Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Базаралы үндеместен түйілді де, қатып қалды. Әкелі-балалы туысқандар осы орнынан айрылысқан шағында, үшеуі үш бөлек ойда. Бір-бірінен шалғай болатын. Балағаз Қауменнің бұйрығын орындап, дәл осы күн көшті де, Қарашаның аулына барып қосылды.

Сонда барысымен төрт-бес күн өткен соң Құнанбайдың дәл өз аулынан бес жылқы алды. Балағазға серік болған жігіттер аз ғана болатын. Әзірше бұлар Абылғазы мен Әділхан ғана. Осы үшеуі өз жүрістерін үлкен есеппен, еппен істеген.

Бұлар ең әуелі алыстағы Найман ішінен дәл өздеріндей үш-төрт жігіт серік тапты. Олар да жұт пен жоқшылық салдарынан атқа мінгендер. Шетінен шешен, ер, өжет жігіттер болатын. Жаз ортасында Аягөздің ар жағына жолаушы жүріп барып, Абылғазы сол жігіттермен сөз байласып қайтқан.

Екі жағының да анық кесескен байлауы өзді-өз ортасының мықтыларын, қалың шоғырларын торымақ. Әлсізге тимекші емес. Сонымен, Семіз-Найман, Садыр, Матай ішіндегі Құдайсүгір, Қаптағай, Жұмақан сияқтылардан аналар алады. Тобықты ішінде Құнанбай, Ырғызбай, Қаратай, Сүйіндік сияқтылардан мыналар алады. Бұлар ешуақытта қалың шоғыр боп жүрмейді. Жалғыз аяқ, жүргінші сияқты ғана болады. Тағы бір тәсілдері: Тобықты жігіттері Найман ішіне барғанда, өз қолдарымен мал алмайды. Ондағы жолдастары кімнен алуды, қанша алуды өздері шешіп, өздері шығарып береді. Тобықты ішінде Балағаздар да сүйтеді.

Екі жағы да жол мен жерге аса жүйрік. Жолшыбай қай сулар елсіз, қандай даламен жүргінші аз жүреді? Қандайлық елеусіз адырлар, сай-салалар бар, баршасын жаттап алысқан. Екі топтың да ең үлкен айласы қуғыншы мен жоқшыны адастыруға жұмсалады. Бұл орайда бәрінен шебер Балағаз. Өзі тапқан айла-тәсілін бар жолдастарына ол үнемі үйретіп отырады.

Сүйтіп, айналдырған алты-жеті жігіт, тура екі дуан елдің жуан-жуан жерлеріне құйындай соқтықты. Өңшең өжет жандар, ұялас бөрідей тиді.

Құнанбай мен Байсалдардың ақылын тауысқан бір нәрсе: мал алушы жаулардың бірде-бір уақыт көзге түспейтін тығылғыштығы болатын.

Әрдайым, таң ата, жылқы алынғаны білінісімен, жоқ қараушылар жабыла атқа мінеді. Екіден-үштен бөлініп ап, шапқылап отырып, айналаның бәрін сүзеді. Керей, Найман, Қаракесек жақтарға кететін жау болса, соларды еріксіз көрсететін тұрғы-тұрғының бәрін алады. Күні бойы тас-тастан қарауыл қарап отырады.

Бірақ, әрқашан: «Ұшқан шыбын, жорғалаған қоңыз жоқ» деп қайтып келеді.

«Іште қалады! Шыңғыс ішіне тартады!» деп, ол жақты да арылтады. Сонда да дерек болмайды.

Балағаз болса, өз айласын қатерге сүйеп, үлкен ерлікпен істейтін. Ол қадалған аулынан қалаған малын алысымен қаша жөнелмейді. Найманға да тез жөнелтпейді. Қайта бес-алты күн өткенше, жұрт аяғы басылғанша, Тобықтының өз ішінен тапжылтпайды. Алысқа да әкетпейді. Тіпті, сол мал жоғалтқан ауылдың дәл өзінің қасында, қой ерісіндей ғана жерде жүреді.

Сезікті болатын қиындарға, қарауыл биіктерге әсте жоламайды. Бұл жазда ол жерлерді шалғыншылар ғана кезетін.

Бір алғанда, жылқыны бес-алтыдан артық алмайды. Сол топты, жылқы ішінен шығарып алысымен, Балағаз өз жігіттеріне тегіс мінгізіп қояды.

Жылқы алардың алдында бұл жолдастарын жаяу ұстайды. Оларда жүген мен ішпектен басқа түк болмайды. Түн ішінде елеусіз бір адырларға соларды әкеп тастайды да, Балағаз, Әділхан, Абылғазылар жылқы әкеледі.

Алынған жылқыны жігіттер мініп алған соң, Балағаз өзі әрқашан қарауылда отырады. Аналар ойда жатып, мұның белгісін тосып отырады. Ауыл жақтан шыққан қуғыншы мен жай жүргінші көрінсе, Балағаз саспастан отырып, бетін бағады. Жігіттеріне бұйрық етіп аттарына мінгізіп қояды да, анау кісілердің бетінен ғана тайдырып отырады. Олар әсте қашпайды, тек қана бір бел асып түсіп, бір қолаттан екінші қолатқа ғана ауысады. Сүйтіп, кей уақытта жоқшылар мен бұл жігіттердің арасында бір-ақ қана далда, бір ғана бел қалып отырады. Малы алынып, сабылып жүрген ауылдың иегінің астында болады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий