Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Санчо осының бәрін көзімен ішіп-жеп, сүйсіне тамашалап, рақаттана қызықтаумен болды. Әу баста оны қазандар өзіне тартып, есін кетіре еліктірген, бір шөген сорпа құйып алуға аңсары ауған, одан соң шанаштар жүрегін баурады, ақыр соңында әдеттегідей табада емес, бүйірлі кеспектерде қуырылып жатқан қамырдан жасалған тағамдарға ынтықты. Бұдан артыққа шыдауға, басқадай амал табуға әл-дәрмені жетпеген ол ыждағаттылау көрінген бір аспаздың жанына барып, орта құрсақ, әйтсе де әдепті адамның мәнерімен қазандардың біріне нанын батырып алуға рұқсат сұрады. Аспаз оған былай деді:

— Камачо байдың арқасында аштықтың ауылы бүгінше алыстап тұр, бауырым. Есегіңнен түс те, бақыраш тауып тауықтың бір-екеуін сүзіп ал, жей бер сосын, ас болсын.

— Еш жерден бақыраш көрмей тұрмын, — деп мәлім етті Санчо.

— Енді неғылдейсің, — деді аспаз. — Сор болдың ғой сен де маған, бәлденіп-бәлсінген, ебедейсіз біреусің ғой деймін!

Соны айтып, кәстрөлді ала сап қазаннан үш тауық пен екі қазды көсіп алды да, Санчоға:

— Тойып ал, туысқан, түскі асқа дейін осы сүйек-саяқпен жүрек жалғай тұр, — деді.

— Бұларды салатын жерім жоқ, — деді Санчо.

— Ондашы, кәстрөлімен қосып ал, — деді аспаз, — Камачоның байлығы мен бақыты қандай шығынның да орнын толтырады.

Санчо осындай әңгімеге айналып жатқан кезде Дон Кихот шатыр астына келіп кірген он екі шаруаға қарап қалған: бәрі де мерекедегідей сәнді киініпті, әбзелінің көркемдігі көз тартатын, омыраулығына қыруар ұсақ қоңырау тағылған, сүліктей биелерге салт мініпті; осынау келісті топ көңілді дауыспен уласып-шуласып шалғынмен бірнеше мәрте әрлі-берлі ойқастап жүріп өтті.

— Камачо мен Китерия жасасын! — деп саңқылдады селолықтар. — Қыз қаншалықты сұлу болса, жігіт те соншалықты бай, ал қызға әлемде тең келер ешкім жоқ!

Мұны естіген Дон Кихот: “Мыналар менің Дульсинея Тобосскаямды ешқашан көрмеген деп сеніммен айтуға болады екен, өйткені, егер көрген болса, әлгі анау Китерия дегенді мақтауға келгенде шамалаған болар еді”, деп ойлады.

Арада аз уақыт өткенде шатыр астына жан-жақтан түрлі биді орындаушылар жинала бастады, солардың ішінде семсер биін орындайтын, бірінен бірі өткен, сайдың тасындай жиырма төрт жігіт ерекше көзге түсіп тұрды: бәрі де ақша қардай жұқа кенептен киім киген, түрлі түсті сапалы жібектен бас киімдері бар; салт аттылардың бірі бишілер жетекшісі боп табылатын салқам жігіттен жарақаттанып қалғандар жоқ па, деп сұрады.

— Құдайға шүкір, әзірше жарақаттанған ешкім жоқ, бәріміз де аман-саумыз.

Соны айтып, жолдастарын еліктіріп әкеткен ол неше алуан қимыл жасап, асқан ептілікпен шыр айналып билей жөнелді, мұндай билерді бұрын да талай көрген Дон Кихотқа мынау әсіресе қатты ұнады.

Сондай-ақ, оған өңкей сұлу жас қыздардың биі де ұнады, бұлардың өндірдей жас көрінетіні сондай, қай-қайсысын да кем айтқанда он төрт, артық айтқанда он сегіз жаста деуге болатын; олар жасыл шұғадан көйлек киіпті, бастарына ақжұпар, раушан, амарант, ұшқаттан гүлтәж тағыпты, шаштарының алтын түстілігі сонша, күн сәулесімен бәсекеге түсуге бардай еді және бірі бұрым етіп өрсе, екіншілері бос жіберіпті. Бұлардың жетекшілері егде жастағы қарт пен жасы ұлғайған әйел екен, әйтсе де екеуі де жинақы әрі ширақ көрінді. Қыздар самор волынкасының сүйемелдеуімен әлемнің ең тәуір бишілерінен бір де кем түспейтін өнер көрсетті және аяқтары қаншалықты жылдам ылпың қаққанымен, әлпеттері сыпайылықтан айрыла қойған жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий