Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дон Кихот, алайда, түк жауап қатқан жоқ; оны жер бетіне біржола шығарғаннан кейін ғана олар Дон Кихоттың көзі ұйқыдағы адамның көзіндей жұмық екенін көрді. Оны жерге жатқызып, арқанның байлауын шешкендерімен, анау ұйқысынан оянар болмады; соны көрген бұлар оны бір бүйірінен екінші бүйіріне аунатып, сілкілеп-жұлқылай бастады, сөйтіп арада әжептәуір уақыт өткеннен кейін барып ол ақыры өзіне-өзі келіп, қалың да қатты ұйқыдан оянғандай керіле бастады, сосын жан-жағына шошына қарап алып, былай деді:

— Құдай өзі кешіргей-дағы сендерді, достарым, бұ дүниедегі тірі пенде атаулының ешқайсысы бұрын-соңды бастан кешпеген, бұрын-соңды тамашаламаған, тәнті ғып табындыратын ең керемет тіршіліктен және ырза ғып тамсандыратын ең керемет көріністен айырдыңдар мені. Бұл жалғанның күллі қызығы мен қуанышы көлеңке секілді, көрген түс секілді ғайып болатынына осы жолы шынымен анық көз жеткіздім. Беу, бақытсыз Монтесинос! Беу, ауыр жаралы Дурандарт! Беу, жолы ауыр Белерма! Беу, көзінен жасы кеппейтін Гуадиана және сендер, суларың сүйкімді көздеріңнен аққан жастан құралған Руидераның бағы ашылмаған бейбақ қыздары!

Жүрек түкпірінен ауыр азаппен ағытылғандай әсер қалдырған Дон Кихоттың бұл сөзін студент пен Санчо бар ықыласпен тыңдады. Ақыры одан бұл айтқандарының мән-жайын түсіндіруді және жаңағы тозақта не көріп, не қойғанын әңгімелеп беруді өтінді.

— Сендер оны тозақ үңгірі демексіңдер ме? — деп сұрады Дон Кихот. — Оны олай деп атамаңдар, ондай атауға лайық емес ол және бұған қазір-ақ көздерің жетеді.

Дон Кихот аштықтан бұралып отырған-ды, сондықтан жейтін бірдеңе сұрады. Серіктері көк шалғынға студенттің кендір матасын жайып, қоржыннан азық-түлік шығарды, сөйтіп үшеуі ың-шыңсыз отырып түскі және кешкі тамақтарын бірге қосып ішіп алды. Кендір мата жинап алынғаннан кейін Ламанчалық Дон Кихот:

— Осылай отыра беріңдер, балларым және сөзіме зейін сала құлақ қойыңдар, — деп мәлім етті.

ХХІІІ тарау

Қайтпас-қайсар Дон Кихот керемет терең Монтесинос үңгірінде көрдім деген, бірақ ақылға сыймайтындығы мен қайран қалдыратындығы соншалық, болған-болмағаны да күмән туғызатын таңғаларлық жайлар жайында

Түс ауа сағат төртке таман күн көзі бұлтқа жасырынды да, жарығы бұлыңғыр тартып, сәулесінің қызуы қайтыңқырап қалды, мұның өзі Дон Кихоттың аптаптан азап тартпай, қадірменді тыңдаушыларына Монтесинос үңгірінен не көргені жайында баппен баяндап беруіне жақсы жағдай жасады; сөйтіп, ол былай деп бастады:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий