Knigionline.co » Казахские книги » Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов

Книга «Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Мухтару Ауэзову удалось раскрыть истинный образ писателя Абая, который оставил грядущим поколениям духовное наследие народа. Мухтар Ауэзов – великий мыслитель, он смог передать целую историю о жизни Абая. Чингиз Айтматов говорил: «Когда я еду в другую страну и переступаю порог других людей, есть два рода сокровищ, которые я всегда лелею и лелею с собою: одно — «Манас» и другое —Мухтар Ауэзов».

Путь Абая. Книга IV / Абай жолы. IV кітап - Мухтар Ауэзов / Мұхтар Әуезов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сондықтан да қалаға қашумен Абайды қырдағы көп әлектен құтқардым ба деп еді. Қырда болса, бұл істің арты бүгін ауыл шауып, барымта алысуға соғар ма еді? Немесе ақсақал, билер тергеуіне, кесіміне айдап салып, Мәкенді бұдан айырып, Дайырға қайырар ма еді, Дәрменді жазалап, мал-мүлік айыбын кесіп, әуелі тонап алып, содан әрі аластап, ел ішінен айдап тастар ма еді. Тіпті ызалы, жыртқыш боп, бұның басын жарып, көзін шығарып қор етуге де барар еді. Ол жағы сол! Бірақ бұнда да қуаныш пен азаттық құшағын жайып қарсы алып тұрған жоқ. Алдағының бәрі бұнда да тас қараңғы.

Қазір басталатын әлекті көп күдікпен қинала ойлағанда, Дәрменнің маңдайынан ыстық тер шыққандай. Деміне өксікті жалын араласқандай боп кетеді. Сондай бір кезде, бұның жалғыз жұбанышындай боп Әбіш мінездері еске түседі. Жаңа келіп кеткен Әбіш айнымас дос қалпында. Жаңа бұлардың түгел тобына арнап айтқан сөздері сабырды да, қайратты да молайтып, күшейткендей.

Әбіштің осындай сөзі мен ақылы болмаса, Дәрмен сонау кеште дәл сондағыдай боп ашылмас еді. Тегі, оңаша сыр түйіскен шақта Әбіш айтқан бір жай болатын. Алдағы қиындықты болжай тұрып ол:

– Дәрмен, сен жасқанба! Мен білемін, сен әсіресе Абай ағаңды қинаймын ғой, дос-жаранды әлекке салам ғой деп жасқанатын шығарсың. Ең алдымен осындай күдікті жой. Әрине, жеңіл емес. Ауыр әлек, үлкен салмақ саласың дос-жараныңа. Бірақ сен Дәрмен болмай, әлдебіреу болсаң, бұлай жасқану, именуге болады. Ал сенің басың үшін, мен айтайын, өзім де, әкем де бар салмағыңды күйінбей көтереміз. Мағаш, Кәкітай да сенің жайыңды дәл осы менше, айнымай ұғынады деп берік сенемін. Менің бұл сөздерімді Мәкен екеуің қоса ескеріңдер! – деген.

Дәл қалаға аттанарда өзін шығарып салған Дәрменге Әбіш соңғы жайды тағы да айтқан. Бұл кезде Мәкен мен Дәрменнің қосылмаққа бел байлаған, бекінгені Әбішке анық мәлім еді. Сол себепті қаладағы Абайға алдын ала Дәрмен жайын білдіріп, ұғындырып қоюды Әбіш өз мойнына алған. Кешегі Абайдың ажары Дәрменге көп жайды танытты. Абай Әбіштен Дәрмен сырын білген де, ішке түйген тәрізді. Сондықтан да "Әбіш арыз жазсын", "Жастардың мекені ар жақ, оқшау түкпір болсын", "Осы түнде ар жаққа Сейіл өткізіп салсын" – деген Абай, енді Дәрмен ісінен сырт қалып отырған жоқ. Ашылып, шешіле сөйлемесе де, ендігі Абай, бұдан былайғы Дәрмен ісі мен сөзіне жауап беруге көнген, мойындаған Абай.

Әбіш болса, сол айнымаған алғашқы бетінде бұлар үшін алысқа кірісіп, әкесі Абай үшін де, өзі үшін де іс бастағаны жаңағы. Осыларды ойласа, Дәрмен көңілі толас тауып, үлкен бір жұбаныш, тыныс алады.

2

Келер сәскеде, Сәменнің үйі ойлаған үлкен қауіп, жол тауып келіп қалды. Түн бойы Затонға жетіп, тыным таппай, әр көше, әр үйді тімтіне баққан Қорабай мен Дайыр осы Затоннан өздеріне таныс үй тапқан. Сол үйлердің біреуі, шарбақ құймасы бар, кішкене ғана тоқал үй Сәмен үйіне құймалас боп шықты. Өткен кеште жаңағы шарбақ тесігінен сығалап қарап жүрген ұйқысыз бір кемпір бар еді. Сол кемпір сәскеде келген Қорабай мен Дайырға түн бойғы бар сезгенін баян еткен. Сол-ақ екен, Дайыр мен Қорабай Затонның басқа көшелері мен оқшау түкпір қалтарыстарына таратқан жолдастарын іздетіп, жинастырумен болған.

Өздері шарбақ арасынан баспалап қарап, Сәменнің кішкене көне қорасынан көз айырмай үнсіз отырысқан-ды. Осы қарсаңда таңертеңгі пароммен ар жақтан өткен қос салт атты, Мұқа мен Әлмағамбет те Сәмен үйіне келді. Аттарын қораға байлап, Айшаның бастауымен олар да кірген-ді.

Сонымен, таңертеңгі шайды Сәмен үйінің жасырын қонақтары ішіп бола бергенде, жаулар саулап келген. Жат жүрісті, жау ниетті адамдардың жеткенін ауыз үйде, самауыр қасында, есікке тақау отырған сергек Айша бұрын аңдаған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий