Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыны ойлағанда Рысқұловтың өзегі өртенеді. «Шындық үшін алысқанның бәрін атып тастай берсе, не береке? ТүркЦИК-тің мәжілісінде жеңілгендер өшін оқпен ала берсе, не болмақ? Осының өзі, әрине, топастықтан. Лениндік принциптен әлі де ауылдың алыстығынан, Успенский, Кушекиндердің әрекеті – марксизмнен мақұрым адамдардың әрекеті. Сөйте тұра, бұлар жергілікті мұсылман халықтарынан шыққан коммунистер марксизмді сезбейді деп даурығады-ау. Осындай доғалдардың обалды озбырлығынан шындыққа қол ұшы ілінбей, өмірімді патша түрмесінен бастап, кеңес түрмесімен аяқтасам, тағдырың неткен аянышты, бишара Рысқұлов! Онда, соноу Меркедегі Қырғызбай атамның бұзауын, қозы-лағын бағып, Қырғызбаев болып, қарын тойса, уайым жоқ, неге жүре бермегенмін, атасына нәлет?! Кеңес өкіметі! Кеңес өкіметі! – деп кеудемді оққа тосып, осыншама үздігетін не бар еді?! Әрине, Кушекин мен Успенский әлі түп-түгел Кеңес өкіметі емес. Мәселе, сол шын Кеңес өкіметінің әлі Түркістанда орнығып болмай жатқанында. Солай, Рысқұлов».

Успенскийді қайтадан түлен түрте бастады. Мына Рысқұловты не сөзден жеңе алмағанына, не атып тастай алмағанына, тым болмаса жұдырық жұмсай алмағанына іштей ыза буып, тұтқынға зәһәрлана тағы бір қарады. Айылын жияр Рысқұлов жоқ: сол баяғы салмақты, сабырлы қалпы. Көзіңе көзі тайсалмай, тайқақсымай тік қарайды. Көзіңді амал жоқ, өзің бұрып әкетесің. Рысқұловтың осы көзқарасы Успенскийді ылғи да кіжіндіретін. Шарасыз, тайқып шығатын. Бұл жолы ол күшті. Рысқұлов пенде. Енді көз тайқитын не жөні бар?!

Успенский көзінен тотияйын тозаңын шашып, әдейі шақшиып қарады. Рысқұловтың аялы қоңыр көзі Успенскийді өзінің тұңғиығына тартып бара жатқандай болды. Успенский шыдай алмай:

– Уһ, көзілдірікті жылан! – деді.

Рысқұлов балаша мәз болып күліп жіберді. Ол өте сирек күлер еді. Шын күлгенде – күлкісі сәбидің күлкісіндей болатын.

– Успенский! Сен Добролюбов деген демократ сыншыны білуің бар ма? Өте әділ, турашыл, батыл сыншы болған.

– Е, білсек-білерміз. Оның бұл жерге қандай қатысы бар?

– Успенский! Сол Добролюбовты жаулары сыртынан көзілдірікті жылан деп мыңқылдасады екен.

– Ал мен сыртыңнан емес, көзіңше айтамын. Көп сандырақты қой, Кобозев қайда?

«Өресі тар-ау, сорлының. Тотыдай бір сұрақты қайталай бергенше, сәл де болса, өзгертіңкіресе қайтеді?»

– Кобозев қайда? – Успенский айқайға басты.

Есік сақыр-сұқыр ете қалды.

– Міне Кобозев! – деп төтенше комиссардың өзі бірінші болып кіріп келді.

Соңынан комиссарлар: Нысанбаев, Тұрсынходжаев, Ходжанов, Аспандияров, Хұсайынов, Сафонов көрінді. Әсіресе Сафоновты көргенде Успенский сазарып сала берді. Сафонов әскер комиссары болатын. Ал әскер бар жерде – күш те бар. Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығады. Успенскийдің шақшиған көздері бозара бастады.

– Қаруыңызды тапсырыңыз! – деді комиссар Нысанбаев.

– Құқың жоқ! – деді Успенский түнеріп. – Мен ТуркЦИК Президиумының мүшесімін.

– Ал Рысқұлов кім? Оны қандай негізде қамауға алдыңыз? ТуркЦИК – міне! – Ол комиссарларды нұсқады. ТуркЦИК шешімі солай. Рысқұлов жолдас, камерадан шығыңыз. Жоқ, Успенский, енді бұл камерада сіз отыра тұрасыз. Қалғанын сот шешеді. Солай!

Камераның есігі сақыр-сұқыр қайта жабылды.

– Тұра тұрыңыздар, – деді Рысқұлов. – Осында бір адам отыр. Ұдайы дауыстап мені шақырады. Не құпиясы бар, соны білгім келеді. Мүмкін болса, соған соға кетейік.

Үш қақпадан кейінгі темір есік ашылғанда, ар жақтан жағдайсыз, қоймалжың қолаңса иіс мүңк ете қалды. Комиссарлар еріксіз орамалдарын алып, мұрындарын басты. Қаракөбең күңгірт тұрақ, камерадан гөрі, аюдың үңгіріне көбірек ұқсайды. Шынында да тор жақта аю кейіптес бір дәу неме, ары-бері теңселіп отыр екен. Шөкелеп алып, екі қолымен бүйірін таянып, жан-жағына алма-кезек теңселе береді, теңселе береді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий