Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жай әке емес. «Малыңды бақ. Дәулетіңді асыр. Ұрпағыңды өсір. Өзгеге өктем бол!» дейтін әке емес. Ой-сананың әкесі. Тағлым мен таза жолға бастайтын әке сияқты.

Абай Қадырбайға алғыс айтты. Ұстаз алдында алмаған азық алғанын айтты.

Бірнеше күн осындай келелі, кеңеспен еткен еді. Абай бұл уақытта Қадырбай қасынан екі елі айрылған жоқ.

Бірақ енді дәл Абайдың өзі болмаса, Асылбек пен Ерболдар және, әсіресе, Қуандық, Қарашаштар да басқа ермек іздей бастаған. Олар «Отауға барайық.

Азырақ сауық құрып, көңіл сергітейік» дескен.

Қадырбай өзі де жастарды өз мәжілісінен «азат» етуді ойлаған екен.

Төртінші күн кешке жақын, қолына домбыра алып отырып:

– Шырақтарым, сендермен сөйлесіп өзім де сергіп қалдым. Бірақ біз от орнына шегіп қалған қарт бауырдай болдық. Қанша айналып қармансақ та, кәрі әженің бала уатқан көй-гөйіндей күй басады. Сендер оған қашанғы мүлги бересіңдер? Тілегің, талабың алдыңда. Біздің ту болса, жиырылып ойға түскен.

Енді дөң басына да шыға алмайды. Сендерге ол жол емес. Өрлейтін өр, қиялайтын қияларың алдыңда. Соған бас, содан қайтпа!.. Үнемі уайым ойлама!..

Сауық та құр! Шалқып қал! Көрмегеніңнің бәрін көр!.. Тек беттерің қайтпасын!

– деп, біраз отырды да... - Енді сауық құрыңдар! Мен сендерді аз сөзбен шығарып салайын! - деп, домбырасын күңіренте тартып жөнелді.

Жастар тегіс телміре қарап, үн тыңдай қап еді. Аздан соң Қадырбай әндетіп кетті. Дауысында аса бір кең тыныс бар екен. Боздаған нардай үлкен толқын шығады. Жас шағында бұл ақынның ірі әнші болғаны сезіліп тұр. Бүгінгі сазында кешеден бері өзі айтқан «көкей кесті» толғау бар. Арман салқыны келеді.

Жастарға қазіргі айтқан сөздері «Әз ағаның» тілек батасы сияқты. Жақсы балам, асыл інім ,адам бол! Артыңа өнеге қалдыр! Қысылған халқың, қаумалаған қарындасың бауырыңнан пана табар бәйтерек болыңдар!» деп сөйледі.

Қоңыр кеште, осындай саналы бір сөз тартқан қарт ақынның әні де өзгеше болатын. Әсіресе, қайырмасы басқа. Ол Қадырбайдың көп жылдан бергі тауып алған, аумас, айнымас қайырмасы.

Күңірене толқып, нақыстап кеп, анда-санда: «Елім! Елім!.. Елім-ау-елім! -деп қайырады.

Абай осы қайырмадан қатты әсер алды. Барлық үлкен тұлғалы Қадырбай сол бір қайырмадан танылғандай, өзінің асыл жүрегін анық ашқандай. Қасиетті аға, халық атасы боп биіктеп шығып, шарықтай түсті... Абайдың жүрегі алғысқа толы. Қарт ағаның әні тоқтағанда, жас жігіт сұп-сұр боп, қатты толқынып қалды. Осы халінен айыға алмай, Қадырбайдың жүзіне қадалып қапты. Тамағына лықсып кеп тұрған шер толқыны бар.

Абайдың қатты өзгерген жайын Қуандық байқап отыр екен. Әкесінің домбырасын ептеп сусытып алды да:

– Шығарып салар әніңіз «Сауық құр!» деп тұрған жоқ. Тағы да «Сарыла түс!» - деді ғой, әке! Дәл бұл жолы сол тіліңді алмаспын. Біз енді ойын ойнаймыз. Білдің бе? - деп күліп жіберді.

Осы мінезі үй ішін тегіс көңілдендіріп, сергітіп әкетті.

Абай да Қуандықтың соншалық сергек, ерке күлкісіне таңқалды. Шаттық пен сауықтың жаны да, сөнбес шырағы да дәл осы еркін сұлу, жас қыз сияқты.

Дәл осы сәтте, осы күңгірт кеште Қуандық Абайға үлкен бір қуат, екпін суретін көрсеткендей болды.

Мынандай жанның маңында күңгірт кеш те, жабық көңіл де болмау керек.

Оның аты үлкен үміт. Әрі сұлу, әрі сенімді, мықты үміт. Оның бас иер күші жоқ.

Отауға барған соң, қонақтар қасына көп қыз, келіншек пен жас жігіттер жиылды. Ойын-сауық аса қызу боп басталып, таң аппақ атқанша солғындаған жоқ. Бұл түнде ұзақ әсем ән де шырқалды. «Орамал тастау», «Хан жақсы ма,» «Мыршым», «Белбеу соқ», «Ләппай тутәлә» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс ойналды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий