Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Түркістанның соңғы генерал-губернаторы Куропаткин мырза бұл елді сауатты ету үшін әлі мың жыл керек деген, – деді Рысқұлов. – Бақытымызға қарай, қазір Куропаткин жоқ, ол келмеске кетті. Бірақ Түркістанның кейбір коммунист басшылары мұндаға дейін сол Куропаткиннен аса ұзай алмай келді. Енді сол қатені түзетіп, тез іске кірісуіміз керек.

– Сіздің айтып отырған мәселеңіз дұрыс, – деп сөзге Голощекин араласты. – Мәдениет жоқ жерді жабайылық жайлайды. Мәдениетті ендіруіміз керек. Мен әлгіде тура базар басында қолымен плов, сіздерде қалай, иә, палау жеп отырғандарды көрдім. Сұмдық қой бұл! Нақты көмек дегенде мен өз міндетіме – Ресейден тездетіп бірер вагон қасық, шанышқы жеткіздіруді мойныма алайын.

Элиава басын шайқады. Куйбышев пен Рудзутак төмен қарап, қызарып кетті.

– Бұл – өнерлі ел, Филипп Исаевич. Қасықтың неше түрін жасай алады. Сіз көмектескіңіз келсе, Ресейден тез арада он мың темір соқа алдырыңыз. Бізге соқа керек. Жер жыртып, егін егіп, елді асырау керек. Сіз бізден мақта сұрап отырсыз, сол мақтаны өсіретін құрал-сайман жеткізіңіз. Егістік мақтаға айналған соң, астық алынбайды, мақтаның есесіне Ресейден астық жеткізіңіз. Халыққа тамақ керек, халық онсыз да екі жыл қатарынан ашаршылыққа ұшырады. Екі миллионға жуық адам қырылды. Оның көпшілігі сіздер әлі қазақ деп өзінің шын атымен атауға дағдыланбаған киргиздар. Жетісу, Әулиеата, Шымкент қазақтарының жері әлі кулактардың қолында. Сіз болып, біз болып, соны қазақтардың өздеріне қайтарып берейік. Оларды егіншілікпен айналысуға машықтандырайық. Ендеше, оларға да құрал-сайман берейік. Кешегі патшаның 16-жылғы жазалау отрядтарының тепкісінен, кулактардың қудалауынан көп қазақтар Қытай асып кетті. Соларды кері қайтарайық. Жер берейік, үй-жай болып орналасуына көмектесейік...

– Сіз мәселені темір соқадан бастап, аяғын үлкен-үлкен саяси-әлеуметтік талаптарға әкеліп тіредіңіз, жолдас Рысқұлов, – деп Голощекин шыдамсыздық танытып алды. – Сіз қазақтар деп отырған киргиздар туралы оқығаным бар. Олар табиғатынан жалқау, еңбекке бейімсіздеу, тек көшіп-қонып, ойын-тоймен күн кешіп, жұт келсе малдан айырылып, қырылып қала беретін халық қой. Халық қырылмас үшін жанталаса білуі керек. Еңбек етуі керек. Ал қазақтар, яки киргиздар еңбекке жоқ. Сондықтан ең алдымен еңбекке баулу керек.

– Сіздің оқығаныңыз, жолдас Голощекин, кешіріңіз, генерал-губернатордың патшаға жылма-жыл жазып тұрған рапорт-есебі болды ғой. Онда сіз әлі қисық айналар залында жүр екенсіз.

Голощекин қызарақтап қалды. Ашу қысқанда сөнік көздеріне қан құйылып кеткендей қызарып шыға келеді екен. Өзін-өзі ұстауға ықтияры жетіңкіремей, жеңілтектік танытып алады екен. Теке сақалы селкілдеңкіреп отырып:

– Сіз де кешіріңіз, жолдас Рысқұлов, – деді, – мен киргиздар жайлы кейбір деректі, сіз айтқандай, генерал-губернаторлардың патшаға жазған ақпарынан емес, осы Түркістанның өз газетінен оқып білдім. «Наша газета» деген сіздің газет болар, сірә. Голощекин әдемі сары сафьян портфельден беторамалдай ғана газет қиындысын екі саусағымен ғана абайлап алып, алдына жайып қойды. Тіпті Түркістанның газетінің өзінен бір залалды микроб жабыса қалатындай мейлінше сақ ұстайды. – Міне, керек десеңіз оқып берейін. Сірә, сіз өз қоластыңызда шығып жатқан газеттерден бейхабар сияқтысыз... Иә, сонымен, «Наша газета» 265-саны. Авторы Г.Агаревский деген. Кім екенін білмеймін. Тақырыбы: «Киргиз интеллигенттеріне».

– Филипп Исаевич, оны Рысқұлов жолдас өзі де біледі ғой, уақыт алмайық, – деп қынжылды Элиава.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий