Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Қуана-қуана берем ғой оны бұларға, — деді Санчо, — бірақ ана арыстандар қайтті? Тірі ме олар әлде өлі ме?

Сол арада күзетші айқастың қалай аяқталғанын бүге-шігесін қалдырмай және мейлінше мәнерлеп айтып берді, Дон Кихоттың ерен ерлігін шама-шарқы жеткенше әсірелеп бақты: оған көзі түскен бетте-ақ арыстанның мысы басылып қалғанын, сөйтіп, есігі ұзақ уақыт ашық тұрғанына қарамай, тордан шықпағанын және шығуға тәуекел етпей қойғанын, тек өзінің, күзетшінің, мына кавальероға арыстанды өшіктіріп, тордан күштеп шығару, — ал кавальероның арыстанды өшіктіруге көңілі кетті емес пе, — құдайдың шыдамына шәк келтіру болады деген сөзінен кейін ғана оның амалы таусылып, лажсыздан тордың аузын жабуға рұқсат еткенін баяндап берді.

— Ал сен не айтасың бұған, Санчо? — деп сұрады Дон Кихот. — Нағыз қаһармандыққа қарсы тұра алатын қандай сиқыршылық бар? Сиқыршылар мені сәтсіздікке ұшыратса ұшыратар, бірақ табандылығым мен батылдығыма билік жүргізе алмайды.

Санчо ақшаны берді, арбакеш қашырларын жекті, ал күзетші жасаған жақсылығы үшін Дон Кихотты қолынан сүйді және осынау керемет ерлік жайында астанаға барған соң корольдің өзіне айтып беруге уәде етті.

— Әгәрәки ұлы мәртебелі ағзам бұл ерлікті кім жасады деп сұраса, Арыстан Рыцары деп айтарсыз, өйткені бұрынғы Қайғылы Бейне Рыцары дейтін лақап атымды осылай ауыстырғанды, өзгерткенді, алмастырғанды, жаңартқанды қалап тұрмын, бұл жерде мен кезбе рыцарьлардың көңілі соққанда жә болмаса осылай етуге өзінен-өзі сұранғанда басқа есім алатын ежелгі дәстүрін ұстанып тұрмын.

Арба өз жолымен, ал Дон Кихот, Санчо мен жасыл плащты салт атты өз жолымен сапарын жалғады.

Осы уақыт ішінде Дьего де Миранда жұмған аузын ашқан жоқ, ол тек ықылас қоя тыңдаумен ғана және Дон Кихоттың нендей әрекет жасап, не жөнінде айтып жатқанын қадағалаумен ғана болды, мұның бәрі оған есуастың есті ісіндей немесе естілікке айнала бастаған есуастықтай боп көрінді. Дон Кихот хикаясының бірінші бөлімі оның қолына әлі түспеген; оны оқыса Дон Кихоттың сөзі мен іс-әрекетіне таңырқанғанды қояр еді — өйткені, Дон Кихоттың ақыл-есті жоғалтудың қандай түріне шалдыққанын білер еді, бірақ ол бұдан бейхабар-тұғын, осы ахуалға байланысты ол мұны біресе дені сау адамға, біресе нақұрысқа балаумен болды, себебі Дон Кихот қисынды, шешен және көкейге қонатындай етіп сөйлейтін, ал іс-әрекеті бұған керісінше: ерсі, келіссіз және парықсыз еді. Осыған қарап идальго өз-өзімен былай деп сөйлесіп кетті: “Ішінде сүзбесі бар дулығаны басына киіп алып, көз байлаушылар миымды ерітіп жіберді деп бағамдау — есуастықтың ең асқынған түрі емей немене? Одан соң, қайткен күнде де арыстандармен айқаспай қоймаймын деп құлшынудан асқан есалаңдық бола ма?” Дон Кихот оның ой-толғамы мен өзімен өзі жүргізген сұқбатын бөліп жіберді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий