Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ол жағын білмедім, — деп жауап қатты Дон Кихот, — асылы, олай емес шығар: себебі Рамон де Осес беріректе ғұмыр кешті ғой, ал аталмыш жағдаят орын алған Ронсеваль шайқасының өткеніне талай заман болды; жалпы, мұндай тіміскілік орынсыз нәрсе, бұл оқиғаның ақиқат ағымын өзгерте де, бұза да алмайды.

— Жөн сөз, — деп қоштады оны студент, — айта беріңіз әңгімеңізді, сеньор Дон Кихот, сізді зор ықыласпен тыңдап отырмын.

— Мен де одан кем ықыласпен айтып отырған жоқпын, — деп іліп әкетті Дон Кихот. — Сөйтіп, қадірменді Монтесинос мені хрусталь сарайға қарай бастады, сондағы алебастрмен безендірілген ерекше салқын залдан асқан шеберлікпен мәрмәрдан қашалған мазарды көрдім, онда ұзынынан түсіп бір рыцарь жатыр екен: бұл басқа мазарлардан кездестіріп қалуға болатындай, мыстан да, мәрмәрдан да, яшмадан да жасалмаған, кәдімгі ет пен сүйектен жаралған рыцарь еді; оң қолы (маған ол әжептәуір түкті әрі бұлшық етті көрінді — бұл рыцарьдың аса қайратты адам болғандығының айғағы ғой) жүрек тұсында жатыр екен. Монтесиностан әлдене жайында сұрап үлгергенімше анау менің табыттағы адамға таңырқана қарап қалғанымды байқап, былай деді:

“Өз заманындағы күллі ғашықтық дертіне шалдыққан һәм жаужүрек рыцарьлардың бетке ұстары мен айнасы, досым Дурандарт осы кісі. Басқа да бірқатар рыцарьлар мен ханымдар секілді мұны да француз сиқыршысы Мерлин жадылап тастады, ал Мерлин жайында жұрт оны шайтаннан туған дегенді айтады, ал меніңше, ол, бәлкім, ібілістің баласы болмаса баласы емес те шығар, бірақ кез-келген шайтанның өзін тақырға отырғызып кететін залым. Ол бізді қалай және не үшін жадылап қойды — бұл жайында ештеңе біле алмадық, бірақ уақыт өте келе мұның бәрі ашылады және бұл уақыт, менің ойымша, алыс та емес секілді. Мені қайран қалдыратыны жалғыз-ақ нәрсе: Дурандарттың ақырғы демі көз алдымда үзілгені және ол өлгеннен кейін жүрегін өз қолыммен ойып алғаным, — ал оның жүрегінің салмағы екі фунттай болған-ды: жаратылыстанушылардың пікірінше, жүрегі үлкен адам, жүрегі кішкентай адаммен салыстырғанда, әлдеқайда өжет болатын көрінеді, — осы қазір түн емес, күндіз екені қандай шындық болса, өзім үшін де тап сондай шындық. Сонда деймін-ау, осының бәрі рас болса, бұл рыцарь шын мәнінде-ақ өмірден өтсе, онда оның тірі адам секілді мезгіл-мезгіл аһылап-уһілеп қоятыны несі?”

Сол арада бақытсыз Дурандарт ауыр күрсініп алып, сөйлеп қоя берді:

Монтесинос, абзал бауырым!

Өлерімнің алдында саған

Мынадай тілек айтқанмын:

Ақырғы демім біткен бойда,

Қанжармен не стилетпен

Ойып ал да жүрегімді кеудемнен,

Жанымдай сүйетін Белермаға

Апарып бер деп сыйлыққа

Мұны естіген қадірменді Монтесинос азап шегіп жатқан рыцарьдың жанына тізерлей кетті де, көзіне жас алып отырып былай деді:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий