Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Жо-жоқ, Шалва Зубарович, сабыр етіңіз. Мәселе принципте болып отыр. Тыңдаңыздар, сіздерге де зиян емес. Былай деп жазады: «Мал баққан көшпенділер дейтіндердің бәрі ежелден кедей, бейқам келетіні экономика ғылымының тарихынан белгілі. Олай болмасқа лаж жоқ қой: ғұмыр бойы көшіп жүрсең, қайдан байисың? «Екі кеште – бір жұт» деген ескі мәтелді еске алсақ, көші-қонды кезінде көп нәрсе қирайды, бүлінеді, ал киргиздардың көші-қонында сан жоқ, олар қайдан дәулеттенсін? Ал экономикалық әл-қуаты нашар елде рухани байлықтың болмайтыны да белгілі. Олардың ғылым мен өнер тудыруға жағдайы да жоқ... Көшпенділер отырықшылармен ешуақытта теңесе алмақ емес. Көшпенділер экономика жағынан отырықшыларға тәуелді болады, тіпті құлы болады десе де келеді. Ал экономикалық тәуелділік саяси тәуелділікке әкеліп соғатыны сіздерге белгілі...

– Жарайды, Филипп Исаевич, түсінікті болды ғой, – деп бұл жолы Элиава қатаңдау айтты.

Голощекин қыңбады. Ерегіскен сайын қыңырлана түсетін мінез байқатты. Тұла бойы тарамыстан тұратын адамдардың әдеті. «Тыныш отырыңдар!» – дегендей салалы саусақтарын ербеңдетті. Рысқұлов ойлады: «Саусақтарына қарағанда, осы кісі музыкант емес пе екен? Саусақтары Паганинидікіне ұқсайды. Ал музыка өнерін сүйген адам қатыгез болмаса керек».

– Сәл сабыр, жолдастар, қызығы әлі алда, – деп Голощекин оқуын сабақтай берді: – «Көшпенділердің отырықшылар құптамас ерекше мінездері бар. Көшпенділер үшін адам өмірі қымбат емес. Егер біреуді біреу өлтірсе, құн төлеп құтыла салады. Мал барымталау, қыз алып қашу ерліктің белгісі саналады. Ал мұндай жолмен табылған малдың қадірі аз. Оны төгіп-шашады, ақырында тоналған тозады, тонаған байымайды. Көшпенділер экономикалық яки саяси зауалдар соқпай тұрған кезде әлаулайлап жүре береді. Жер жетеді, таза ауа, күн жылы, шуақ мол. Ал жұмысқа құлықсыздық пен бейқамдықтың жазасын жұт кезінде тартады-ақ: мал қырылады, артынша өздері қырылады.

Мен білгім келеді: ау, киргиз зиялылары! Осы уақытқа дейін не бітіріп келдіңіздер? Арыз, шағым жазғаннан басқа не бітірдіңіздер? Көшпенділерді отырықтандыруға неге күш салмадыңыздар? Патшаны бұл жөнінен кінәлай алмайсыздар. Патша тәртібі – отырықтандыруды талап еткен және соны қолдаған. Жер шұқылап, егін егіп, бос жатқан жерді пайдаланса, ешкім тыйым салған жоқ қой. Заң қайта ондайларға сол жерді бекітіп берер еді. Отырықтану керек пе, керек емес пе деген дау туып жатқанда, сіздер қайда болдыңыздар, киргиз зиялылары? Кеңсе жағалап жүрдіңіздер ме? Ау, тіпті былтыр жұт жалмаңдап келе жатқанда қайда болдыңыздар? Газет бетінде неге дабыл соқпадыңыздар? Қоғамнан, үкіметтен көмек сұрап, үн көтерген қайсыңыз бар?..».

Голощекин кілт үзді де, отырғандарға қарады. Өзінің серіктері мүлде риза емес сияқты. Ал Рысқұлов, сирек күлетін Рысқұлов жымиып отыр екен. «Тістерінің әдемісін-ай, – деді ішінен Голощекин, өзінің ежелгі мамандығы тіс технигі екені есіне түсіп кетіп. – Тістері ірі-ірі маржан сияқты. Мен құсап Сібірге айдалып, қырқұлақпен ауырсаң, Рысқұлов, көрер едім, тістеріңнің қандай боларын». Сөйтті де, өзінің протез тістері орнында ма, жоқ па дегендей жағын уқалап қойды.

– Рақмет, жолдас Голощекин, – деді Рысқұлов жымиғанын қойып, атылатын садақтай ширыға түсіп. – Бұл атышулы мақаланы тағы да еске салғаныңыз үшін рақмет. Оның авторы Түрк-ЦИК-тің бұрынғы төрағасы Кушекин ғой. Агаревский бүркеншік фамилиясы. Бұл мақала Кушекиннің ТуркЦИК президиумы мәжілістерінің бірінде айтылған сөзі десе де болады. Дәл осы газетте менің Кушекинге айтқан жауабым да жарияланған. Уақыттарыңыз болса, рұқсат етіңіздер, мен оны оқып берейін. Міне, газеттің ол нөмірі... – Рысқұлов үстелдің ең астыңғы тартпасынан «Наша газетаның» біреуін суырып алды.

– Кешіріңіз, Тұрар Рысқұлович, өзі сәл ыңғайсыздау болды. Біз сізден оқуды талап етпейміз, – деп Элиава әдеппен ғана қызулы әңгімені аяқтамақ болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий