Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сол арада ол тізерлей кетті де, күбірлеп дұға оқыды, құдайдан жәрдем тіледі, осынау әрі қатерлі, әрі әдеттен тыс көрінетін шытырман оқиғаның сәтті аяқталуын сұрап жалбарынды, одан соң қатты дауыстап сөйлеп кетті:

— Беу, барлық іс-әрекетім мен ізгі ниеттерімнің әміршісі, тәкаппар да теңдесі жоқ Дульсинея Тобосская! Егер өзіңді пір тұтатын бақытты жанның өтініш- тілегі құлағыңа жетер болса, онда көз тартарлық келбетіңнің атымен жалбарынам — құлақ сал сөзіме: өйткені, өзім қазір бұрынғы қай кездегіден де көбірек мұқтаж боп тұрған көмегің мен қамқорлығыңнан басқа ештеңе сұрағалы тұрған жоқпын ғой сенен. Егер мені қанатыңның астына алсаң, онда адам баласының шама-шарқы келмейтін қандай ерлікке болсын тәуекел етуді өзіме парыз санайтынымды және іске асыратынымды айдай әлемге паш ету үшін, жалғыз тек сол үшін ғана, қазір мына қарсы алдымда аңырайып жатқан құрдымға құлауға, құлдырауға, құлдилауға ниеттеніп тұрмын.

Осыны айтып ол шыңырауға қарай бет алды, бірақ қолдың күші, балтаның жүзімен жол салмайынша үңгірдің аузына өте алмайтынына көзі жеткеннен кейін, семсерін суырып алды да, үңгірге барар жолды бітеп тастаған бұталарды олай да бұлай шауып, кескілей бастады, осының салдарынан шыққан шу мен сатыр-сұтырдан үріккен дырау-дырау құзғындар мен шәу қарғалар үңгірден қарақұрым боп ұшып шықты, — олардың лек-лек болып және асқан жылдамдықпен ұшқаны сонша, ақыр соңында Дон Кихотты құлатып түсірді, егер ол қаншалықты ықыласты католик болса, соншалықты жоқты-барға нанғыш адам болғанда, мұны жаман ырым санап, мынадай жерге аяқ басудан айнып қалған болар еді.

Ақыры ол тұрды, сосын үңгірден құзғындардың да, оларға қосыла ұшып шыққан жарғанат секілді түнде жем іздейтін басқа қанаттылардың да ұшуы тиылғанын көріп, студент пен Санчоға арқанды сәл-пәл босатуға әмір етіп, өзі үрейлі үңгірге түсе бастады; түсерінің алдында Санчо оған батасын беріп, мың мәрте шоқындырып тұрып, былай деді:

— Өзіңе, кезбе рыцарьлардың гүліне, қаймағына һәм сүйек-саяғына, бір құдайдың өзі, Франция Жартасы құдай анасы мен Гаэтаның үш кейіптегі бейнесі жар болсын! Алға, әлемдегі ең бірінші көзсіз батыр, болат жүрек, мыс білек! Жаратқан жар болсын деймін саған, түбіне бойлауға есіл-дертің кетіп тұрған мына қара түнекке бола тастап кетіп бара жатқан өміріміздің жарығына бәле-жалаға жолықтырмай, дені-қарның сау қалпыңда, аманшылықта алып шыққай-дағы сені ол.

Студент те осыған ұқсас дұға оқып, жалбарынды.

Дон Кихот арқанды түсіруді сұрап айқайлаумен болды, Санчо мен студент аз-аздан жіберіп тұрды; үңгір түбінен естіліп жатқан айқай толас тапқан кезде бұлар өздері әкелген жүз брас арқанның түгел тарқатылып кеткенін байқады, сол себепті Дон Кихотты қайта шығарып алуға ұйғарым жасалды, өйткені арқан таусылған еді. Алайда олар тағы да жарты сағат кідірістеді, осы мерзім өткеннен кейін екеуі арқанды тартуға кірісті — бейне бір арғы шетінде ешқандай ауыр жүк жоқтай арқан тарту оларға өте жеңілге түсті, соған қарап бұлар Дон Кихот үңгірде қалып қойған екен деген байламға келді. Санчо соны ойлап еңіреп жылап жіберді, сосын бұл ойының терістігіне көз жеткізбекке арқанды еселенген жігермен екіленіп тарта бастады; сөйтіп, өздерінің шамалауынша сексен брастайын жинаған кезде, кенет ауыр салмақ сезілді, олар бұған ес-түс жоқ қуанды. Ақырында, бар-жоғы он брастай ғана қалғанда Дон Кихоттың жүзі анық көрініп, Санчо қуанғанынан:

— Аман-сау оралуыңызбен, мархабатты мырзам! Сізді ол жақтағы біреулер бағып-қағу үшін алып қалған екен деп ойлап едік, — деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий