Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сондай әңгімелер тұсында Балағаз бен Абылғазы тыным таппай әбігер боп қалушы еді. Базаралыға қадалып кеп: «Ақыл-айла тапшы, бет нұсқап, жол көрсетші! Істерлік іс бар ма? Соны айтшы?» дей беретін. Бірақ Базаралы ол сұрақтарына жауап айта алмаған.

Ақыры, ендігі өмір өзгеше боп кетті.

Балағаз бен Абылғазы екеуінің түнделетіп атқа мінетінін Базаралы көпке шейін білген жоқ. Ең алғашқы кезекте Майбасар жылқысы жоғалды. Одан кейін Жақыптан алынды. Осының жаманат сияқты хабарын естіп жатқанмен, Базаралы елең қылмаған. Үшінші кезекте Ырсай жылқысы алынды. Дәл осы орайда Базаралы бір түнде ұйқтай алмай, аунақшып жатып, таңға жақын тысқа шығып кетті. Көпке шейін үйге кірмей, далада болған.

Үй сыртындағы көгалға барып, таң салқынға төсін төсеп, жапа-жалғыз ойланып отырып қап еді. Жап-жақын жерде көрші ауыл бар-ды. Қарашаға қараған төрт-бес үй болатын. Сол ауылдың Ақтөс дейтін бір сақ қаншығы болушы еді. Таң жаңа ғана сызып атып келе жатқанда Базаралы Ақтөстің үргенін естіп, елең етіп қалды. Шабаланып тұрып, оқыс үрді. Анық кісі көргенде үретін үрісі.

Бұл не қылған бөгде кісі екен? Білейінші, - деп ойлап, Базаралы тосып қалған. Аздан соң Қарашаның. аулындағы шеткі үйдің тұсына екі атты кісі келді. Ол үй Абылғазының отауы болатын. Аттылардың біреуі сонда қалды да, екіншісі бері жүрді.

Базаралы ең әуелі Аққұйрық атты таныды. Балағаздың жалғыз аты. Белгілі жүйрік Аққұйрық ат, бүгін бір суыт жүріс көрген сияқты. Ширыға тусіп, сумаңдап келеді екен. Әуелде Базаралы: «Бұлар бозбалалық қылып жүр екен-ау» деді.

Бірақ өзі орнынан қозғалмай, бой көрсетпей отырып, байқаса олай емес.

Балағаз сойыл сүйретіп келеді. Базаралының жүрегі түршігіп кетті. Өңі сұп-сұр боп, қадала қалды. Енді көгалға жантайып жатық, білінбей бақыламақ болды.

Дәл ауылға тақай бергенде, Балағаз Аққұйрықтың басын тартып, ақырын ғана ілбіп келді, тіпті жақындаған кезде атынан түсіп, жаяу жетектеп ап» ең әуелі қолындағы сойылын өз отауының белдеуіне шанышты. Күндегі тұратын орны сол болатын.

Осыдан кейін Аққұйрықты жетектеп алып, ауыл қасындағы бір жықпыл жартастың арасына қарай тартты. Базаралы байқап отыр. Аққұйрық қан сорпа боп келген сияқты. Мезгілсіз жүрген жігіт, өз жүрісін өз аулынан да жасырмақ көрінеді.

Аздан соң атын тас арасына бекітіп тастап, жалғыз қайтып кеп, үйіне кірді.

Базаралы ел тұрғанша ұйқтаған жоқ.

Қараша аулының сыртында да қиын тастар бар болатын. Соған апарып бекіткен Абылғазының атын да көріп қайтты. Енді Базаралыда тақат жоқ. Іші толған ызалы, долы ашу. Үй ішіне үн қатпай, сұрлана береді. Анда-санда дірілдей түсіп, қиналып қалады.

Түс ауғанша, бірдеңені тосқандай болатын. Ойлағандай, түс қия берген кезде, көрші ауылдан қайтқан Қаумен тағы бір хабар әкелді. Өткен түнде Ырсай жылқысы алыныпты.

Осы хабарды Базаралы есіткен кезде, Балағаз да ауыр ұйқыдан тұрып, тысқа шығып жүр екен. Базаралы беліне белдігін буынып, бір жаққа баратын кісі сияқты әзірленіп алды да, әкесіне келді.

– Сөйлесетін жай бар еді. Тысқа шығайықшы! - деп, әкесін ертіп шығып, дөң басына қарай бастады. Жолшыбай өзі дауыстап Балағазды да шақырды.

Ұзын бойлы, қапсағай денелі, қарасұр жігіт Балағаз да келді.

Аздан соң Базаралы қабағын түйіп ап, әкесіне суық қарады. Әрқашан нұрланып тұратын қызғылт жүзі аппақ сұр болып, қанын ішіне тартып апты.

Үлкен өткір көздері қанталап, қызарып кетіпті. Демі дірілдеп, даусы қатты шықты.

– Әке, жыртық лашықтың да шүкірі бар. Қара-қасқа кедей болсам да, қара ниет болмаспын деуші ең. Жамандық сенің жатың. Қасиетің сол еді. Сен қартайған шағыңда бізді қара басайын деді ме?.. - деп, үні бұзылып, тоқырап қалды.

– Не дейді? Мына шіркін не деп отыр?! - деп, Қаумен үркіп қалып, Балағазға қарады. Балағазда үн жоқ. Базаралы іле жөнеліп:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий