Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Соқтыққыш жуандар, содырлы сайқалдар кімге көкірек керсін? Қайта көптің бәрі аш-арық боп мойып қалғандықтан, жаңағы аман қалғанның барлығы биыл тыныш, жым-жырт жүргенді тәсіл етіпті.

Көп үшін қынжылған кісі бол. Көп алдында күрсіне түсіп, халықтың аман күнін айтқыш бол. Сорпа-суың мен быршыған іркітіңнен, саумал-шалабыңнан да қарайласқан боп жүр. Аш-арығымды асырап жүрмін» дей бер... Биылғыдай көпті күйзелтіп, топты томсартқан жылдарда сондайлық майысқақ, маймақ келсе жарайды. Кедейі мен момынын аман күнде аунатып жеп, ауыр күнде осылайша алдаусырату керек.

Міне, көп үстінен жеген көбегендердің, «сүт үстінде қаймақ» атанғандардың ендігі ебі сол. Айланың киіз кітабынан алған сабақтары осы болатын.

Онысына орай, осы жыл көп те бөлек. Қалың ел аса суық түсте. Сөз аз.

Бірақ қабақтан кейіс, қияс айықпайды.

Сондықтан Тобықты жайлауларында бұл жазда бір де бір топ болмады.

Әдетте, бұл кезде талай рет атшабыс болушы еді. Биыл тіпті құнан да жарыспады. Келін түссе, қыз ұзатылса, бала сүндеттелсе - бәрі де болымсыз ғана жаяу желікпен, бірер табақ етпен тарқайды.

Дәл осындай ерекше сарылған тыныштық ортасында, соңғы уақыттарда бір үлкен дақпырт шықты. Ол жау білінуі, жылқы ұрлануы.

Жайлау күндері аяқтап, жұрт күзекке қарай бет ала бастаған болатын. Бірер қоныс кейіндеп те көшкен. Сол уақытта айналасы бес күн ішінде Майбасар жылқысынан, Жақып пен Ырсай жылқысынан және Құнанбайдың өзі отырған аулынан жиырма шақты семіз ат жоқ боп шықты. Бір ауылдан бір ауыл хабарланып, осы жоғалған мал жайы ен жайлауға тез тарап жатты. Азнаулақ талшығы бар ауылдың бәрі де күзетін сақайтты.

Бірақ ұрылардан із-тоз жоқ. Бұл сияқты көп ел құлақтанған қауырт ұрлық ұзақ жатпаушы еді. Біреудің үйінде жас тері көрініпті. Біреуден мезгілсіз сойылған ірі қараның қан соқтасы көрініпті, боршасы байқалыпты десетін сыбыстар оп-оңай шыға қалушы еді. Қазір олай емес. Суға батқандай жым-жылас.

Әуелде Құнанбай мен Жақыптар өзара ойласқанда: «Бұл жау көршілес Керейден шықты, немесе Найман, Сыбаннан келді», деп топшылаған. Әсіресе, қоныс аралары ұзарып, жайлау-жайлаудан қайтысатын кез келген соң: «Әдейі осы уақытта істеп отыр. Мойынды қашыққа салып кетеміз деп осылай етті», -дескен.

Құнанбай көші-қонды бөгеп отырып жаңағы үш-төрт рудың баршасына да жоқшылар жөнелтті. Ызғұтты, Майбасар, Ырсай бастаған топ-топ кісілер үрдіс жүріп, ат сабылтып, талай жерлерді аралады.

Бірақ көрші елдің ешқайсысынан дерек білінбеді. Елсіз жерлердегі қарауыл биіктерге, қиын-қиын шатқалдарға барып жер шалған Төлепберді, Бурахан, Қамысбай, Жұмағұл сияқты пысық, сергек жігіттер де із-тоз білген жоқ.

Құнанбайдың көп ауыл, көп жігіттері осылайша өре түрегелген кездердің өзінде, дәл сол Ырғызбай ішінен тағы да бес жылқы жоқ болды. Тіпті жалғыз Ырғызбай емес, енді Байсал, Сүйіндіктен де төрт бие алынды. Аздан сөн Көтібақ, Бөкенші де жоқ қарауға кірісті.

Шебер ұрлық сонда да білінген жоқ Тек қана, түн асса: «Алып кетті», «тағы әкетті» десед те, қала береді.

Құнанбай ыза болып, өзі атқа мінсе де, жауы кім екенін біле алған жоқ.

Жоқшының бәрі қайтып келді. Қарауыл биіктердің басында күн сайын сарылып қадалған шолғыншылар да қайтты. Бос қайтты. Тек қана ендігі шара: түн күзетіне сақ болу еді. Құнанбай барлық ауылдарын қатар қондырып, бірге көшіріп, шоқтай қып, жиын ұстады. Сүйтті де үдере көшіп тарта берді.

Өрттен қашқандай боп асығып жөнелді. «Тым құрыса, жаудың беті басқаға бұрылар, бізді қуа бермес. Сонымен толас көрерміз!» - деп ойлаған.

Қаша көшу азнаулақ ем болғаны рас. Соңғы күндер Жігітек, Көтібақ ішінен ұрланған малдардың хабарын көбірек жеткізеді. Бірақ сонда да Ырғызбай түгел аман қалған жоқ. Екі тай мен бір семіз байтал тағы жоқ боп шықты. Осы кезге жеткенде Құнанбай: «Енді білдім, таныдым» деді.

Бірақ «білдім» дегенімен, айыпкердің атын атаған жоқ. Тек қана, жауды:

«Алыстың жауы емес, іштің жауы» деп байлаған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий