Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көп кешікпей Наталья жолға жиналды. Нұқыл қарадан, басына қара шілтерлі қалпақ киді.

– Тұрарға оралсаң қайтеді? Жақсы-жақсы дәрігерлерге қаратар еді, – деп шешесі именшектеп, тағы бір тілегін айтқан. Қызы илікпеді:

– Менің емшектес бауырымды аттырған адамға не деп барамын? Рақмет айта барамын ба? Мен байсыз қалады екен деп қорықпа. Менің басып кеткен ізіме зар болып еңіреген ерлер аз емес. О басында бір қателік кетті, мен сезімнің құлы болдым, енді ақылдың құлы боламын.

Шешесі күрсініп-күрсініп, күйзеле басын шайқады.

– Ақылдың құлы болсаң, жанымызды сақтап отырған Тұрардың етегінен ұстап айырылма. Ол қарайласпаса, біздің күніміз не болады? Мына бір алақандай жерден де айдап шығады ғой бізді. Клевенцовтар аз емес қой, балам.

– Мама, сен бір нәрсені түсінбейсің. Рысқұлов президент болдым екен деп енді сабасына түсе қалмайды. Мен білетін Рысқұлов болса, ол енді бұрынғыдан бетер арпалыс жолына түседі. Сол президенттікте көп отыратынына да күмәнім бар. Өйткені ол ымырасыз адам, ал ымыраға келмейтін, тік жол, бірбет адамдар көпке шыдамайды. Не өзі өртеніп өледі, не біреулер өлтіреді. Екінің бірі. Ал күнкөріс болса, қайтеміз, бір амалы болар. Мен де жұмыс іздермін, яки жібі түзу бір адам табылар. Қам жеме, жалғыз емессің, енді ермегің бар. Баланы бақ. Ескендірдің ендігі анасы сенсің, менен оған енді қайран жоқ. Осы заманда соңынан бала ерткен әйелді кім алады? Мен әлі алдағы күнімді ойлауым керек. Ескендір өліп қалмаса, сенің жақсылығыңды қайтарар. Бұл тұқым – мойнына кісі ақысын артып жүретін тұқым емес. Бергенге – береді, алғаннан – алады. Ақысын алмай тынбайды. Әне, Рысқұлов та ақыры Аркадийді өлтірді ғой. Ал Аркадийге оның қанжары соноу бала күнінде-ақ қайраулы болатын. Солай, Елизавета Петровна...

Сөйтіп, «генералша» Ескендірді бауырына салды. Ақ ешкінің сүтімен асырады. Тағдырда тәлкек сияқты жайлар кездесе береді. Осы Ескендірі – Александр аталғандардың соноу-соноу атасы Александр Македонский, яғни Ескендір Зұлхарнай да осындай нәресте шағында ешкінің сүтін ішіп өскен екен деген лақап бар.

Бала үш-төрт айлығында Елизавета Петровнаға қарап, ыржиып күлетінді шығарды. Оған кемпір байғұстың іші елжірейтін болды.

– Ух ты, басурман, Искандер Турарович, – деп баланы құндағымен қоса жұлмалап ойнап, бауырына қысып-қысып құшырланатынды шығарды.

Балада әзір қайғы-мұң жоқ. Аспаны ашық, жан-жағы жаннатыдай дала, әріректе асқақтаған таулар, Теңбіл торғай шырылдаған, шолпанкебіс гүлдеген ойдым-ойдым жазиралар...

XII

Шалва Зурабович Элиава, Валериан Владимирович Куйбышев, Ян Эрнестович Рудзутак, Михаил Васильевич Фрунзе... Филипп Исаевич Голощекин – ВЦИК пен РСФСР Совнаркомының атынан, Ленин мандатымен келе жатқан Турккомиссиясының құрамы осы. Бұлардың арасында Фрунзеден өзгесі Туркістан өлкесін бұрын көрмеген. Фрунзенің өзі түркістандық, дәлірек айтқанда, жетісулық, одан да дәлірек айтқанда, туған жері Пішпек. Түрккомиссияның алғашқы келген тобының ішінде қазір Фрунзе жоқ. Ол әлі Колчакпен шайқасып жатыр. Ал Куйбышев те қазақ даласында туып өскен. Бірақ Қазақстанның ол жақ беті Түркістан өлкесіне қарамайды. Сол себепті Куйбышев те Түркістанға тұңғыш рет келе жатыр деуге болады.

1919 жылдың сарала күзі – қатарынан екі жыл қатты соққан ашаршылықтың бетін қайтарғандай кез еді. Тура вокзал басында, қалаға шығаберіс бетінде тізіліп есек арбалар тұр. Үйме-үйме қауын-қарбыз, төбе-төбе алма, алмұрт, шабдалы, анар...

Ала тақия, қара тақия кигендер, көк сәлде, ақ сәлде салғандар жан-жақтан айқайлайды:

– Алыңдар! Алма алыңдар! Арзан алма.

– Келіңдер, күләбі қауын жеңдер! Арзан қауын.

– Мына шуылдақтарды тыя тұрсақ қайтеді? Бәрін таратып, милиция қойып қоялық, – деді Тұрсынходжаев.

– Тимеңдер, – деді Рысқұлов. – Келген меймандар Түркістанды, оның астанасы Ташкентті табиғи қалпында көрсін. Бояма болмасын. Қазір көз бояғанмен, ертең-ақ олар өздері көреді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий