Knigionline.co » Казахские книги » Дон Кихот ІІ

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес

Книга «Дон Кихот ІІ» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мистер Дон Кихот полюбил рыцарские романы и решил стать рыцарем. Он отправляется вместе со своим оружейником Санчо Пэнси в путешествие во имя любви к Дульсинеи Тобосской. Это путешествие и в наши дни пленяет читателя.

Дон Кихот ІІ - Мигель де Сервантес читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Бұл ұсынысыңызды, сеньор дон Диего, өзіме көрсетілген ерекше мейірімділік пен зор құрмет деп білем, — деп жауап қатты Дон Кихот.

Олар аттарын тебініп, жүрісті үдетті де, түс ауа сағат екілерде дон Дьегоның қожалығына келіп жетті; айта кетерлігі, Дон Кихот оны Жасыл Плащ Рыцары атандырып та үлгерген болатын.

ХҮІІІ тарау

Қамал-сарайда, яғни Жасыл Плащ Рыцарының үйінде, Дон Кихоттың қандай кепке тап болғаны жайында, сондай-ақ басқа да таңғаларлық оқиғалар жөнінде Дон Кихот түскен Дьего де Миранданың үйі деревнялық мекен-жай дәрежесіне сай онша үлкен емес-ті; алайда қарабайыр тастан болғанымен, бәрібір, қақпаның үстіңгі жағынан герб шекіліп қойыпты, ауладан қамба көзге шалынады, нақ кіре берісте шарап жер қоймасы бар екен, оның айнала-маңы топырлаған бөшкеден көрінбейді, Тобосодан әкелінгендіктен бұлар жадыланған әрі ауыстырылып жіберілген Дульсинеяны Дон Кихоттың есіне салды да, қайда тұрғаны және не айтып тұрғаны жайында ойланып жатпаған ол ауыр күрсініп, былай деді:

— Қайғымен тапқан, беу, шырын қазына!

Бір кезде қандай қуаныш болып ең маған!

Беу, тобосолық бөшкелер! Сендер шетсіз де шексіз шер-қайғымның шырын қазынасын қаперімде қайта жаңғырттыңдар ғой!

Бұл сөздерді дон Дьегоның баласы ақын-студент естіп қалды, — шешесімен бірге Дон Кихотты қарсы алуға шыққан еді: қонақтың алабөтен түр-пішінін көріп екеуі де аң-таң болды; Росинанттан түсе сала Дон Кихот аса бір ізеттілік көрсетіп, қолынан сүю үшін бибіге қарай беттеген, сол арада дон Дьего былай деді:

— Алдыңызда тұрған Ламанчалық Дон Кихотқа өзіңізге тән қонақжайлықты барынша көрсетіп бағыңыз, сеньора; бұл күллі әлемдегі рыцарьлар ішіндегі ең ержүрек және ең білімдар кезбе рыцарь.

Донья Кристина есімді сеньора Дон Кихотты ерекше жылы шыраймен және меймандостықпен қарсы алды, Дон Кихот оған айрықша ажарлы сөз орамдарымен мейлінше жарасымды жауап қайтарды. Ол студентпен де дәл осыған жетеғабыл дәрежеде сыпайы сәлемдесті, ал Дон Кихоттың лебізін тыңдаған анау мұны сарабдал да сұңғыла адам екен деген байламға келді.

Осы арада автор дон Дьегоның үйін егжей-тегжейлі суреттейді, дәулетті жер иеленуші дворянның үйі әдетте немен толы болатынының бәрін сипаттап шығады, алайда хикаяның тәржімашысы мұны және басқа да уақ-түйекті аудармай тастап кеткенді мақұл көрді, өйткені басты тақырыпқа бұлардың мүлдем қатысы жоқ-ты, ақиқатына келгенде, хикаяның қадір-қасиеті көр-жерді жіпке тізуде емес, оның шыншылдығында ғой.

Дон Кихотты арнайы бөлмеге өткізді, Санчо оның сауыт-сайманын шешті, сөйтіп Дон Кихоттың үстінде тек шаровары мен түйе жүнінен тоқылған, сауыт-сайманнан жұққан кірден теңбіл-теңбіл боп кеткен, камзолы ғана қалды; бүрмелі жағасы студенттікіндей болатын: крахмалданбағаны өз алдына, шілтермен де әдіптелмеген-ді; қысқа қонышты сары етігінің сыртынан ол балауыздалған кебіс киді. Беліне өзінің байырғы семсерін байлады, онысы итбалық терісінен жасалған таңғышқа бекітілген болатын (жұрттың айтуынша, Дон Кихот көп жыл бүйрек ауруынан тақсірет тартыпты), одан соң иығына сапалы сұр шұғадан тігілген жамылғысын ілді; алайда, бәрінен бұрын ол басы мен бетін бес пе, алты ма шелек (шелектің саны жөнінде куәлік етушілер пікірі әрқилы) сумен шайды, бірақ тіпті соңғы шайындысының өзі сарысудың түсін тапты, ал мұның бәрі тәттіқұмар Санчоның сол бір құрып кеткір сүзбені, — ол мырзасының басын аппақ қардай етіп жіберген еді ғой, — сатып алғанының қырсығы болатын. Сөйтіп, үстіне жоғарыда айтылған киімдерін киген, адуынды да айбарлы кейіпке енген Дон Кихот келесі бөлмеге өтті, дастарқан дайын болғанша әңгімемен алдарқата тұрмақ боп мұнда оны студент тосып отыр еді; айта кеткен артық етпес, сеньора донья Кристина мынадай ізгі ниетті адамға өзінің бір кісідей қонақ күте алатынын көрсетпек ойда болатын.

Осы екі арада, Дон Кихоттың сауыт-сайманын шешіп жатқан кезде, дон Лоренсо (дон Дьегоның баласын осылай атайтын) оңтайын тауып, әкесінен:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий