Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Саспаңыз, — деді Санчо, — мен көзіңіз тірі кезде-ақ құрт-құмырсқаға жем болам, одан соң біржола мылқауға айналып, ақырзаман орнағанша немесе, аз дегенде, әйтеуір, Қорқынышты сотқа жауап бергенше бір ауыз тіл қатпасым кәміл.

— Тіпті солай болған күнде де, — деп қарсылық білдірді Дон Кихот, — бәрібір сол үнсіздігің, Санчо, осы күнге дейін сөйлегеніңмен, қазір сөйлеп тұрғаныңмен және алдағы өміріңде сөйлейтініңмен теңесе алмас еді. Оның үстіне сенен гөрі менің бұрынырақ дүние саларым табиғилау нәрсе, міне, осы себепті көзім тіріде сені құрығанда ас-су ішкен немесе ұйқтаған кезде мылқауға айналады-ау деп үміттене алмаймын, ал маған содан артықтың керегі де болмас еді.

— Ақ-адал шынымды айтар болсам, сеньор, — деп мәлім етті Санчо, — ақикөзге сенудің қажеті жоқ, яғни ажалға деймін; оған сары ауыз балапан да бір, ақсақалды қария да бір, сондай-ақ оның жарлы-жақыбайлардың жыртық лашығына қалай енсе, корольдердің биік мұнарасына да солай жиі еніп тұратынын священнигімізден естігенім бар. Бұл мырза қысылып-қымтырылудан гөрі қара күшінің көптігін паш етуге құштар. Ол әсте талғампаз емес: бәрін шетінен жалмай береді, ештеңеден жеркенбейді, жасы мен тегіне қарамай адамдарды қоржынына тоғыта береді. Тал түсте тыныс алғанды ұнататын орақшы қатарына да жатпайды: дамылсыз ора береді және ол үшін қандай шөп екені: көгі ме, кепкені ме — бәрібір, оған қоса шайнап та жатпайтын секілді, алады да асайды, не жолықса соның бәрін қылғыта береді, себебі аш қасқырдай қомағай, ешқашан тойым дегенді білмейді; қарыны болмағанымен, шемені бар секілді, себебі дүниедегі тірі жан атаулының өмірін бақыраш толы салқын суды сыздықтатып сорғандай ашкөздене сорып алады.

— Жә, жетер, Санчо, тоқтай қал, — деп осы арада Дон Кихот оны бөліп жіберді. — Осы биігіңді жоғалтпа және аласарма, — ақиқатында, ажал хақында шаруа адамына лайық қарапайымдылықпен баян еткен бұл тұжырымың ең білімді деген уағызшының аузынан шығуға лайықты. Айтып жүрмін ғой саған, Санчо: егер осындай абзал қабілеттеріңе ақылдың зеректігі қосақталса, саған тек кафедраны қолтығыңа қысып алып, уағызгершілік өнеріңмен әлемді тамсандырып жүру ғана қалар еді.

— Адалдықпен ғұмыр кеш — міне, ең жақсы уағыз, басқа діни ілімді мен білмеймін, — деп мәлімдеді Санчо.

— Саған басқа діни ілімнің керегі де жоқ, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот, — бірақ тек бір нәрсені ғана түсінбеймін және ақылым да жетпейді: егер даналық бастауы — құдайдан қорқу болса, онда осынша білім-танымды қайдан жиып жүрсің, өйткені жаратқан иемізден гөрі кез-келген кесірткеден көбірек қорқасың ғой?

— Сеньор, сіз рыцарьлығыңыздың жайын ғана біліңіз, біреудің қорқақтығы мен батырлығында шаруаңыз болмасын, — деп шорт кесті Санчо, — құдайдан қорқу жағына келгенде мен алдыма жан салмайтын адаммын. Сосын, тақсыр, мына сүйек-саяқты жәукемдеуіме кеңшілік етіңіз, ал қалғанының бәрі — о дүниеде жауап беруімізге тура келетін бос былшыл ғана.

Соны айтып, кәстрөлді басып алуға көзсіз батырлықпен тап бергені сонша, соны көріп тұрған Дон Кихот та батырланып кетті және оған қолғабыс етпей қоймайтынына да күмән жоқ-ты, бірақ бұған кейбір жағдаяттар кедергі жасады, ал бұл жайында әрі қарай әңгіме етуге тура келеді.

ХХІ тарау

Мұнда Камачоның үйлену тойы одан әрі жалғасады және басқа да қызықты оқиғалар орын алады.

Дон Кихот пен Санчо екеуі алдыңғы тарауда келтірілген әңгімемен айналып жатқан кезде қатты дауыстар мен әлденендей айқай-ұйқай естілді; айқай-шу шығарғандар мұнда бие мініп келген шаруалар екен; енді олар жас жұбайларға қарай көсілте шауып бара жатты, ал жұбайлар болса музыканттар мен сауыққойларды ертіп, священник пен жақын туыстарының, маңайдағы елді мекендерде тұратын әйгілі адамдардың қоршауында бермен беттеп келе жатқан; шеруге қатысушылардың бәрі де мерекедегідей киініп алған болатын. Қалыңдыққа көзі түскен бойда Санчо былай деп дауыстап жіберді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий