Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әлгі адамның аспандата қарағаны әркімге-ақ қорқынышты көрінді. Бұрынғыдай біреу емес, екеу емес, бір топ адам енгенін көзден гөрі, тықырдан сезген тұтқын бір сәт теңселгенін қоя қалып, түк басқан аузын аңқайта ашып, аспандата қарап:

– Рысқұлов Тұрарды шақырыңдар! – деп барқ-барқ ете қалды.

– Мен келдім, Омар аға, мен Тұрармын.

Қорбиған тұтқын дауыс шыққан жаққа оқыс бұрылды. Бірақ адасқақ көздері алайып, Рысқұловты дәл таба алмай, аспандай берді.

– Алдама мен шермендені. Рысқұлов Тұрар керек маған! Алдап қол қойдырмақсыңдар ғой тағы да.

– Мен Тұрармын, Омар аға. Мен Рысқұлдың баласымын. Мен сізді таныдым. Соноу Талғардағы Бесағаштан білемін. Рас, Бесағаштан кейін көрген емес едім. Өзгеріп кетіпсіз.

Тұтқын сенерін-сенбесін білмей аңқайып, тұрақсыз көзі алақ-жұлақ адаса берді.

– Бұл Рысқұлдың баласымын дегендер – періден жаратылған сияқты. Шатқалда да бір жүгермек Рысқұлдың баласы мен деп шатастырған. Әбден анығына жетпей, сену қиын сендерге.

– Онда қайтіп сендірейін? Онда мына менің қасымдағы үлкен кісілер айтсын. Мен шынымен Тұрармын.

– Рас, рас, ақсақал, – деп Нысанбаев қостады.

– О, Тұрар осы ғой, – деп қалды Ходжаев та.

– Мені көрмегелі көп болды, танымай отырсыз ғой,– деді Тұрар шалдың көзінен секем алып.

– Көз болса таныр ма едім, көзді құртты ғой.

– Құртқаны несі? Қалай құртты?

– Қалай құртушы еді! Сен шыннан Тұрар болсаң тұрайын орнымнан. Ойбай! – Шөкелеп отырған адам қолымен жер таянып, ұмтыла беріп, қайта шөгіп қалды. Рысқұлов қолтығынан демеді. Қолаңса иіс қолқасын атып бара жатса да шыдады. Тұтқын төбедей төңкеріліп, әрең түрегелді. Тәлтіректеп, Тұрарды бауырына баспақ болды. Буын-буынынан әл кеткен болар, құлап қала жаздап, салмағын Рысқұловтың иығына сала бергенде, мұндай зілмауырдан Рысқұлов та шайқалақтап, арқасын дымқыл дуалға тіреп барып, әрең жығылмай қалды.

– Мына үңгірде тыныс алар дем жоқ, сыртқа алып шығайық, – деді Кобозев есіктің сыртынан. Екі-үш адам сүйемелдеп жатып, Дәу Омарды ұзын дәлізге алып шықты.

* * *

Қаракөлеңкеде аса білінбеген екен, Дәу Омардың сақал-шашы аппақ қудай болыпты. Піл сүйек неме, ет тайған соң сылынып, арса-арса қаңқасы қалыпты.

– Мені Құдай алар деймісің? Неменеге шыр-пыр боласың, Рысқұл баласы. Онан да менің Жорабай деген балам, сенің әлгі жүгермек інің жау қолында қалып еді. Олардан дерек бар ма? Соны айтшы.

– Жорабай аман-есен, ауылда, Түлкібаста. Ал менің інім шейіт болды.

Дәу Омар «қалай?» – деп сұрамады. Ежіктеп сұрауға қалжырап отыр. Тек болар-болмас ернін жыбырлатып, алақанымен бетін сипады.

– Е, Жорабай ауылда де. Жараде-е-е. Болымсыз туған мырық неме, мені бір іздеп келмеді. Өлгенім не, тірім не – оған бәрібір болған ғой. Ағайын, айналайын, айтқанға бар, дегенге жоқ, Дәу Омарға не болды деп біреуі іздемеді. Аруағыңнан садаға кетейін, Рысқұлдың жағдайын мен бейбақ енді түсіндім. Алматының түрмесінде пенде болып жатқанында, артынан бір бармаппын ғой. Бәлені басыңа түскенде білесің. Басыма түсті, қайтейін? Түсіндім, түсіндім. Кеш мені Рысқұл! Уа, аруақ! Бар болсаң, кеш мен бейбақты!

– Көзіңе не болды, аға, соны айтшы?

Дәу Омар таңырқағандай кең кабинетті алақ-жұлақ айнала қарап шығып, басын шайқады.

– Көрмесем де, байқаймын. Төрелер отыратын үй екен. Тынысым ашылып, арқа-басым кеңігенінен сезіп отырмын. Көз дейсің бе, Тұрар? Көзді құртты. «Рысқұлов сені басмашыларға қосқаны рас па? Ергеш пен ағылшындарға ұштасып, Рысқұловтан ақша апарып бергенің рас па?..». Қойшы, осы сияқты сандырақты төпей берді, төпей берді. Қанша жаман болайын, жалған айтуға жаратылмаған сорлы басым:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий