Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Идальгоның өмір салты мен уақытын қалай өткізіп жатқаны жайындағы әңгімесін Санчо аузын ашып, көзін жұмып есі кете тыңдады, сосын бұл ізгілікті де әулиелік өмір және мұндай өмір кешіп жүрген адам шын мәнінде де ғажайып қасиет иесі, деген байлам жасап, есегінен секіріп түсті де, салт аттының оң жақ үзеңгісінен ұстай алып, жыламсыраған қалпы ерекше сүйсініспен аяғынан әлденеше рет сүйіп-сүйіп алды, мұны көрген идальго былай деп дауыстап жіберді:

— О не қылғаның, қадірмендім? Неге сүйіп жатырсың?

— Сүюіме бөгет жасамаңыз, — деп жауап қатты Санчо, — себебі, тақсыр, әулие адамды, оның үстіне, салт атты әулиені, өмірімде тұңғыш рет көріп тұрмын.

— Мен әулие емеспін, — деді идальго келіспей, — мен керемет күнәкар жанмын, ал сенің, бауырым, ақ жүректігіңнен байқалып тұрғанындай, жақсы адам екеніңде күмән жоқ.

Санчо есегіне қайта мінді, оның әлгі қылығы мырзасының қасіретті көңіл қойнауынан күлкі туындатты, ал дон Дьегоны тағы да таңырқануға мәжбүр етті. Дон Кихот серігінен қанша баласы барын сұрады және сол бойда шын құдайдың кім екенін әлі біле қоймаған ежелгі философтар табиғат тартуы мен Фортуна тартуын, сондай-ақ адамда жақсы дос пен жақсы баланың көп болуын ең ұлы ізгілік деп бағалағанын құлаққағыс етіп қойды.

— Менің, сеньор Дон Кихот, бір-ақ балам бар, — деп жауап қатты идальго, — алайда ондай бала менде болмаса, өзімді бұдан да гөрі бақыттырақ сезінер едім, мұның себебі оның жамандығында да емес, мұның себебі оның өзім ойлағандай онша жақсы болмай тұрғанында. Жасы он сегізде, алты жылын Саламанкада өткізіп, латын және грек тілдерін үйренді. Сөйтіп, енді оның басқа да ғылымдармен шұғылданатын мезгілі жетті ғой деп ұйғарған кезімде, поэзия ғылымымен (егер мұны ғылым деп атауға болса) айналысуға басы-бүтін беріліп кеткені және өзім айрықша армандаған құқықтануға да, күллі ғылымның көкесі — теологияға да өмірін арнауға еш ықыласы жоқтығы белгілі болды. Ол біздің тұқымның бетке ұстарына айналатын шығар деп армандағам, өйткені бүгінгі күні әміршілер ізгі ниетті және жалпыға пайдалы ғалымдыққа мол сый-сияпат жасайды, ал ізгі ниеттен ада ғалымдық та бір, малдың боғында жатқан інжу де бір. Менің баламның құдайдың құтты күні айналысатын ісі: Гомердің Илиадасындағы мына бір өлең жолы тәуір ме әлде нашар ма, Марциалдың бәлен деген эпиграммасы әдепті ме әлде әдепсіз бе, Вергилийдің бәлен деген, түген деген өлеңін олай түсіну керек пе әлде былай түсіну керек пе — міне, осының түбіне жету ғана. Бір сөзбен айтқанда, жаңағы атаған ақындарымның, сондай-ақ Горацийдің, Персийдің, Ювенал мен Тибуллдің туындыларынан басқа ешкіммен тілдеспейді, қазіргі испан ақындарын онша көп ұнатпайды, алайда испан поэзиясымен қаншалықты аз айналысқанымен, қазір ол өзіне Саламанкадан жіберілген төрт жолдық шумаққа глосса құрастырумен басын қатырып жүр, — шамасы, бұл әдеби сайыс үшін қажет дүние болса керек.

Бұған Дон Кихот былай деп жауап қатты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий