Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Мейірбанды мырза, дон Дьего де Миранда, шынымен-ақ мені пәтуасыз да есерсоқ біреуге балап келе жатырсыз-ау деймін, ә? Алайда, бұған таңғалатын да ештеңе жоқ, өйткені іс-әрекетім осылай жобалауға негіз боп тұрады. Сөйткен күннің өзінде де, бір қарағанда жартыкеш, жарымес адам секілді көрінуім мүмкін болғанымен, шын мәнінде ондай еместігімді мойындағаныңызды қалар едім. Далиған кең аренада, корольдің көз алдында, ер жүрек рыцарьдың құтырына ұмтылған бұқаға тырапай асатын соққы бергенін тамашалау ғанибет; жарқыраған сауыт-сайман киген рыцарьдың көңілді жарыс өтетін орынға қарай ханымдардың көз алдында салтанатпен кетіп бара жатқанын тамашалау да ғанибет; сондай-ақ, әскери және сол секілді басқа да жаттығулармен әміршісі мен сарай адамдарының көңілін көтеріп, оларды қызыққа батыратын, былайша айтқанда, әміршісінің абыройына қызмет ететін рыцарьларды тамашалау өз алдына бір ғанибет, алайда бұлардың бәрінен де шөл-шөлейттерден, қорыс пен жыныстардан, жол тораптарынан, таулар мен ормандардан — барлық жерден ойдағыдай аяқталар-ау деген үмітпен аса қатерлі шытырман оқиға іздейтін кезбе рыцарь жоғары тұрады, сондағы олардың көздейтін жалғыз-ақ мақсаты — мәңгі өшпейтін де көшпейтін зор даңққа ие болу ғана. Қайталап айтам: әлдебір құла түзде жесірге қол ұшын берген кезбе рыцарь қалалық бикешке қамқорлық жасайтын сарай маңындағы рыцарьдан артық. Әр рыцарьдың өз міндеті бар: сарай рыцары, айталық, ханымдарға қызмет етсін, сәнді киімімен өз королі сарайының салтанатын асырсын, жоқ-жұқа рыцарьларға ең тәуір тағамдардан қонақасы берсін, сайыстар ұйымдастырсын, турнирлер өткізсін, кеңпейілділік пен жомарттық танытсын, өз бітім-болмысындағы күллі жақсы қабілетімен көзге түссін, ал ең бастысы, ізгі ниетті христиан болсын, міне сонда ғана ол өзіне тиісті парызды орындайды; ал кезбе рыцарьға келсек, ол жер-әлемнің адам аяғы баспаған өңірлерін шарласын, ит тұмсығы өтпейтін ну жыныстарда адассын, ерліктің асқан үлгісін көрсетсін, құла түзде, жаздың ортасында, күннің ми қайнар ыстығына күйсін, қыста — дүлей боран мен түкірік жерге түспейтін аязда тоңсын; арыстандардан да ол қорықпасын, құбыжықтардан да шошымасын, андриактардан да жасқанбасын, өйткені оның ең басты да бірегей міндеті — біріншілерін аулауы керек, екіншілеріне шабуыл жасап, түгел көзін құртуы керек. Кезбе рыцарьлық қатарына өту бұйырғандықтан, мен де, ұғым-түсінігіме орай, өзіме міндет саналатын істерді атқармай тұра алмаймын, әлгінде өзім айқаспақ болған арыстандарға шабуыл жасауды тікелей борышым санауымның сыры да, міне, осында; әрине, мұның ерен есерлік екенін де білмей қалғам жоқ, өйткені батырлық дегеннің не екені маған жақсы мәлім, анығырақ айтқанда, бұл — қорқақтық пен есерлік секілді қос шетін кінәраттың екі ортасындағы ізгілік боп табылады. Дей тұрғанмен, егер ержүрек жігері тасып есерлік деңгейіне дейін көтерілсе, бұдан келетін залал оның жігері жасып қорқақтық деңгейіне дейін құлдырағанынан әлдеқайда аз болады, сол сияқты дүниеқоңыздан гөрі ысырапқордың шүлеңгірге айналуы қаншалықты оңай болса, қорқақтың шын батырға айналғанынан гөрі, есердің шын батырға айналуы да соншалықты оңай болады. Сөзімнің түк жалғаны жоқ, сеньор Диего: әңгіме шытырман оқиғаға қатысты болған жағдайда кем сілтегеннен артық сілтеген жақсы, себебі “Бәлен деген рыцарь қоянжүрек, қорқақ” дегеннен, “Түген деген рыцарь есер, өжет” деген сөз әлдеқайда тәуір.

— Мойындамасқа лажым жоқ, сеньор Дон Кихот, — деп сөйлеп кетті дон Дьего, — барлық сөзіңіз бен іс-әрекетіңіз ақыл-ойдың таразысына тартылып шыққандай-ақ, оған қоса, менің ойымша, кезбе рыцарьлықтың ережелері мен заңдары аяқ асты жойылып кеткен күнде де, оны сіздің бейне бір осы үшін әдейі жасалған қойма мен мұрағат іспетті жүрегіңізден іздеп тауып алуға болар еді. Ал қазір жүрісімізді ширата түселік, кештете бастады ғой, тура тартып менің қожалығыма барайық, менің үйімде сіз тән қуаты болмаса да жан қуаты шығындарынан кейін жақсылап демаласыз, ал мұндай қуатты шығындаудың кейде тәнді қалжыратып тастайтыны да бар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий