Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл сөзге Дон Кихоттың басқа да көптеген жайды қосақтағаны сонша, сол арада тұрғандардың оны осынау оғаш әрекетінен айнытамыз ба деген бар үмітін қасым қылды. Жасыл плащты салт атты онымен ұстаса кетуден қашпас еді, бірақ Дон Кихоттың жақсырақ қаруланғанын көріп тұрғандықтан есуаспен байланысуды ессіздік деп білді, ал оның есуас екеніне енді ешқандай күдігі қалмаған; қысқасын айтқанда, Дон Кихот күзетшіге қайтадан қоқан-лоқы жасауға кіріскен кезде идальго өзінің биесіне, Санчо — сұр жорғасына, арбакеш — қашырларына шпор қадады, сөйтіп барлығы да арыстандар қапастан шығып үлгергенше арбадан мүмкін болғанынша жырақ кетуге жанталасты. Санчо мырзасының ажалына алдын-ала жоқтау айтумен болды, өйткені арыстанның тырнағынан жан тәсілім ететініне бұл жолы еш күмәні болмаған; сондай-ақ, тағдыр-талайына және Дон Кихотқа қызметке қайта кіру жөнінде ұйғарым жасаған күніне қарғыс айтты; сонымен қабат, арбадан алысырақ кету үшін сұр жорғасын шықпыртып қоюды да естен шығарған жоқ. Сөйтіп, ақыры қашқындардың жыраққа жылыстап кеткеніне көзі жеткен кезде күзетші Дон Кихотқа соның алдында ғана жалынып-жалбарынғанынан аудыртпай қайтадан жалынып-жалбарына бастады, бірақ Дон Кихот оған бұл әңгімені естігенін, енді күзетшінің өтініш білдіріп, жалбарынып босқа әуреге түспеуі керегін, өйткені бұдан ештеңе шықпайтынын, одан да тезірек іске кіріскені жөн болатынын мәлім етті. Күзетші бірінші тормен әуре боп жатқан кезде Дон Кихот айқасты жаяу ма әлде ат үстінде ме — қалай жүргізгені жөн екенін ойластыра бастады, ойлана келіп, ақыры — жаяу шайқасқаны жөн деп тапты, өйткені арыстандардың Росинантты үркітіп жіберуі мүмкін еді. Сол үшін атынан секіріп түсті де, найзасын жерге тастап, қалқанын қолына алып, семсерін жалаңаштап, таңғаларлық жүректілік пен батылдық көрсетіп, адымын мейлінше нық басып арбаға қарай жүрді, жолшыбай өзін әуелі құдайға, одан соң аяулы ханымы Дульсинеяға тапсырумен болды. Осынау шыншыл туынды авторының осы араға келгенде былай деп күпсінетінін айта кеткен артық емес: “Беу, құдіретті һәм мақтау жетпес жаужүрек Ламанчалық Дон Кихот, жер бетіндегі күллі көкжалдың өз ажарын табар айнасы, жаңа, екінші Арыстан жүректі дон Мануэль, испан рыцарьларының қуанышы мен мақтанышы! Осынау жойқын ерлікті сипаттап бере алатын сөзді қайдан табар екем мен, кейінгі ұрпақтар айтқаныма илануы үшін қандай сөз орамдарын пайдалансам болар екен? Мейлі, тіпті әсірелеудің әсірелеуіндей болған күннің өзінде де, саған жараспайтын, саған үйлеспейтін мақтау мен мадақ бар ма екен? Жаяу, жалғыз, жаужүрек, кеңпейіл, бір ғана семсермен, — оның өзі де онша өткір емес әрі “күшігі” де жоқ, — қолыңда қалқаның, — оның өзі де жарқырап, жалтылдап тұрған болаттан емес, — сен Африканың қорыс пен жықпылы дүниеге келтірген жыртқыштар ішіндегі ең айбарлы екі арыстан тордан қашан шығар екен деп күтіп, көз алмай қарап тұрсың. Жоқ, өз қарекетің ғана даңқыңды асырсын сенің, айбынды ламанчалық, ал мен тек сол қарекетіңді баяндап берумен ғана шектелейін, өйткені оны дәріптеуге жетерлік сөзім тапшы”.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий