Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Екеуінің сүйіскен жылдары ұзақ. Бірақ көріскен қызығы, кездескен рақат шақтары тіпті аз екен. Тоғжан сол үшін өкінгенін, қатты күйіп назаланғанын айтқан. Өмірге, тағдырға, зорлық құдіретке ренішін айтқан. Жылап, өксіп назаланып келген кезінде, арман асқан шағында, сол кеште лағнат та айтқан.

Абай Тоғжанды жұбата алмай, ет жүрегі елжіреп қайтқан. Көз алдында, жылап кетіп бара жатқан Тоғжан тұр. Басына жамылған қара жібек шапаны мен ақ көйлегінің етегі де есінде. Шапан астынан тұншыға сылдыраған шолпысының да мөлдір үні құлақта тұр. Әлі өшкен жоқ...

Абай тағы да бір күрсінді де:

– Есіл Тоғжан, ұмытпаспын... ұмытпаспын! - деді.

Қарашаш Абайды осы ауылдың досы ғана емес, аса бір ыстық күйеуіндей көріп, қимады. Сондықтан Асылбекке өзінше бір оқшау ақыл салды.

Мұның төркіні Сыбан ішінде Қадырбай ақынның аулы болатын. Солар жақында Асылбек пен Қарашашты шақыртқан екен. Абайларды аттандырған соң, бұл отаудың иелері сонда жүрмек еді.

Абайдың басына Асылбектің достығы шын екенін таныған Қарашаш, сол өзінің төркініне Абайды ала барайық деген.

Асылбек бұл сөзді естісімен мақұл көрді де, ар жағын өзі молайтып, жақсы түсініп кетті. Абайға: «Қыдырып қайтайық. Онда да бірталай жатамыз.

Қадырбай қандай кісі екенін өзің де білесің... Осы сапар жаман болмайды. Тура бірге барайық!» деген.

Абай Сүйіндік аулын өзіне өзгеше бір жақын көріп, Асылбек, Қарашаштардан айрылғысы келмеп еді. Оңай көнді.

Тек, сол сөздің байлауы болып қалған соң, бір оңашада Ербол Абайға:

– Осынымыз лайық па екен өзі?.. Төркіндеп барған қатынға еріп жүру қалай болады? Екеумізді ел күлкі етпес пе екен осы? - деп еді.

Ербол мұны өз басы үшін емес. Абайдың абыройы үшін айтқан. Абайдай ел аузына ілініп, жақсы аты шығып келе жатқан жігітке «Мұнысы несі?» деп, біреу-міреу күле ме? Ерсі көре ме? - дегені еді.

Абай оны елеген жоқ. Ерболдың иығына бір қолын салып күлді де:

– Өй тәйір, Қадырбайдың мәжілісінде боп ұстаздығын көреді екеміз. Оның өзі қайда жатыр? Ал, қасына ерді десе, еретініміз кім? Сондай жақсы, сондай ұмытылмас Қарашаш екен. Ол татымайды деп кім айтты? Кімнің аузы барады екен? - деді.

Сүйтіп, арада төрт күн өткен соң бір топ ажарлы жастар ортасына Қарашашты алып, Қадырбай аулына кеп түсті.

Тобықтыдан келген жас қонақтарды бұл ауыл жақсы қарсы алды.

Қадырбайдың үйіне қонақтармен бірге ілесе кірген үлкендер де, бала-шаға да көп. Бөгде кісілерді тамашалап, елдерінің жайын білу, хабар-ошарын есіту үлкен-кішінің бәріне де қарыз сияқты. Қарашашты қоршаған жеңгелер мен қыздар да аз емес.

Қадырбай өзі үйде екен. Оны Бөжей асынан соң, Абайдың екінші көріп отырғаны осы. Ақын қартайып қапты. Бұрынғыдай толық, көрнекті емес.

Сақал-шашының ағы көбейген. Ажымдары тереңдеп, барлық ажары қуан тартқан жүдеу. Тек қана, үлкен жазық маңдайы мен келбетті мұрнында ғана бұрынғы кесек бітім белгісі бар. Қадырбай әуелі Асылбек, Қарашашпен амандасып алып, соның артынан Абай мен Ербол жайын сұрады.

Абайды танымай қапты. Оның Құнанбай баласы екенін білген соң ғана, ана жылғы көргендерін еске алды. Астағы бірталай жайларды кеше ғана көргендей сөз қылып кеп:

– Бөжей асы бұл өңірдің ұлы дүбір асының бірі боп еді. Қонақ атаулы ырза боп алғыс айтып аттанып еді, - деді.

Қадырбайдың көбінше өзі сөйлеп, қонақтардан оқта-текте ғана жұт жайын кәрілер жайын сұрастырды. Абай өздігімен жазылып сөйлеген жоқ. Қадырбайдың сұраған сөздеріне орнықты, қысқа ғана жауаптар беріп, сыпайылық сақтап отырды. Бірақ үй иесімен әңгімелесу, мәжіліс құру міндеті қазіргі халде Абай мойнында. Өйткені, Асылбек бұл ауылдың күйеуі болғандықтан оншалық шешіліп кете алмайды. Қадырбай да өзінің сөздерін, сұрауларын Абайға қарап айтады.

Көршілес екі елдің адамдары бас қосса, биылғы жыл, ең үлкен әңгімесі жұт жайы болатын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий