Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ондай-ондай болады, жолдас Голощекин, сізді кінәлау да қиын. Сіз бұл елдің тұрмысын, салт-санасын, психологиясын әлі білмейсіз. Ә дегенде сізге көп нәрселер ерсі көрінуі әбден мүмкін. Қолымен палау жеп отырғандар, әрине, сізге одағай, оғаш көрінеді. Бірақ дәл бүгінгі таңдағы зәрулік тамақты қалай жеуді үйрену емес, сол тамақты қалай табу әрекеті. Осыған көмектесіңіздер. Біз Мусбюроның үшінші және ақырғы конференциясын, өлкелік партия ұйымының бесінші конференциясын өткізуге дайындалып жатырмыз. Мен, өздеріңіз білесіздер, ТүркЦИК-тің төрағасы ғана емес, Мусбюроның да төрағасымын. Мусбюро бір жыл ішінде өзіне жүктелген міндетті атқарып шықты. Енді оны жауып, барлық партиялық басшылықты Крайкомның қолына беретін кез келді. Осы конференциялардың жұмысына сіздер белсене қатысады деп сенемін.

Түрккомиссия мүшелері Рысқұловтың бұл пікіріне қосылатындықтарын айтты. Бірақ алдағы бесінші конференцияның барысында талай айқастың боларын олар әлі аңғара қойған жоқ. Алдарында отырған Рысқұлов қиян-кескі айтыста конференция делегаттарын түгелдей дерлік өз жағына тартып алып, бүкіл конференциядан қолдау тауып, өз ұсынысын өткізіп жіберерін Элиава да, Куйбышев те, Рудзутак та, тіпті Голощекин де әзір сезбейді.

* * *

Рысқұлов шырт ұйқыдан оянып кетті. Әлдекім бүйірінен түртіп-түртіп жібергендей болды. Жан-жағын сипалап еді, Наташаның орны бұрынғыдай бос екен. Жүрегінің тұсы шым-шым етті де басылды. Енді қайтып ұйықтай алмасын білді де, сипалап, жанындағы орындықтан көзілдірігін тауып алды. Ың-шыңсыз киінді де далаға шықты.

Қытымыр аяз жып-жылы төсектен шыққан бетті шымырлатты. Ташкент қанша жылы десе де, қаңтар таңы қату екен. Аулада қырбық қар қыршылдайды. Бақтағы ағаш біткенге ақ қырау тұрып, қыбыр етпей мүлгіп қалған. Әлі таң қараңғысы болса да дүние сүттей ағарып көрінеді. Тек дәу шынардың кейбір бұтақтарына қырау жұқпайтындай, қараң-құраң болып тұр.

Рысқұловтың ұйқысы шайдай ашылып, бойы сергіп сала берді. Оның тірлігін, оның жер басып жүргенін әлемге, мына ұйқы құшағында жатқан бүкіл Ташкентке әйгілегісі келгендей, аяқ астынан қырбық қар қаршылдайды. Иә, Рысқұлов тірі. Рысқұлов жер басып жүр. Жиырма төрт-ақ жасаған жас өмірде ол талай рет өліп кетуі мүмкін еді. Басқаның бәрін қойғанда, бұдан дәл бір жыл бұрын, дәл осындай аязды қаңтар түнінде Осипов он төрт комиссарды атып жіберіп, орасан ойран салды. Рысқұлов сонда ғажайыптан аман қалды. Осипов ойсырап жеңілді, бірақ Рысқұловқа арналған оқ бір мылтықтың оқпанында әлі тығулы жатқан шығар. Ол қашан атылады, Рысқұловтың тыным білмес, дүлей от жүрегін қашан теседі – болжап болмас.

Міне, сол тынышсыз, тынжылы жүрек оны қазір де төсектен беймезгіл тұрғызып, атар таңда тағы бір тәкаппар іске бастап тұр.

Тынышсыз жүрек таңғы тәтті ұйқыны Рысқұловтан тартып алды. Ежелгі әдет. «Оян, Тұрар!» – дер еді әкесі оған Алматының көк қақпалы түрмесінде жатқанда. Титтейінен сүйекке сіңіп қалған сергек ұйқы. Басындағы сұр фуражка аяз шымшылаған құлағын қорғай алмаған соң, сұр шинельдің жағасын көтерді. Кеше ол Мұсылман коммунистерінің III съезінде делегаттардың өтінішімен суретке түсті. Онда да үстінде осы сұр шинель, басында сұр фуражка бар еді. Жүзге тарта делегаттар Мусбюро үйінің алдына шығып, фотографтың оймақтай объективінің ішіне сыйып кетті. Жалғыз үстелдің басында Рысқұлов, Тұрсынходжаев, Низам Ходжанов, Санжар Аспандияров отырды да, басқалар сол төртеуін төңіректеп, алдыңғы қатардағылар жамбастап жатысты. Басқалары сатылардың ең биігінде, екі делегат «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» деп арап әрпімен ұран жазылған қызыл матаны керіп ұстап тұрды. Бір делегат Маркстің, бір делегат Лениннің, тағы біреуі Зиновьевтің портреттерін көтеріп алған. Зиновьев Ленинмен жауласып, партияға қарсы шығарын олар әлі білмейді. Уақыт нышанының бірі осы суретте сақталған. Адамдардың көптігіне қарамастан, сурет тас-түйіндей жып-жинақы болып шықты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий