлім етті Дон Кихот.

Бұдан соң екі рыцарь атқосшыларына қарай бет алып, оларды ұйқыға бой алдырып қисая-қисая кеткен қалыптарында қорылдап жатқан жерінен тапты. Рыцарьлар оларды оятып, ат ерттеуге бұйрық берді, күн көтеріле екеуінің арасында бұрын-соңды болып көрмеген, қан судай ағатын қиян-кескі жекпе-жек өтетінін жария етті, бұл хабарды естіген Санчоның бойын абыржу билеп, мелшиді де қалды, өйткені Орман Рыцары атқосшысынан рыцарьдың батылдығы жайында көп естігендіктен мырзасының өміріне қатер төнді-ау деп қауіптенген; қалай болғанда да, әйтеуір, атқосшылар ләм деместен әудем жердегі үйірге қарай бет алды — айта кетерлігі, үш ат пен есек бір-бірін иіскелесіп те үлгерген-ді, енді қазір жұбы ажырамай жүрген.

Бара жатқан жолда Орман Рыцарының атқосшысы Санчоға былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий