Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Дұғадан қызы тыншығандай болып еді, шеше қолы қызының бүйірі бүлк-бүлк ете қалғанын сезді. Сол-сол екен, Наташа безілдеп ала жөнелді:

– Ай-күні әлі жете қоймап еді. Әлі екі айдан астам кем еді. Бірақ толғақ шындап келді, қатты келді. Елизавета Петровна қызын үйге де жеткізе алмады. Толғақты бишара сол тарбиған алма ағаштың түбінде қалды.

– О, Құдай, не жаздым! – деп қиналғанда Наташа сарафанының омырауын айырып жіберді. Кемпір шәркейіне сүрініп-қабынып, үйге қарай ұмтылып, көрпе-төсек алып келіп, қызын соған жатқызып еді – тыныш табар емес.

– Е, Жасаған, өзің сақта! – деп жалына-жалбарына жүріп, даладағы пешке от жағып, сақтықта қорлық жоқтың кебімен, қазанға су жылытты.

Жақын жерде дәрігер жоқ. Шымкент алыс. Оған дайын тұрған көлік қайда? Қызы жанталасып, төсеніш үстінде домалап, көгеріп бара жатқан соң, ошақ басын тастай беріп, Наташаға жүгірді. Жанына жеткені сол еді:

– Мама, өлдім! – деп шешесінің білегінен ала түскенде, кемпірдің қолын жұлып әкете жаздады.

Нәп-нәзік әйелде мұншама дүлей күш боларын кім білген? Кемпір қызын екі қолтықтың астынан қапсыра көтеріп:

– Мына бұтақтан мықтап ұста, бишара! – деп бұйырды. Тарбиған алма ағаштың астыңғы жуан бұтағына асылған келіншек, енді содан айрылса, жерге өлі құлайтындай, саусақтары без бұтақты бүріп, қатты да қалды. Кемпір келіншектің ішін сипалап, саумалай берді. Ағашқа асылып қалған ақсары әйелдің түсі көкпеңбек болып, көзін тарс жұмып алған.

– Не үшін? Не кінәм үшін, Құдай! – деп шыңғырған дауысынан көксерек төбет те шошып, шынжырын салдыр-гүлдір тасырлатып, әрі-бері жұлқынып, арсылдап қоя берді. Су ағып жатқан арықтың бергі жағында байлаулы тұрған ақ ешкі тосын дауыстан шошып түсіп, көздері ежірең ете қалып, жіп байланған жалбызды түбімен жұлып кетіп, арықтың арғы бетіне секіріп шықты.

– Сәл шыда, күнім, сәл шыда, періштем, – деп анасы да қара сорпа болып жанталасқан. Екіқабат әйел бір өліп, бір тіріліп, әл кеткен қолы без бұтақтан енді сығылып шығып бара жатқанда, бүкіл Сайрам даласы мен тауларын жаңғырықтыра нәрестенің шар-шар еткен дауысы сақпанша атылды.

Тұрардың тұңғышы пысқырынып, тұншығыңқырап барып, жарық дүниеге шарылдай келіп, шараналы күйінде кемпірдің қолынан шығып кетіп, жерге топ ете түсті. Келіншек екі бүктеліп, көрпенің үстіне сылқ ете қалды. Елизавета Петровна сасқанда пышақ таппай, үйдің ішін астан-кестеңін шығарып, қайтадан ошақ басына жүгірді. Қолына ағаш жарған балта ілінді. Балтаның жүзін қазандағы қайнаған суға батырып-батырып алып, ана мен баланы жалғастырып жатқан қанды қызыл шектің астына кеспек қойып, балтамен қиып түсті. Ана мен бала сол сәттен бастап екіге бөлінді.

Сол сәттен бастап, олар енді жеке-жеке тағдырға бағынар. Енді әрқайсысы жеке-жеке дем жұтар. Бала әлі өзінің шала туғанын да білмес. Дүниеге мерзімінен бұрын асығыс келгенін сезбес. Асығыс келіп, асығыс кетпесе, сол олжа. Әйтеуір, ашық аспанның астында, тар құрсақтан шығып, кең дүниенің құшағына енген. Дүние оған кең боларын, кем боларын болжап болмас. Бұған дейін ана мен бала бір дене болса, енді шығарға жан басқа-басқа. Енді оларды махаббат дейтін көзге көрінбес кіндік-ішек жалғастырса керек еді. Әлгі доғал балтаның жүзімен сол көзге көрінбес кіндік-ішек те қиылып кетпесе жарар.

Кемпір:

– Ұл бала, ұл, ұл! – деп жарқылдай қуанды.

Жылы суға шомылдырып, су жаңа аппақ жаялыққа орап, маужырап тынышталған Натальяның жанына абайлап апарып қойды. Көзін шарт жұмып алған жұдырықтай баланың сирек қарын шашы қап-қара, жүзі барлыққан күреңқызыл екен. Наталья жай ғана басын бұрып әкетті. Езу тартқан жоқ, еміренбеді. Тек салқын үнмен:

– Өзінен аумайды екен. Қайта-қайта айта беретін Ескендірі осы, – деді. Шешесі түсінбей:

– Искандер дегені не? – деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий