Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қараңғы түсе бастаған; алайда жақындап келген оларға село үстінде мың сан жұлдыз жанып тұрғандай көрінді. Сонымен қабат, мүйіз сырнай, тамбурин, гусли, сыбызғы, дабыл мен сылдырмақ секілді түрлі музыкалық аспаптың естілер-естілмес бәсең үні құлаққа шалынып тұрды, ал одан да жақынырақ келген олар селоның кіре берісіне орнатылған ағаш шатырдың өне бойына кішкене шамдардың ілінгенін көрді және бұларды жел үрлеп өшірер деген қауіп те жоқ-ты, өйткені оның лүп еткен лебінен ағаш жапырағы да қозғалмай тұрған. Музыканттар тойға келген қонақтардың көңілін көтеріп жатты, қонақтар болса, осынау көз жауын алатын көк шалғында әр жер, әр жерде топтанып тұр еді: бірі би билеп, екіншілері ән салып, үшіншілері жоғарыда аталған қилы аспаптарда ойнап жатқан. Осынау көк шалғанда Қуаныштың өзі ойнақ сап, Шаттықтың өзі шапқылап жүргендей көрінетін. Камачо байдың үйлену салтанаты мен Басильоны жерлеу рәсіміне арнайы әзірленген, осы арада өтуге тиіс ойын-сауықты қонақтардың ертең еркін отырып тамашалауы үшін біраз адам тақтайдан тұғыр орнатып жатты. Шаруа мен бакалаврдың қанша өтінгеніне қарамастан Дон Кихот селоға кіруден бас тартты: кезбе рыцарьлардың тіпті шаңырағына алтын жалатқан баспана берілсе де, елді мекендерде емес, жазық дала мен тоғайларда түнеу дәстүрі, оның ойынша, бұған әбден жеткілікті негіз болатын; осы мақсатпен ол жолдан бұрылып кетті: бұған қамал-сарайда, яғни дон Дьегоның үйінде, өзіне көрсетілген меймандостықты әлі ұмыта қоймаған Санчо қатты қынжылды.

ХХ тарау

Мұнда Камачо Байдың үйлену тойы мен Басильо Кедейдің басында болған жағдай жөнінде баяндалады.

Аққұба өңді Аврора17 жалын атқан Фебтің18 оттай ыстық сәулесімен алтын түсті бұйра шашындағы дымқыл моншақтарды құрғатуына енді ғана ыңғай білдірген шақта Дон Кихот та оянып, денесінің құрыс-тырысын жазып алған бойда орнынан атып тұрып, қорылдап ұйқы соғып жатқан атқосшысы Санчоға айқайлап дыбыс берді; Санчоның қатты ұйқыда жатқанын көрген Дон Кихот оны оятпас бұрын былай деп сөйлеп кетті:

— Беу, сен, аспан асты, жер үстінде ғұмыр кешіп жүрген жандардың ішіндегі ең бақытты пенде, сен шыныңмен-ақ бақыттысың, өйткені сен ешкімге іштарлық білдірмей, ешкімнен іштарлық көрмей, сиқыршы қысымына ұшырамай, бал ашудан болатын әбігерге басыңды қатырмай тып-тыныш қана ұйқы құшағында жатырсың! Ендеше, ұйқтай бер деймін саған және мұны жүз қайталап айтуға бармын, себебі сені сүйгенің жайлы ой кешкенде өрбитін қызғаныш азабы мәңгі сергек болуға мәжбүр етпейді, сондай-ақ қарызыңды қалай қайтаратының, ертең не ішіп-жейтінің және қырсық шалған шағын отбасыңды қалай тамақтандыратының жайындағы ой да ұйқыңды қашырмайды. Атаққұмарлық сені мазаламайды, тұрмыстағы әурешілік сені шаршатпайды, өйткені бар тілегің есегіңе қам жасаудан әріге бармайды, ал өз басыңа қам жасауды менің мойныма артып қойдың: рас, тепе-теңдікті сақтау үшін бұл ауыртпалықты мырзаларға жүктеу жағын жаратылыстың өзі салт-дәстүрмен бірлесе отырып орайластырған ғой. Малайы ұйықтап жатыр, ал мырзасы сергек және малайын қалай асыраудың, жағдайын қалай жеңілдетудің, қандай сыйлық берудің жайын ойлайды. Аспанның бедірейіп тұрғанын, жерге шарапатты тамшысын тамызбайтынын көргенде малайы емес, мырзасы уайымға батады, өйткені астық бітік шыққан тоқтық жылы қызмет еткен жанды ол астық шықпай қалған аштық жылы да асырауға міндетті.

Санчо бұған ешқандай жауап қатқан жоқ, себебі ұйықтап жатқан, егер Дон Кихот найзасының ұшымен түртіп ұйқысын шайдай ашпағанда жуыр маңда ояна қоймайтыны да кәміл еді. Ақыры ол оянып, айнала-маңын ұйқылы-ояу, беймарал көзбен шолып шыққаннан кейін былай деді:

— Қателеспесем, мына шатыр жақтан нәркес пен зиреден гөрі қуырылған майдың иісі көбірек аңқып тұрған тәрізді. Егер той осындай хош иістермен басталып жатса, онда, крест ұстап тұрып айтайын, ол жерден қалағаныңның бәрін табасың, сен же - мен же, сен іш -мен іш болады.

— Жап аузыңды, жалмауыз, — деді Дон Кихот. — Одан да тойға барайық, бақытсыз Басильо қайтер екен, соны көрейік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий