Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Мына есектері тезек тастап, жолды былғап болыпты. Тым құрыса, жүретін жолды тазалатайық.

– Оның дұрыс. Қаланың райысына тапсыр. Станция бастығын шақырып айт, – деп келісті Рысқұлов.

Түркістан басшылары Түрккомиссиясын күтіп алу үшін вокзалдың алдына, перронға шықты. Перронда сырнайшылар, оқушылар тізіліп тұр екен.

Ташкентке пойыз таңсық емес. Бірақ жасыл-сары бау-бақша бұлымынан бұлаң етіп, «отарба» көрінгенде, ташкенттіктер пойызды тұңғыш рет көргендей:

– О-о-о-о! – десті.

Кернейлер мен сырнайлар қарлығып барып, үні ашылып, лекілдеп берді. Биқасап көк шапан, ала тақия киген, күйек сақалды, жалпақ мұрын қара шал жорғалай басып, билеп ала жөнелді. Оның соңынан жігіттер де шықты.

Түрккомиссия Элиава бастап вагоннан шыққан кезде, перрон үсті шат-шадыман күй мен би болатын. Шалва Элиава вагонның тұтқасынан ұстап, баспалдаққа аяғын сала беріп, мына тамашаға таңырқағандай, бір аяғы салбыраған күйі тұрды да қалды. Жанына жақындап келіп, қолын созған Рысқұловты Элиава құшақтай түсіп:

– Жасасын, кеңестік Түркістан! – деп дауыстап жіберді.

Бұйра шашты, тып-тығыз қою қара сақал-мұртты, шағын бойлы Элиавадан соң, еңгезердей ересен денелі, ұзын бойлы, сары шашты Рудзутак, одан соң маңдайы кереқарыс, жайсаң жүзді, шашы дудардай Валериан Куйбышев түсті. Соңын ала кібіртіңкіреп, басқыштың өзіне сидаң аяғын бір салып, бір тартып алып, вагон тұтқасының өзін қолымен сүртіп көріп, содан соң барып ұстап, қабағы кіртиіңкіреп, жылмағай шашты, текесақал Филипп Исаевич Голощекин сазарыңқырап барып, табаны тисе Түркістанның жері ойылып кететіндей, абайлап қана перронға аяқ тіреді.

Рысқұлов ішінен: «Мына кісі ұзақ жолды көтере алмай, сырқаттанып қалғаннан сау ма?» – деп секемденіп қалды. Онымен амандасып тұрып, өзін таныстырып болып, Рысқұлов:

– Қалай, жолдан арыған жоқсыз ба? – деп сұрады.

– Айтпаңыз, жолдас Рысқұлов, азап... азап... – деп Голощекин сидиған салалы саусақтарымен маса жасқағандай, ауаны желпіп-желпіп қойды. Содан соң у да шу перрон үстіне мөлие қарап, аты белгісіз аралдағы жабайы адамдарға тап болғандай, тапжылмай тұрып алды.

Ал бұл кезде Шалва Элиава әлі жалпақ мұрын, күйек сақал, аңқылдақ шалмен жарыса билеп жүр екен. Рас, оның биі шалдікінен қимылы бөлекше; аяқ-қолы қанжардай қадалып, дік-дік етеді екен. Зурнайшылар мен кернейшілер құрметті мейманның өзі билеп кеткеніне керемет мәз болып, музыканы құтырта тартып, лекілдетіп ала жөнелді.

Бұл қызыққа күліп тұрған Куйбышев пен Рудзутакқа әлгі шал билеп келіп, биге шақырып жүр еді, ана екеуі қолдарын кеудесіне басып, ізет көрсетіп, би білмейтіндерін айтты. Жалпақ мұрын шал да кемпірі ұл тапқандай еліріп алған екен, ары-бері ойқастап жүр, Голощекиннің алдынан қоқиланған қораздай шықпай қойды. Голощекин азарда-безер болған адамдай қос қолмен жасқап:

– Нет, нет! – деп безек қақты. Шал да қиқарланып, қайта-қайта «бикезек» тастап, айналдырып алды.

– Жолдас Рысқұлов, Құдай үшін айтыңызшы мынаған бірдеңе, – деп жалынғандай болды Голощекин. Жалпақ мұрын шал Голощекинге көзін қысып қалып, төбесіндеті тақиясын құйқасымен қимыл-қимыл еткізіп қойып:

– Шом дилә, тәуеріш нәшәндік, не нураутса, дә? – деп тепсініп қалып, кеудесін ашып кете барды.

Рысқұлов вагонның тепкішегіне көтеріліп, қолын көтерді. Керней, зурнай пышақ кескендей сап болды. Биші шал омырауы ашылып, пора-порасы шығып терлеп, ентігін баса алмай, аузы аңқайып, Рысқұловқа қарады.

– Жолдастар! Ташкентке Лениннің достары, серіктері келді. Лениннің тапсырмасымен келді. Бұл келіс кешегі патша генералдарының келісінен басқа. Түркістан елін ел етеміз, езілгендердің есесін алып береміз, теңдікке қолын жеткіземіз деп келді. Кешегі патшадан зорлық көрген, қорлық көрген Түркістан үшін бұл зор тарихи оқиға. Түрккомиссиядан біз көп жақсылық күтеміз, көмек күтеміз. Үмітіміз ақталады деп сенеміз. Хош келдіңіздер, құрметті достар! – деп Рысқұлов тепкішектен түсіп, орнын Шалва Элиаваға берді. Элиава жауап сөз сөйледі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий