Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Неге, Шалва Зубарович? – Рудзутактың қою даусы естілді. – «А» айтылған соң «Б» да айтылу керек қой. Филипп Исаевич көшпенділер туралы мақала авторымен келісетінін білдіріп отыр. Енді Рысқұлов жолдасты да тыңдайық. Бұл мәселені ашып алғанға жақсы ғой, солай емес пе, Валериан Владимирович?

Куйбышев ақырын ғана арыстан жал басын изеді.

– Оқимын, – деді Рысқұлов алтын жиек көзілдірігін ақ бәтес орамалмен мұқият сүртіп болған соң. – Мақала «Кушекинге жауап» деп аталады. «Кешіккен сауал, жолдас Кушекин. Мұндай сұрақты бұдан екі жыл бұрын қою керек еді. Аштықтың белгісі шыға бастағанда-ақ үн шығару керек еді. Менің Денсаулық сақтау комиссариатынан өз еркіммен босанып, Аштықпен күрестің Орталық комиссиясын тез құруды талап етіп, өзім соған төтенше комиссар болып тағайындалғанымды, аштарды аман алып қалу амалдарын айтып, ТүркЦИК-тің мәжілістерінде талай-талай жанталаса айқай салғанымды, сіз қалай демде ұмытып қалдыңыз? Көшпенділердің күні біткен, олардың бәрібір болашағы жоқ, сондықтан мемлекет қаржысын оларға бөлудің де қажеті жоқ деп сірескен сіз емес пе едіңіз, жолдас Кушекин? Аштар қырылып жатқанда сіз қайда болдыңыз? Олардың жанына жақындауға жиіркеніп, мұрныңызды баса қашқаныңыз қайда? Ауру жұқтырып аламын деп шошынғаныңыз қайда?

Патша заманы дедіңіз-ау, патша қазақтарды, яғни, сіз айтқандай, киргиздарды отырықтандыруға жағдай жасады дедіңіз-ау. Сіз, максималист Кушекин, Столыпин премьер болған кезеңді шыннан ұмыттыңыз ба? Бірінші думаны құлатқан толқынның көбігінен пайда болған Петр Аркадьевич Столыпин премьер болған 1906-1911-жылдар – қаратүнек реакция жылдары деп аталып кеткенін бүкіл сауатты қауым білгенде, сіз қалай білмейсіз? Столыпиннің аграрлық саясатын қалай ұмытасыз? Сулы, нулы, шұрат жерлердің бәрін тартып алып, переселендерге беріп, қазақтарды, яғни сіз айтқандай, киргиздарды қу тақырға, шөлге, тауға, тасқа түріп тастағанын сіз шыннан ұмытып қалдыңыз ба? Сол жерлерге ол бейбақтар мына кеңес заманында да жете алмай отырғанын сіз шыннан білмейсіз бе? Мысалы, Жетісуды, Әулиеатаны, Шымкентті алыңыз. Шұрайлы, сулы жерлерде қазір кімдер отыр?

Көшпенділерде ғылым, білім, мәдениет болуы мүмкін емес дедіңіз-ау. Көшпенділердің жан дүниесі, оның көкірегін жарып шыққан мәңгілік жыр мен музыка туралы сіз не білесіз? Дәл осы халықтың арасынан шыққан бүкіл әлемге әйгілі «Екінші Аристотель» – «Әл-Фараби, аса дарынды ғалымдар, дана ақындар, композиторлар Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Асан Қайғы, Бұхар, Абай, Махамбет, Құрманғазы, Ықылас, тағы басқа толып жатқан жәуһарлар туралы сіз не білесіз?

Жаратылысында бір халық дарынды, басқа бір халық дарынсыз болып тумайды. Қазақ халқында академия, университет, мектеп болмаса, ол оның басқа халықтардан гөрі ақылының аздығынан емес, жолдас Кушекин! Қазақ халқы өзінің тоқсан тарау тарихында қилы-қилы замандар кешті. Жан-жағынан қамалаған жаулармен жаға жыртысып, жерін, елін сақтап қалу қамымен ол академия аша алмады. Көшпенді-көшпенді дей бересіз. Сол көшпенділер отырықшы да бола білген. Бір кезде Сырдың бойы, Талас пен Шудың, Іленің бойы сыңсыған қалалар болған. Олар жер бетінен өзінен-өзі жойылып кеткен жоқ, зілзала яки мұз көшкініне де ұшыраған жоқ. Олардың қалай қирағанынан сіз хабардар болсаңыз керек еді, жолдас Кушекин...».

Рысқұлов газеттен басын оқыс көтеріп алды да, меймандарына қарады:

– Кешіріңіздер, мен сіздерді жалықтырдым білем. Ар жағын оқымай-ақ қояйын.

– Сіз бізді жалықтырған жоқсыз, Тұрар Рысқұлович, – деді Шалва Элиава ризашылық пішінмен,–қайта біраз нәрсеге біздің көзімізді жеткіздіңіз.

– Бәрі де әлгі қасық пен соқадан шығып кетті ғой, – деп жымиды Рысқұлов. – Қалай, Голощекин жолдас, енді соқа бересіз бе? Қасық өзімізден де табылады.

– Иә, иә, менікі әбестік, «культртрегерлік» болған екен, – деп Голощекин сояудай саусақтарын сырт-сырт сындырып, қытырлатып жіберді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий