Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Беу, Китерия! Қаншалықты жанашыр екеніңді көрсетпекке келіп тұрған осы бір сәт маған өте ауыр тиіп тұр: аяушылық білдіруің өмірімнің өзегін үзетін пышаққа айналмақшы, өйткені қалаулың екендігім жайындағы ойдан жан рақатын табуға шамам келмей жатыр, сол сияқты азабымды доғарарлықтай да дәрменім жоқ, себебі ажалдың үрейлі көлеңкесі жанарымды тым жедел тұмшалап барады. Сенен өтінерім біреу ғана, беу қасіретті жұлдызым: егер келісім беруімді сұрасаң және өзің де маған келісім бергің келсе, онда мұны мені есіркеу үшін немесе қайтадан алдаусырату үшін жасама, — жоқ, сен қолыңды заңды жұбайыңа өз еркіңмен созып тұрғаныңды мойында және соны жария ет, өйткені дәл осындай сәтте мені алдаудың және мүләйімсудің реті жоқ, өйткені өз басым сенің алдыңда әрдайым шыншыл болғам.

Осы сөздерді айтып жатып ол әлденеше рет естен танып қалды, қасында тұрғандар соны көріп, егер тағы бір осылай талып түссе құдайға жанын тапсырып та қояды-ау деп қорықты. Китерия аса бір ибалылықпен әрі ұялшақтап, оң қолын Басильоның қолына қойып, былай деді:

— Бұл дүниеде мені ешкім алған бетімнен айныта алмайды. Сөйтіп, енді заңды жұбайың болуға ырзашылық білдіргенімнің белгісі ретінде саған қолымды өз еркіммен ұсынам және егер өз қалауыңмен ұсынсаң, егер асығыс әрекетің нәтижесінде тартып жатқан тауқыметіңнің салдарынан пайым-парасатың дағдарысқа ұшырап, ақыл-ойыңнан адасып қалып жүрмесең, сенің де қолыңды қабыл алам.

— Дағдарудан да, делқұлылықтан да аман қалпымда және жаратқан ием өзіме тарту еткен ақыл-ойымның сау-сәлемет жағдайында саған қолымды берем, — деп жауап қатты Басильо. — Міне, тап осы қалпымда күйеуің ретінде саған басы-бүтін беріліп, тағдырымды қолыңа тапсырам.

— Ал, мен әйелің ретінде саған басы-бүтін беріліп, тағдырымды қолыңа тапсырам, — деп іліп әкетті Китерия, — сен ұзақ жыл ғұмыр кеш мейлі, не осы қазір сені құшағымнан суырып молаға алып кетсін мейлі, маған бәрібір.

— Ауыр жарақат алған жігіттің мұншалықты көп сөйлейтіні қалай, — деп құлаққағыс етті сол арада Санчо Панса. — Сүйіспеншілігі жайында үздіккенді қойып, жанын жаһаннамнан аман сақтау жөнінде ойлансын деп айтыңдаршы оған: меніңше, оның жаны тәнін тастап шыққысы келмейтін сияқты, тілінің ұшында тыпыршумен жүр.

Сөйтіп, Басильо мен Китерия бірін-бірі қолынан ұстады, қатты толқығаннан көзіне жас үйірілген священник оларға батасын беріп, күйеу жігіттің жаны о дүниеде жай табуына бағыштап дұға оқи бастады, ал күйеу жігіт болса бата алған бойда-ақ орнынан лып етіп ұшып тұрды да, ішіне қадалған семсерін таңғаларлық шапшаңдықпен суырып алды — денесі оған қынның қызметін атқарған екен. Жұрт бұған қатты таңырқанысты, ал іштеріндегі зейінділігінен зердесіздігі басым кейбірі:

— Ғажайып! Ғажайып! — айқай салды.

Алайда, Басильо:

— Ешқандай да “ғажайып, ғажайып” емес, айла, айла! — деп мәлім етті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий