Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Абай Кунанбаев – главный герой романа. Он историческая личность, великий поэт, основоположник казахской письменной литературы. Роман повествует о жизни народа XIX века, которая полна драматизма и противоречий, надежд и чаяния народа Казахстана, о его духовном облике, национальном характере.

Путь Абая. Книга I / Абай жолы. I кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Оған қарама, маған қара! Менен сұра!.. Әнеугүнгі Майбасар жылқысы мен өткен түнде алынған Ырсай жылқысының ұрысы табылды. Ұрысы - тап мынау отырған сенің ұлың Балағаз, - деді. Қаумен шошып кетті.

– Не дейді?.. Не дейсің?

– Солай... сүйдеймін. Кәне, танып көрші! - деп, Базаралы енді ағасына қадалды. Балағаз да ашулы еді. Қорқақ емес-ті. Мынау жерде қысылса да, есінен айырылған жоқ.

– Айт! Не көрдің, не білдің? Не деп ширығып отырсың? Жөніңді айтшы!

– Таңертең Абылғазы екеуің ұрланып келгенде, мен тыста отырғам.

Аттарың анау тастарда қазір осы шаққа шейін суып тұр. Өлсең де, шыныңмен өлші, тым құрмаса... Ұрладың ғой. Танба! Еркек болсаң, шыныңды айтшы! -дегенде, Балағаз жалтарған жоқ.

– Рас... Айтқаның рас! - дей берді.

Қаумен өмірде естімеген сұмдығын көргендей, сескеніп кетіп:

– Балағаз, құдай төбеңнен ұрсын! Уа, құдай төбеңнен ұрсын, Балағаз!.. -деп, зарлай берді.

Қарсысында отырған ағасына Базаралы қатты жирене қарап қап, бір сәт қалшылдап қайнап кетті де, үн қатпастан тап берді. Қауменнің екі ұлы да арыстай үлкен, қабыландай қайратты болатын. Екеуінің қол-аяқтары, емен шоқпарлармен қағысқандай сатыр-сұтыр тиісті. Балағаз асығыста орнынан тұра алмай қалып еді. Бірақ, лезде ашу шақырып, айла тауып, Базаралыны аяқтан қағып қалды. Інісі сүріне бергенде, сол бейімдеген жағына қарай қойып жіберіп құлатардай боп еді. Бірақ бұдан кері айлаға басымырақ келген Базаралы майыса беріп, жалт бұрылды. Шапшаңдығы шалқыған жалындай боп, лап беріп кеп, Балағазды бас салды. Жыға сала, сол қолымен кеңірдектен буындырып жатып, оң қолын қынына сермеп, өткір сап пышақты жарқ еткізіп жұлып алды...

Тізерлеп жатып, даусы шықпай, қырылдап тұрып:

– Бауыздаймын! Ағам болмақ түгіл, әкем бол!.. Жоқ қыламын! - деп, сар пышақты Балағаздың кеңірдегіне тақап қалды. Жалғыз-ақ Балағаздың тыпыры мен сермелген қолдары ғана бөгеп жатыр.

Ағасынан Базаралының күші басымдап кетті. Сығымдап тұрып жеңіп ап, енді бауыздарманға келіп еді. Сол уақытта мұның оң қолына әкесінің қос қолы кеп жабысып қапты.

– Тоқтат! Ой, кет, ит! Не болды, екі ит?! Тұр былай! - деп кеп, Қаумен Базаралыны сүйреп алды.

Балағаз інісінің шеңгелінен босап, басын көтере берді. Бірақ енді алысуды ойлаған кісі емес. Ес жиып, басқаша күш тапқандай. Базаралыға кінәлай қарады да:

– Ой шіркін! Ит те болсаң, ұяласымсың. Кіші басыңмен кеудеме шыққаныңды не дейін! Қиналсам да сол ұяластығыңды қиям ба? Білген ақылың со ма? - деп, соңғы сөзін зекіп, ақырып айтты.

Базаралыда үн жоқ. Түйіліп отырып қапты. Балағаз енді түзеліп ап, сатырлатып сөйлеп, сурыла жөнелді.

– Сен сұрадың, іріккенім жоқ! Сырымды аштым! Тансам, қайтіп мойныма салар едің? Ұрыға мал аз ба? Мына тұрған Керейді торып келдім десем не дер едің. Құнанбай түгіл, құдай болсын, із-тозын тауып көрсінші кәне!

Танытпайтын, таптырмайтын қып істедім. Бірақ осы істегенім ұрлық па?

Сұрасаңшы, білсеңші! Басым үшін істеп отырмын ба? Ауқымым үшін істеп отырмын. Арамға жерік боп істеп отырғам жоқ. Жиреніп істейім. Бірақ істегенім істеген. Мен - жоқпын, ол - бар. Менің жоқтығым оған барлық боп жабысқан. Жерім қайда? Кегім, есем қайда? Оның несі құриды? Асып-төгіліп жатқан артығы ғана шашырайды. Менің аш-арығым өлімнен қалады. Бойыма жимаймын. Айналамды ажалдан алып қалам... Басым кетсін, маған десе. Бұл жолымнан тоқтатпайсың... Бардан алам, жоққа берем. Жаман, сасық ұрыңды тапқан екенсің? Мен ұрысы емеспін, өшімін. Жоқ-жітікке, әлсізге тисем, айтсаңшы!.. - деді.

Қаумен Балағазбен салғыласқан жоқ. Айтқан сөзіне бойлаған да жоқ. Оның шошығаны жалғыз-ақ жай. Баласы не десе де, Қаумен қазанына кісі асын салмайды. Сондықтан, бір-ақ түйіп байлағаны - Балағазды өз қасынан қуу болды.

– Көш! Көш! Қасымнан кет!.. Көрмеймін! Қазір көш! - деп, бұйрық берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий