Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Рысқұловты сұраққа алу үшін Успенский түрмеге өзі келген. Тұтқынды Ташкенттің ішімен ары-бері алып жүруден жасқанған. Сұрақты тек түрмеде, Рысқұловтың өз камерасында алмаққа келген беті. Газеттегі хабар тұтқынға қалай әсер етер екен деп аңдып отыр. Рысқұлов әлгі бұйрықты шұқшия оқымастан жүгіртіп өтті де, газеттің басқа беттерін аударып, о жер бұ жеріне көз сала бастады. Соңғы беттің аяғына нонпорельмен терілген хабарландыруды дауыстап оқып шықты: «Тофилия деген қыз бала жоғалып кетті. Жасы 12-де. Үстінде ақ жағалы торкөз сұр блузасы, көк юбкасы бар. Шашы қысқа қырқылған».

– Иә, Рысқұлов, қыз баланың жоғалып кеткені аянышты. Ал досыңыз Кобозевтің жоғалып кеткеніне не айтасыз? Қайда болуы мүмкін?

– Демек, сіз басқаратын ерекше бөлімнің жұмысы осал, Успенский. – Рысқұлов газеттегі басқа бір материалды оқи бастады.

– «Акрамхан Сұлтан Саидхановтың атына берілген нан карточкасы жоғалған. Жоғалған карточка бойынша нан берілмесін». Міне, бұл да үлкен қайғы, Успенский. Бір отбасы аш қалды. Қалада ұрлық көп.

– Рысқұлов, спектакльді қойыңыз. Менің сұрағыма жауап беріңіз. Кобозев қайда болуы мүмкін?

– «Полторацкий атындағы ауруханада 1-ші полктің солдаты Барбулов қайтыс болды. Аурухана кассасында марқұмның 400 сом ақшасы, никельденген сағаты қалды. Ақша мен сағатты туысқандары келіп алуын сұраймыз». Бұл да қайғылы хабар, Успенский. Түсінесіз бе, Барбулов деген азаматтың орнына туысқандары 400 сом ақша мен бір сағат алып қайтады.

Успенский газетті Рысқұловтың қолынан жұлып алды. Рысқұловтың қолында жыртынды қалып қойды. Успенский сыпайылықты жиыстырып, шабуылға шыққанын сезді.

– Успенский, бекер қызбаланасыз. Кобозевтің қайда екенін түрмеде отырған мен қайдан білемін? Оның менімен ақылдасуға уақыты болған жоқ қой. Менің отырысым мынау. Не үшін отырғанымды да білмеймін.

– А, сіз әлі білмейсіз?

Бұрышта кішкентай үстелде отырған көзілдірікті хатшы Рысқұлов пен Успенскийдің аузынан шыққан сөздерді қақшып алып, қағазға түсіріп отыр.

– Кобозев екеуіңіз әскербасы Сафоновты өз торларыңызға түсіріп, әскер күшімен Ташкентте мемлекеттік төңкеріс жасауға әзірлендіңіздер. Солай ғой? Осиповтың бүлігін қайталағыларыңыз келді. Солай ғой?

– Успенский, сіз іс тексеруші бола алмайсыз. Осындай дөрекі сұрақ бола ма екен? Трибунал қайда? Үш адамнан құрамы бар трибунал қайда? Жауапты мен сонда беремін. Сұрақ қойып әуре болмаңыз.

– Ерекше бөлімнің бастығы сіздің тақияңызға тар келе ме? Трибунал – мына мен!

– Мемлекет – мына мен! – деген баяғыда бір король.

Рысқұловтың айыл жимауында себеп бар. Ондай күшті абайламай Успенскийдің өзі әкеп берді. Газеттегі Кушекиннің бұйрығы Рысқұловты қатты қуантқан. Кобозев құтылып кетіпті. Енді ол қарап жатпайды. Егер Успенский озбырлықпен атып тастамаса, Рысқұлов бұл қапаста көп отырмайды. Айыптаушы мен айыптының арасында әңгіме өнбейтін дауға айналғанда:

– Рысқұлов Тұрарды шақырыңда-а-а-а-р! – деп ыңырсыған үн шықты.

– Естідіңіз бе? – деді Рысқұлов Успенскийге. – Әрбір жарты сағатта әлдекім мені ылғи шақырттырады. Мұнда не сыр бар деп ойлайсыз?

– Шыннан білмейсіз бе? – деп Успенский таңғалды.

– Шыннан, Успенский.

– Өз туысыңыздың, өз агентіңіздің дауысын қалайша танымай қалдыңыз? Ол басмашылар көсемі. Ергешпен, ағылшын агенті Бейлимен сізді байланыстырып тұратын өз туысыңыз... аты кім еді?.. – деп Успенский хатшыға бұрылды.

– Омар.

– Иә, Омар. Ондай кісі сізге таныс па?

Рысқұлов мандайын сипалап отырды да қалды. «О, соры ашылмаған Омар. Дәу Омар!». Омарды ол көрмегелі он бес жылдай болыпты. Талғардағы Тау-Шілмембет мекені Бесағашта соңғы рет 1905 жылдың басында көрген.

– Мен онымен кездеспегелі он бес жыл болыпты. Ол кезде мүлде бала едім, – деді Рысқұлов өзімен-өзі сөйлескендей.

– Міне, бұл жалған, – деді Успенский.

– Онымен кездесуге бола ма?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий