Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Бауырлар! – деп Шалва Элиава бұйра шаш басын шалқайтыңқырап шаттана шаңқ етті. – Біз сіздерге, Түркістан халқына Лениннің сәлемін ала келдік. Біз бір-бірімізге сенуіміз керек. Жаңа Рысқұлов жолдас дұрыс айтты: біз патшаның генералдары емеспіз. Патша генералдары Түркістанды жарты ғасыр бойына тонап, сіздердің еңбектеріңізді қанап, бар байлықты сорып келді. Оларға Түркістанның шексіз байлығы, шұрайлы жері керек болды, ал адамдары арзан жұмыс күші ретінде ғана қажет болды. Патша генералдары Түркістан халқын көгертейін деп ойлаған жоқ. Мектептер орнына түрмелер салды. Халықты қараңғылыққа ұстауға барынша ықылас қойды. Ал біз болсақ, Түркістан басшыларымен бірлесе отырып, халықтың әл-қуатын, мәдениетін көтеруге атсалысамыз. Түркістан тізгінін Түркістан халқының өзіне береміз. Жергілікті халықтың әдет-ғұрпын, салтын, дінін сыйлаймыз. Түркістанды ішкі-сыртқы жаулардан қорғауға барынша күш саламыз. Мен Түрккомиссия атынан кеңестік Түркістанға зор әлеуметтік табыс тілеймін, Жасасын революция! Жасасын Түркістан!

Кернейшілер мен зұрнайлар тағы да вокзал басын жаңғырықтырып әкетті. Бағанағы күйек сақал, жалпақ мұрын шал Шалва Элиаваға айқайлап:

– Дат! – деді.

– Не дейді? – деп сұрады Элиава Рысқұловтан.

– Сұрағым бар, рұқсат етіңіз, – дейді.

– Сұрасын.

– Датың болса, айт, – деді Рысқұлов.

– Сіз, ортақ нәшәндік, жаңа біздің әдет-ғұрыптарымызды, салтымызды сыйлаймыз дедіңіз. Және өзіңіз қуанышымызға қосылып би биледіңіз. Бұған біз жүдә құрсан болдық. Ал мына ортақ, атын білмеймін...

– Голощекин.

– Иә, ортақ Колошекин... Колошекин дей ме?.. – деп шал Голощекиннің бетіне бажырая қарады. – Осы жуықта ғана Кушекин деген біреу орнынан алынбап па еді?

– Жоқ, ол басқа, бұл кісі Голощекин.

– А-а, мейлі-мейлі, бірақ осы кісі біздің би билеп, қуанғанымызды, Лениннің достарын шаттана қарсы алғанымызды неге жақтырмай қалды?

– Жақтырады, неге жақтырмасын. Жәй, әншейін жолдан шаршап келген ғой, – деп күліп Рысқұлов шалдың арқасынан қақты.

– Лайым солай болсын, ортақ Рысқұлов. Лайым солай болсын, – деп, шал десе де Голощекинге әлі де сезіктене қарап кете барды.

Меймандар резиденциясына орналасып, демалып алған соң, ТүркЦИК-ке келіп, Рысқұловтың қабылдауында болды. Элиава ресми түрде Лениннің Түркістан коммунистеріне жазған хатын тапсырды.

– Жолдастар! – депті Ленин хатында. – Маған сіздерге Совнарком мен Қорғаныс Кеңесінің төрағасы ретінде емес, партияның мүшесі ретінде хат жолдауға рұқсат етіңіздер.

Түркістан халықтарымен дұрыс қатынас орнатудың қазір РСФСР үшін, әсірелемей айтқанда, орасан зор бүкіл дүниежүзілік тарихи маңызы бар.

Кеңес жұмысшы-шаруа республикасының осы уақытқа дейін қаналып келген әлсіз халықтарға қатынасының бүкіл Азия үшін, дүние жүзінің отарлары үшін, мыңдаған миллион адамдар үшін практикалық маңызы болмақ.

Рысқұлов Элиаваның қолын қысып тұрып:

– Сіздің рұқсатыңызбен бұл хат Түркістан газеттерінде жариялансын, – деді де көмекшісін шақырып алып, – Мына хат «Коммунист», «Туркестанские известия», «Иштракюн», «Ақжол» газеттерінің ертеңгі санында, бірінші беттерге көрнекті етіп жариялансын, – деді.

Элиава Түрккомиссия мүшелерінің міндеттерімен таныстырды. Мысалы, Голощекин жолдас партия құрылысы мәселесімен шұғылданады екен, Куйбышев әскери-соғыс саласымен айналысады.

Рысқұлов Түркістандағы жағдаймен таныстырып өтті. Көптеген қиыншылықтарды атады. Түрккомиссия мүшелерінен нақты және жедел көмек күтетінін білдірді. Мысалы, бүкіл Түркістанда жалғыз мұғалімдер институты бар. Оның өзі Ташкентте. Соны университетке айналдыру мәселесі. Жер-жерде институттар, мектептер ашу мәселесі.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий