Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл сынақта сіз, сеньор рыцарь, жеңімпаз атанғаныңызға ба әлде жеңіліп қалғаныңызға қарамай, әлпетімді көрерлік уақытыңыз да, мүмкіндігіңіз де болады, — деді Айна Рыцары келіспей, — ал қазір тілегіңізді орындай алмайтын жалғыз ғана себебім, бетбүркеуішті көтеріп жатуға уақыт шығындауым арқылы, өз ойымша, кербез сұлу Касильдея Вандальскаяның намысын қорлайтын секілдімін, өйткені маған керегі тек сізді мойындауға мәжбүр ету ғана боп тұр ғой, оны өзіңіз де жақсы білесіз.

— Қалай болған күнде де, — деді Дон Кихот қарсылық білдіріп, — атқа қонғанымызға дейін мен дәп сол өзіңіз жеңдім деп жүрген Дон Кихотпын ба әлде басқамын ба, соны айтып үлгеретін шығарсыз.

— Бұл сауалыңызға жауап мынадай, — деді Айна Рыцары, — өзім жеңген рыцарьдан егіздің сыңарындай аумайсыз, бірақ сиқыршылар оған қастық ойлап жүр деп өзіңіз айтпап па едіңіз, сондықтан сіздің нақ сол айыпкер екеніңізді ақи-тақи растап бере алмаймын.

— Жаңылысып тұрғаныңызға енді анық көзім жетті, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот, — алайда бұл ойыңыздан біржола айнытуым үшін аттарды әкеле қойсын, — жаратқан иеміздің, ханымымның және ақ білегімнің жәрдемімен бет-әлпетіңізді өзіңіз бетбүркеуішті көтеруге шығын ететін уақыттан да жылдамырақ көретін шығармын, ал сіз болсаңыз менің әлгі жеңіп кеттім деп жүрген Дон Кихотыңыз емес екенімді білетін боласыз.

Сол арада олар әңгімелерін үзіп аттарына қонды. Әуелі екпін алып, артынан дұшпанына қарай атойлау мақсатында Дон Кихот Росинанттың басын кері бұрды, Айна Рыцары да солай етті. Алайда Дон Кихот жиырма қадамдай да ұзап үлгермей, орта жолдан тоқтап артына қайрылған Айна Рыцары оған айқайлап:

— Ұмытпағайсыз, сеньор рыцарь, жекпе-жегіміздің шарты бойынша жеңілген адам, тағы да қайталап айтам, жеңген адамның ырқына көнеді, — деді.

— Білем, — деп қуаттады оны Дон Кихот, — алайда, мына ескертпе есте болуға тиіс: жеңілген адамға рыцарьлық жарғыға қиғаш келетін талап та қойылмауы керек, бұйрық та берілмеуі керек.

— Әлбетте, — деді Айна Рыцары.

Сол арада Дон Кихот әлгі атқосшының адам айтқысыз алапат тұмсығына көңіл аударып, оған Санчодан артық болмаса кем таңырқанған жоқ, тіпті бұл атқосшыны әлденендей бір құбыжыққа, адамзат баласының жер бетінде бұрын кездеспеген басқа бір нәсіліне балады. Қожайыны қарқын алуға ниеттенгенін көрген Санчоның тұмсықтымен бірге қалғысы келмеді: анау қолағаштай мұрнымен өз мұрнын бір түртсе-ақ екеуінің арасындағы барлық шайқас сонымен тәмам болатынын ойлап құты қашқан, өйткені соққының уыттылығынан жә болмаса үрейден тырапай асып тынары анық еді, — осы себепті, Росинанттың үзеңгісіне жармасқан күйі мырзасына еріп кетті; сөйтіп, өз жобалауынша, оның кері бұрылатын кезі таяған шақта, былай деп үн қатты:

— Рақымшылық етіңізші, мархабатты мырзам, жаумен әлі ұстаспай тұрғаныңызда мына еменге шығып алуыма септесіп жіберіңізші, — әне бір рыцарь мен араңызда қазір басталатын қиян-кескі айқасты жерде тұрып қарағаннан сол арадан бақылағаным әлдеқайда жайлырақ.

— Меніңше, Санчо, — деп наразылық білдірді Дон Кихот, — биіктеу жерге жайғасқандағы ойың бұқалардың шайқасын қандай да бір қатерден аулақта отырып қызықтау ғой.

— Шынымды айтсам, мына атқосшының алапат тұмсығы есімді шығарып, тұла бойымды қалтыратып жіберді, онымен оңаша қалудан қорқып тұрмын, — деп ағынан жарылды Санчо.

— Мұрыны шынында да жан шошырлық, егер басқа адам болсам менің де үрейленіп қалуым ықтимал еді, — деді Дон Кихот, — Ал, шық енді ағашыңа, демеп жіберейін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий