Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ал, енді, сеньор рыцарь, біліп қойғаныңыз артық болмас, теңдесі жоқ Касильдея Вандальскаяға тағдырдың әмірінен гөрі жүрек қалауым бойынша ғашық боп қалған едім. Теңдесі жоқ деп тұрған себебім, сымбатының ғаламаттығы жөнінен де, текті тұқымнан шыққандығы мен сұлулығы жөнінен де онымен ешкім шендесе алмайтын. Міне, осы өзім әңгіме етіп отырған Касильдеяның күллі адал ниетім мен ізгі сезіміме қайтарған жауабы — Геркулестің өгей шешесінің істегенін істеп, маған қилы-қилы сынақтан өтуге әмір ету ғана болды және әр сынақтың соңында келесісінен кейін үмітім орындалатынына сөз беріп отырды; солай бола тұрғанымен, әуре-сарсаңым әлі аяқталар емес, бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатыр, санасаң сан жетпейді, енді қазір мұның қайсысы ең соңғысы боп шығатынын, сөйтіп ізгі тілегімнің орындалуына жол ашатынын да білмеймін. Бір жолы ол севильялық атақты әйел-дәу Хиральданы, бейне мыстан құйылған сынды еңгезердей әрі етженді әйелді, орнында тапжылмай тұратынымен, әлемдегі ең құбылғыш әрі тұрақсыз әйелді жекпе-жекке шақыруға әмір етті. Мен келдім, көрдім, жеңдім, сосын оған ербеңдемей тыныш тұруға пәрмен бердім, өйткені желдің өне бойы солтүстік беттен соғып тұрғанына бір аптадан асқан. Тағы бірде әміршім Гисандодағы ежелгі тас бұқалардың салмағын өлшеуім керегін айтты, ал олардың зілдей ауырлығы сонша, бұл рыцарьдан гөрі жүкшіге лайық жұмыс еді. Тағы бірде маған Кабра құрдымына құлауға, — бұл деген құлақ естіп, көз көрмеген сұмдық қой, — одан соң оның қараңғы қапасында нендей құпия барын өзіне егжей-тегжейлі түрде баяндап беруге бұйырды. Мен Хиральданың шыр айналған қозғалысын тоқтаттым, Гисандо бұқаларын таразыға тарттым, шыңырауға құлап, түбіндегі құпиясын зерделедім, бірақ үмітімнің сол бұрынғысынша әлі орындалар түрі жоқ, ал оның әмір етушілігі мен менсінбеушілігі сол бұрынғысынша әлі жалғасып жатыр. Олай дейтінім, осы жақында ғана ол маған Испаниядағы барлық провинцияны аралап, сұлулығы жөнінен өзінің айдай әлемдегі барлық әйелден асып түскенін, ал менің — аспан асты, жер үстіндегі ең ержүрек әрі шын берілген ғашық рыцарь екенімді сонда тентіреп жүрген тәмам кезбе рыцарьға мойындатуға әмір етті, осы жарлық бойынша Испанияны түгелдей дерлік аралап, қарсы сөзге келген талай рыцарьды топырақ қаптырдым. Бірақ, соның ішінде өзім айрықша мақтан тұтып, дәреже санайтыным Ламанчалық Дон Кихотты жекпе-жекте жеңгенім және өзімнің Касильдея Вандальскаям оның Дульсинеясынан әдемірек екенін мойындатқаным болды және мұнымды жер жүзіндегі рыцарь атаулының барлығын тегіс жеңіп шығумен пара-пар деп бағалаймын, өйткені олардың бәрін әлгі өзім айтып отырған Дон Кихот жеңген еді, ендеше оны мен жеңгендіктен, оның осы күнге дейін жиған атақ-даңқы мен абыройы маған ауысады, менің атыма көшеді:

Жеңіліс тапқан дәріпті болса неғұрлым,

Жеңгеннің де даңқы асар соғұрлым, —

осы себепті әлгінде өзім айтып өткен Дон Кихоттың ерліктері енді менікі есептеледі және өзімдікіне айналады.

Орман Рыцарының сөзін Дон Кихот таң-тамаша болып тыңдады, мұның бастан-аяқ өтірік екенін айтып салуға да әлденеше рет оқталды; “жалған” деген сөз тілінің ұшында тұрды, алайда анау өтірігіне біржола малтығып болсын деген оймен сабыр сақтауға барын салды, осы себепті байсалды кейіпте:

— Сіз, сеньор рыцарь, Испаниядағы және, ол аз болса, күллі әлемдегі кезбе рыцарь атаулының бәрін дерлік жеңсеңіз жеңген де шығарсыз, оған дауым жоқ, алайда Ламанчалық Дон Кихотты жеңгеніңізге күмәнім бар. Бәлкім, ол соған ұқсайтын басқа біреу шығар, бірақ, бір айта кетерлігі, оған ұқсайтындардың табылып қалуы да екіталай нәрсе, — дегенді айтты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий