Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соны айтып Росинанттан түскен ол найзасын қолына ұстап, жолдың қақ ортасына барып тұрды, ал бұл кезде ештеңеден қаймықпайтын кейіптегі лиценциат қадамын нық басып Корчуэлоға қарай беттеп бара жатты, Корчуэло да, жанарынан от ұшқындап дегендей, оған қарсы жүрді. Оларға еріп келе жатқан екі шаруа мәшілерінде отырған күйі осынау жан түршігерлік оқиғаның тілсіз көрерменіне айналды. Корчуэло тікелей де, қиғаштай да, қос қолмен де түйреп, шабумен болды, — үсті-үстіне берген соққылары ұялы арадай маза кетіріп, бұршақтай жауды. Ол аласұрған арыстандай шабуылдады, бірақ әрдайым дерлік лиценциат рапирасының қайыс қаптамалы ұшымен ұшырасып, жауынгерлік рухын жасытып алумен болды және, бейне бір киелі орынға құлдық ұрғандай, бүктетіліп қалып тұрды, әйтсе де оның бұл әрекеті киелі орынға көрсетілуге тиіс және дәйім көрсетілетін ыстық ықыласты құрметке онша көп ұқсаңқырамайтын. Тоқ етерін айтқанда, лиценциат рапирасының ұшымен бакалаврдың шолақ сутанының барлық ілгегін санамалап үзіп берді және етегін пәрша-пәрша қылды; сондай-ақ, қалпағын да екі мәрте домалатып жіберді, сөйтіп оны әбден күйіндіргені сонша, ақыр соңында терісіне сыймай долданып, ызаға булыққан бакалавр рапирасын тұтқасынан ұстап алды да, бар күшімен далаға лақтырып жіберді; қатты лақтырғаны сондай, сол жерде тұрған, кәсібі бойынша хатшы боп табылатын шаруаның бірі кейін аталмыш рапираның мильдің төрттен үш ширегіндей қашықтыққа барып түскеніне куәлік етті — ал бұл қара күштен әдісқойлық артық екендігі жайлы қағиданың шүбәсіздігі мен күмәнсіздігін көрсетіп берген еді.

Діңкесі құрыған Корчуэло жерге отыра кетті, Санчо оның қасына жақындап, былай деді:

— Шын айтам, жарқыным сеньор бакалавр, ақылыма құлақ қойыңыз: болашақта ешқашан рапирамен сайысқа шақырмаңыз, одан да белдесуге немесе барра лақтыруға шақырыңыз: бұл жасыңызға да, әлеуетіңізге де лайық, ал анау, қалай аталушы еді, сайысперілер деуші ме еді, естуімше, олар семсердің ұшын иненің көзінен өткізеді деседі.

— Жынымды қағып, шындықтан қаншалықты алшақ жүргенімді дәлелдеп бергеніне дән ризамын, — деп мәлім етті Корчуэло.

Осы сөзді айтып, орнынан тұрған ол лиценциатты құшағына алды, сөйтіп екеуінің достығы бұрынғыдан бетер арта түсті, олар тіпті рапираны әкелуге кеткен хатшыны да күтіп жатпады: бұл өздерін біраз күттіріп қояр деп қорықты, осыған байланысты Китерияның селосына ертерек жетіп алу үшін кідірмей жүріп кеткен жөн деп шешті — бұлардың бәрі де сол селодан еді.

Жол бойы лиценциат рапирамен сайыстың артықшылықтары жайында әңгімелеумен болды және толып жатқан салмақты дәлел, нақтылы мысал мен математикалық дәлдіктегі дәлелдемелер келтіргені сонша, мұның қандай үлкен өнер екеніне бәрі түгел иланды, сағы сынған Корчуэло қыңқ ете алмады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий