Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сеньор дон Лоренсо, сізді өзіммен бірге ала кетіп, момындарға қалай мейірім көрсетуді, содырлардың қалай сорын қайнатып, тәубасына келтіруді, яғни өзім таңдап алған жолыма тікелей қатысы бар түрлі ізгілікті іс тындыруды үйретуге деген ынтызарлығым бір құдай ғана аян, алайда бұған жастығыңыз бөгет болатындықтан және құрмет тұтуға лайық өнеріңіз тоқтау салатындықтан сізге тек кеңес беруді ғана қанағат етем: егер өз пікіріңізден гөрі басқа біреудің пікіріне көбірек құлақ ассаңыз ақын ретіндегі даңқыңыз дүрілдеп кететін болады, өйткені іштен шыққан баласын керемет көрікті санамайтын ата-ана жоқ, ал балаға келгенде түсінік-ұғымымыз бізді одан да жиі жаңылдырып кетеді.

Дон Кихоттың бірде қисынды, бірде қисынсыз шығатын шым-шытырық шатты-бұтты сөзіне, сондай-ақ арман-ойының ең асылы және ақырғы шегі боп табылатын шытырман оқиғалары ұшырататын шатақтарға қандай қыңырлықпен және қайсарлықпен ештеңеге қарамастан екілене ұмтылатынына әкесі мен баласы тағы да қайран болысты. Адалдықтарын тағы бір мәрте мәлім етіп, тағы бір мәрте сыпайыгершілік сөз алмасудан кейін, қамал-сарай қожасы зайыбының мархабатты ырзашылығымен Дон Кихот Росинантқа, Санчо Панса есегіне отырып жолға шықты.

ХІХ тарау

Мұнда ғашықтық дертіне шалдыққан бақташы тап болған шытырман оқиға жайында және басқа да шын мәніндегі қызықты жағдаяттар жөнінде айтылады Дон Дьегоның қожалығынан онша алыс ұзап кете қоймаған Дон Кихотқа киген киімдеріне қарап діни қызметшілер ме әлде студенттер ме деп ойлап қалуға болатын екі адам жолықты, олардың қасында екі шаруа бар еді; төртеуі де есек тұқымдас жануарларға салт мініпті. Студенттердің бірі, ә дегеннен байқауға болатынындай, жол қапшығы орнына жүрген жасыл кенеп матаға екі пар жүн шұлықпен бірге оралған, шұғамен тысталған әлдебір ақшылтым нәрсені алып келе жатыр еді; екінші студентте ұшында қайыс қаптамасы бар су жаңа екі жаттығу рапирасынан басқа ештеңе жоқ-ты. Ал, шаруалардың бір үлкен селода болғанын, сол жерде сауда жасап, енді үйлеріне қайтып келе жатқанын білдіретін және соны айқын аңғартатын әртүрлі заттары бар-тын. Міне, осы студенттер, олармен бірге шаруалар да, Дон Кихотты көріп таңырқанысып қалды, — мұнымен алғаш кездескендердің бәрі де осылай таңырқанысатын, — сөйтіп, олар басқа адамдарға мүлдем ұқсамайтын бұл неғылған кісі екенін білмекке ынтығып қалды. Дон Кихот олармен сәлемдесті, сосын бұлардың өзі жол шегіп бара жатқан жаққа бет алғанын біліп, бірге жүруге ұсыныс жасады, мәшілерін жай бастыруды өтініп, атының ілесе алмай келе жатқанын айтты; оған қоса, сыпайыгершілік танытып, оларға өзінің кім екенін, тағдырының таңдауы мен айналысатын кәсібінің жайын бір-екі ауыз сөзбен түсіндіріп берді — яғни, дүниенің төрт бұрышынан шытырман оқиға іздейтін кезбе рыцарь екенін мәлім етті. Сонымен бірге, шын аты — Ламанчалық Дон Кихот екенін, ал лақап есімі — Арыстан Рыцары екенін де хабарлады. Шаруалар бұл өздерімен бейне грек тілінде жә болмаса шүршіт тілінде сөйлесіп тұрғандай, әңгімеге бейжай қалды, алайда студенттер өйткен жоқ, себебі Дон Кихоттың есі кем екенін бірден аңғара қойған-ды; солай бола тұрғанымен, олар оған ізеттілікпен таңырқай қарады, ал біреуі оған былай деді:

— Сеньор рыцарь, егер шытырман оқиға іздеушілер дәстүріне сай, әлде бір жерге барып жетуді мұрат тұтпайтын болсаңыз, бізбен бірге жүріңіз: керемет көңілді әрі сән-салтанаты да ғажап үйлену тойын көресіз, ондай той Ламанчада да, күллі осы өңірімізде де бұрын-соңды болып көрген жоқ.

Дон Кихот студенттің соншалықты әспеттеуіне қарап мұны әлдебір ықпалды князьдің тойы емес пе екен деп қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий