Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мына сөзімді ұмытпаңыз, зерделі Басильо, — деп Дон Кихот әңгімесін әрмен жалғады, — әлдебір данышпан айтыпты: жер-дүниеде бір ғана лайықты әйел бар, депті; сосын: әркім өз жұбайын сол жалғыз ғана лайықты әйел деп ойлауға және есептеуге тиіс, сонда көңілі тыныш болады, деп кеңес беріпті. Мен бойдақпын, үйленудің жайы осы күнге шейін қаперіме кірмепті, дей тұрғанмен, егер біреу-міреу менен лайықты әйелді қалай табуға болады деп сұраса, оған тәуір кеңес беруге тәуекел етер ем. Ең әуелі әйелдің дәулетінен бұрын жақсы аты жайында ойлануы керегін айтар едім, өйткені ізгі қасиеттер иесі боп табылатын әйел жөніндегі жақсы лепес тек ол шын мәнінде сондай болғандығынан ғана емес, сонымен бірге жұрттың оны ізгі қасиеттер иесі санайтындығына да байланысты кеңінен тарайды: олай болатын себебі, әйелге құпия кемшіліктерінен гөрі өзін шектен тыс еркін ұстайтындығы мен көзге ұрып тұрған ұятсыздығы көбірек зиянын тигізеді. Егер үйіңе жақсы әйелді әкеп кіргізсең, оның жақсы қасиеттерін сақтау және тіпті онан әрі жетілдіру жөнінде көп әуре болудың қажеті жоқ, ал егер жаман әйелді әкеп кіргізсең, оны тәрбиелеу әсте оңайға түспейді, өйткені бір шетін қасиеттен екінші шетін қасиетке ауысу жеңіл шаруа емес. Мен мүлдем мүмкін емес деп тұрғам жоқ, бірақ, өз ойымша, бұл көп қиындық әкелетін болуға тиіс.

Мұның бәрін тыңдап алған Санчо өзіне-өзі былай деді: “Салиқалы да сындарлы бірдеңе әлдеқалай аузымнан шыға қалса, әдетте мырзам: саған тек кафедраны қолтығыңа қысып алып, күллі әлемді кезіп, халықты уағызшылық өнеріңмен тамсандыру ғана қалып тұр, деп бөстіреді, ал мен ол жөнінде былай деген болар ем: нақыл сөздерді үйіп-төгіп, ақыл айтуға шеберлігі сондай, оған тек бір кафедраны ғана қолтығына қысу аз, әр саусағына екеу-екеуден кигізіп алып, уағызды оңды-солды бұрқырата беру ғана қалып тұрғандай. Бұл кезбе рыцарь неғылған жан өзі, білмейтін нәрсесі жоқ! Әу баста мен оны тек рыцарьлық қарекеттен басқаны қақпайтын шығар дегем, әсте олай болмай шықты: бәріне араласады, барлық жерге тұмсығын сұғады”.

Санчо осылай күбірлеп отырған, оны Дон Кихот естіп қалып:

— Сен не деп күбірлеп отырсың, Санчо? — деп сұрады.

— Мен ештеңе айтып та, күбірлеп те отырғам жоқ, — деп жауап қатты Санчо, — мен тек: шіркін-ай, ақыл-кеңестеріңізді өзім үйленбес бұрын естісем қандай жақсы болатын еді, деп ойладым, — сөйтсем, қазір, бәлкім: “Байланбаған бұқа жақсы жаланады”, деп жүрер едім.

— Немене, Тересаң соншалықты жаман ба, Санчо? — деп сұрады Дон Кихот.

— Онша жаман да емес, онша жақсы да емес, — деп жауап қайтарды Санчо. — не қылғанда да, әйтеуір, көңілімдегідей емес.

— Әйеліңді жазғырып абырой таппайсың, өйткені ол балларыңның анасы ғой, — деп құлаққағыс етті Дон Кихот.

— Енді екеуіміздің есебіміз түгел, — деді Санчо келісіңкіремей, — ол да кейде зауқы соққанда, әсіресе біреуден қызғанғанда, мені жақсылап жазғырып алады, — әбден құлағымның құрышын қандырады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий