Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл өз құрамына дүниедегі ғылым атаулының барлығын немесе барлығын дерлік жинақтаған ғылым, — деді Дон Кихот. — Онымен айналысатын адам заң маманы болуы қажет және әркім өзіне тиісті мен тиесіліге ие болуы үшін дистрибутивті құқ пен коммутативті құқтың негіздерін меңгеруі керек; өзі тұтынатын христиан дінінің мән-маңызы неде екенін қонымды да ұғынықты түсіндіріп беруі үшін дін маманы болуы қажет; ол дәрігер болуға тиіс, әсіресе шөл далалар мен елсіз жерлерде жарақатты емдеуге жарамды шөптерді табуы үшін өсімдіктер жайын жақсы білуі шарт, өйткені кезбе рыцарь сәт сайын тәуіп іздеп жүре алмайды ғой; дәл қазір түннің қай мезгілі болғанын, өзінің әлемнің қай бөлігінде және қай елде жүргенін жұлдыздар бойынша анықтап білуі үшін ол астролог болуға міндетті; сондай-ақ, ол математик болуға тиіс, себебі математикаға мұқтаждық аяқ асты қажет боп қалуы ықтимал. Ал, оның діни ілімдік және кардиналдық барлық ізгі қасиеттерді бойына сіңіруі қажеттігі жөнінде айтып жатудың өзі артық; осы арада ұсақ-түйек жайларға ойыса келе айтарым: ол жұрт аңыз ететін Николас, немесе, басқаша атасақ, Николао-балық жүзгендей жүзе білуге, ат тағалап, ер мен жүген жөндей білуге міндетті. Енді биік мақсаттар тақырыбына қайта оралайық. Ол құдайға имандай сенуге және ханымына адал болуға тиіс, сондай-ақ пиғыл-ниеті таза, сөзі сыпайы, іс-әрекеті ізгі, ерлік істе өжет, еңбекте төзімтал, қаріп-қасерге жанашыр болғаны жөн және, ақыр соңында, тіпті ажал табуына тура келсе де, ақиқат үшін алысуға міндетті. Ізгі ниетті кезбе рыцарь осындай үлкенді-кішілі ерекшеліктер қосындысынан құралады; міне, сеньор дон Лоренсо, рыцарь зерттейтін және айналысатын ғылымның соншалықты татымсыз нәрсе еместігін, сондай-ақ оны орта және жоғары оқу орындарында оқытылатын ең күрделі деген ғылымдармен қатар қоюға болатын-болмайтынын енді өзіңіз де бажайлаған шығарсыз.

— Егер осының бәрі рас болса, онда мұны барлық басқа ғылымнан артық деп санаймын, — деді дон Лоренсо.

— “Осының бәрі рас болса” дегенді қалай түсінеміз? — деп сұрады Дон Кихот.

— Айтайын дегенім, — деп жауап қатты дон Лоренсо, — қазіргі кезде осынша ізгі қасиеттер иесі боп табылатын кезбе рыцарьлардың бар екеніне де немесе бұрын-соңды болғанына да онша сеніңкіремеймін.

— Қазір сізді бұрын талай мәрте айтуыма тура келген жайдан хабардар етейін, — деп мәлімдеді Дон Кихот, — анығырақ айтқанда, былай: жұрттың көбісі кезбе рыцарьлар өмірде болмаған дейтін пікірді ұстанады, ал мен болсам, мынадай ойдамын: көктегі құдірет әлдебір ғажайыптың көмегімен кезбе рыцарьлардың өмірде шын мәнінде болғанын және бар екенін дәлелдеп бермейінше, оларды әлгі пікірінен айныту бос әурешілік, бұған өзім іс жүзінде талай-талай көз жеткіздім, сондықтан сізді басқа да көптеген адаммен бірге өзіңіз де ұшырап отырған осынау адасушылықтан арылтуға қазір уақыт жіберіп жатпаймын. Діттеп тұрған жалғыз ғана нәрсем — сізді бұл теріс жолдан тайдырып, өткен замандардағы кезбе рыцарьлардың жер-дүниеге қаншалықты жақсылық жасағанына және қаншалықты қажет болғанына, сол сияқты, егер әрекет үстінде жүрсе, олардың қазір де қаншалықты пайда әкелеріне, — бүгінгі күні күнәкарлықтың қарымтасы ретінде жалқаулық, қызық қуумен уақыт өткізушілік, нәуетектік пен мешкейлік салтанат құрып отырғаны рас қой, — иландырса екен деп жаратқан иемізден жалбарыну ғана,

“Міне, қонағымыздың өзін-өзі ұстап берген жері осы, — деп ойлады дон Лоренсо, — алайда, соған қарамастан, бұл ізгі жүректі есуастық қой, сондықтан басқадай тұжырымға келуім нағыз ақымақтық боп шығар еді”.

Оларды асқа шақырғандықтан әңгімелері осымен тәмам болды. Дон Дьего баласынан қонақтың ақыл-ой қабілетіне қатысты бірдеңе анықтай алған-алмағанын сұрады. Баласы оған былай деп жауап қатты:

— Есуастығының шытырманға айналып кеткені сонша, жер бетіндегі емші мен білімпаз біткеннің бәрі жабылып келсе де қонағымызды одан сауықтыра алмайды: бұл ақыл-ой шымылдығы деміл-деміл айқара ашылып кететін есуастық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий