Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихоттың пайымдаулары жасыл плащты салт аттыны қайран қалдырғаны сонша, оның ақыл-ой қабілеті жайында қазір мүлдем басқа пікірде болатын. Бұл әңгіме өзін онша көп қызықтырмаған Санчо осы аралықта жолдан шығып әрменіректе қой сауып жатқан бақташылардан сүт сұрамаққа бұрылған, ал Дон Кихоттың парасат-пайымы мен орынды ой-пікіріне тәнті болған идальго әңгімені әрмен жалғауға оқталған, бірақ Дон Кихот кенет басын жоғары көтеріп, алға қарай көз тікті де, жол бойымен өздеріне қарай беттеп келе жатқан, король туларымен безендірілген арбаны көріп қалды, сөйтті де мұны әлденендей бір жаңа шытырман оқиғаға жорып, Санчодан дулығасын сұрап айқайға басты. Аталмыш Санчо өзін шақырып жатқанын естіп, бақташыларды тастай салды да, сұр жорғасын тебініп сол сәтте-ақ мырзасының қасына келіп жетті, ал мырзасы адам айтса сенгісіз бір сұмдық шытырман оқиғаға кез болған-ды.

ХҮІІ тарау

Бұдан Дон Кихоттың құлақ естіп, көз көрмеген батылдығы қандай шекке жете алатындығы мен жеткені көрініс береді, сондай-ақ мұнда арыстандармен арадағы Дон Кихот ақыры ойдағыдай аяқтап шыққан шытырман оқиға жайында әңгімеленеді.

Хикаяда айтылғанындай, Дон Кихот дулығамды әкел деп Санчоға айқайлап жатқан шақта Санчоның бақташылардан сүзбе сатып алып жатқан; мырзасының дігірлеп екі аяғын бір етікке тыққанынан қатты сасқан ол сүзбесін қайда қоярын, не нәрсеге салып апарарын білмей қалды; тастап кетуге көзі қимады, өйткені ақшасы төленіп те қойған, осы жағдайға байланысты ол сүзбені дулығаның ішіне сала салғанды жөн көрді; не қажет боп қалғанын білмекке Дон Кихотқа қарай бет алған кезінде ол оған осындай сыйлық әкеле жатқан, ал анау жақындап келе берген бұған былай деді:

— Достым! Дулығамды бере ғой, — не менің шытырман оқиға дегеннен түк түсінігім жоқ, не әне бір көзге шалынған нәрсе қолыма қару алуға мәжбүр етуге тиіс және мәжбүр ете де бастаған керемет бір шытырман оқиға.

Бұл сөзді естіген жасыл плащты салт атты жан-жағына қаранды, бірақ қарсы келе жатқан, бірнеше шағын ту тігілген арбадан басқа ештеңені көре алмады; аталмыш шағын тулар оны арбамен ұлы мәртебелі ағзамның қазынасын әкеле жатыр-ау деген ойға жетеледі және Дон Кихотқа осылай деп айтты да; Дон Кихот, алайда, оған сенген жоқ, өйткені өзіне ұшырасатын кептің бәрі шытырман оқиға, тек қана шытырман оқиға боп табылады деп білетін және бұл пікірінен еш айнымайтын, сондықтан әлгі идальгоға былай деп жауап берді:

— Кімде кім ұрысқа сақадай сай болса, сол жауын жартылай жеңіп те қояды. Дайын боп тұрғаннан ештеңе ұтылмаймын: көзге көрінетін де, көрінбейтін де жауларым бар екенін өз тәжірибемнен жақсы білем, алайда олардың қашан, қай жерде, қай уақытта және қандай кеспірде тап беретіні маған беймәлім.

Одан соң Санчоға қарап тіл қатып, дулығасын беруін талап етті, бірақ анау сүзбені шығарып алуға үлгермей қалды да, дулығаны сол күйінде бере салуға мәжбүр болды. Дон Кихот дулығаны алып, ішінде бірдеңе жатыр-ау деп ойламастан, жып еткізіп басына кие қойды; ал сүзбе басылып әрі сығымдалып үлгергендіктен сарысуы Дон Кихоттың беті мен сақалын түгел жуып кетті, бұл Дон Кихотты жаман шошытып, былай деді:

— Бұл немене өзі, Санчо? Әлде бас сүйегім жидіп кетті ме, әлде миым еріп кетті ме, әлде қара суға түсіп терлеп кеттім бе, білмеймін. Ал енді шыныммен-ақ терлеп кетсем, онда бұл, әрине, үрейге бой алдырғандықтан емес, солай десем де, өзімді күтіп тұрған шытырман оқиғаның жан түршігерлік екенінде еш күмәнім жоқ. Бетімді сүртетін бірдеңе берші, — тердің шүмектеп ағып тұрғаны сонша, дым ештеңе көрсетер емес.

Мырзасының пәленің қайдан келгенін түсінбей қалғаны үшін құдайға іштей алғыс жаудырған Санчо оған орамал ұсынды. Дон Кихот сүртініп, басы неліктен салқын тартқанын білу үшін дулығасын шешіп алды, одан соң дулыға ішіндегі ақшылтым ботқаны көрген бойда мұрнына тақап иіскеледі де:

— Сеньора Дульсинея Тобосскаяның өмірімен ант етейін, сүзбені мұнда салып қойған сен ғой сатқын, алаяқ әрі көргенсіз атқосшы, — деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий