Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Автордың жоғарыда келтірілген күпсінуі осымен тәмамдалады, сөйтіп хикаяның үзілуге шақ қалған жібін қайта жалғап, әңгімесін әрмен жалғастырады: Дон Кихоттың дайын тұрғанын және қыңыр да қиямпұрыс кавальероның қатты ашуынан зардап шеккісі келмесе арыстанды босатып жіберуден басқа амалы жоқтығын көрген күзетші бірінші тордың есігін айқара ашып жіберді, ал онда, қайталап айтамыз, енді ғана аян болғанындай, шынымен аса ірі — таңғаларлық әрі жан шошырлық арыстан жатыр еді. Арыстан әуелі тордың ішкі жағына қарай басын бұрды, одан соң аяғын созып жіберіп, көсіле бір керілді, сосын аузын аңқита ашып рақаттана есінеп алды да, ұзындығы қос сүйемдей боп қалатын тілімен көзінің былшығын тазартып, тұмсығын жаланды; бұдан кейін тордан басын шығарып, шоқтай жанған көзімен айнала-маңды шолды; бұл кездегі оның түр-тұрпаты мен қимыл-қозғалысы батырлардың батырының да иманын ұшырарлықтай еді. Дон Кихот, алайда, оған қас қақпай қарап тұрды, — ол арыстанның арбадан секіріп түсіп өзімен қоян-қолтық ұрыс бастайтын шағын, оны пәрша-пәрша ғып кескілеп тастайтын кезді шыдамсыздана тосып тұр еді.

Оның бұрын-соңды ешкім естімеген нақұрыстығының жеткен жерін көрмеймісіз. Алайда содырлығынан сыпайылығы басым текті арыстан, әлгінде айтылғандай, айнала-төңіректі бір шолып өтті де, Дон Кихоттың балаға тән шалалығы мен батылдығына зәредей мән бермеген күйі теріс айналды, сөйтіп Дон Кихотқа артын берген қалпы аса бір ұстамдылықпен және аспай-саспай тор ішіне қайтадан ұзынынан сұлап жата кетті; сол арада Дон Кихот өшіктіріп, тордан айдап шығу үшін күзетшіге арыстанды ұруға әмір етті.

— Жоқ, мен оны ұра алмаймын, — деп қарсылық білдірді күзетші, — егер оны өшіктірсем, ол ең алдымен өзімнің түте-түтемді шығарады. Сіз, сеньор кавальеро, осы істегендеріңізді қанағат тұтыңыз, өйткені көзсіз батыр екеніңізді көрсету үшін бұдан артықтың керегі де жоқ, ал тағдырды екі мәрте талқыға салуға болмайды. Арыстан торындағы есік ашық тұр: шыға ма, шықпай ма — ерік өзінде, бірақ егер әліге дейін шықпаса, ондашы кешке дейін шықпайтын болғаны. Рухыңыздың мықтылығын дәлелдеп те үлгердіңіз, — ең жүректі деген сайыскердің өзіне қойылар талап, өз түсінігімше, дұшпанын жекпе-жекке шақыру және оның айқас алаңына келуін күту ғана, егер қастасқан адамы келмей қойса, онда соның абыройы төгіледі, жеңістің гүлтәжі оны күтіп тұрған адамға беріледі.

— Дұрыс айтасың, — деді Дон Кихот. — Жаба сал, туысқан, есікті, сосын осы арада, көз алдыңда болған жайлардың бәріне ағыңнан жарылып куәлік ет, атап айтқанда: арыстанға есікті қалай ашқаныңды, оны менің қалай күткенімді, ал оның шықпай қойғанын, менің оны тағы да қалай күтіп тұрғанымды, ал оның тағы да шықпай қойғанын және жатып қалғанын, бәрін айт. Менің парызым орындалды, жоғалыңдар, арбаушылық айла-амалдар, ақыл-ойға, ақиқатқа және шынайы рыцарьлыққа жаратқан иеміздің өзі жар болсын; ал сен, қайталап айтам, торды жап, ал сол аралықта мен ерлігім жайлы өз аузыңнан естуі үшін қашып кеткендер мен қатыспай қалғандарды белгі беріп шақырайын.

Күзетші оның айтқанын бұлжытпай орындады, ал Дон Кихот сүзбе жаңбырынан кейін бетін сүрткен орамалын найзаның ұшына іліп қашқындарды шақыруға кірісті, ал олар болса, идальгоның бастауымен әліге дейін құйғыта шауып, деміл-деміл арт жақтарына жалтақтай қарап бара жатқан болатын; Дон Кихоттың ақ орамал бұлғап тұрғанын көріп қалған Санчо:

— Қожайыным ана жабайы аңдарды жайратып салмаса — атым өшсін, өйткені ол бізді шақырып жатыр ғой, — деді.

Бәрі тоқтап, белгі беріп тұрған басқа ешкім емес, Дон Кихоттың тап өзі екеніне көз жеткізді; соны көріп көңілі сабасына түскен олар ақырын аяңмен кейін қайтты, ұзамай Дон Кихоттың өздерін шақырған айқайы анық естіле бастады. Ақыр соңында олар арбаға таяп келді, сол кезде Дон Кихот арбакешке былай деді:

— Жек қашырларыңды, бауырым, сосын аттана бер; ал сен, Санчо, оған екі алтын теңге бер, біреуін — өзі, екіншісін — күзетші алсын, жолдан қалдырғанымның өтемі болсын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий