Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– О, оған да уақыт келеді. Оның сіз туралы, басмашылармен байланысыңыз туралы өте құнды мағлұматтары бар. Бұлтартпайтын фактілер. Одан да гөрі уақытты оздырмай, бастапқы сұраққа жауап беріңіз.

– Успенский, біз бала-шаға емес, дап-дардай кісілерміз ғой. Екеуміздің осы отырысымыз шалағайлардың ісі сияқты. Аңғарасыз ба? Тексеру-тексеру сияқты, сот-сот сияқты болуы керек. Ал сіз баяғы эсэрлігіңізге салып, заңды белінен басып жүре бергіңіз келеді. Болмайды ғой ол.

– Болғанның әкесін көрсетермін әлі. Мені эсэр деп мұқата берме. Большевиктердің сатқындығынан эсэрлердің айыбы зор емес. Брестің масқара шартынан хабарыңыз бар ма өзі? Міне, сатқындық деп осыны айтады. Ал бәлені бастап отырған большевиктер. Эсер, яғни социал-революционерлер мұндай қорлықты шартқа қол қоймайды.

– Брест шарты – Лениннің даналығы. Ешқандай сатқындық жоқ.

– Кешіріп қоясыз, Рысқұлов. Сол Лениннің өзі сатқындардың дәу бастығы.

Рысқұловтың басына қан шапшыды. Көзі шоқ жанып, өртеніп бара жатқандай еді. Әдептен шыққанын байқамай да қалды:

– Успенский, сен – сволочь!

Көзілдірікті хатшы мына сөздерді қағазға түсірер-түсірмесін білмей, сәл аңтарылып, басын көтерді. Сондағы көргені: Успенский еңгезердей болып орнынан тұрды. Кобурадағы наганға қол салды. Есікке қарай бір адым кейін шегінді. Койканың жиегінде отырған Рысқұлов та түрегелді. Бір адым алға жылжыды. Успенский наганның құлағын жапырды. Сұқ саусағын шүріппеге тіреді. Ендігі мәселе сұқ саусақта қалды. Успенский сұсты еді. Обалы не керек, айбынды адам. Айыр біткен иегі аузына қарай имиіп, алған бетінен қайтпайтын дүлей мінез танытады.

– Рысқұлов Тұрарды шақырыңда-а-а-а-р!

Дәу Омардың дауысы күңірене шықты.

Успенский селт етіп құлақ түрді.

– Әне, сенің жаназаңды шығарып жатыр, – деп наганды қолымен Дәу Омардың дауысы шыққан жақты нұсқады.

* * *

Жарғақ құлақ сары бала Кобозевтің көз алдынан кетпей қойды. «Сол тақырбас сары болмағанда мен де Рысқұловтың кебін киетін едім, – деп өзіне-өзі тоба айтты. – Мәскеудің мандатымен келген мені бұлар қашқын халге түсірді. Басқалар не болмақ? «Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде» деп еді-ау Рысқұлов. Рысқұлов, әрине, ешкі тұқымдас емес... Бәсе-е-е, Кушекиннің кешегі бір сөзі жаман еді. «ВЦИК-тің қандай құқысы бар болса, ТүркЦИК-тің де сондай құқысы бар», – деді-ау. Сонда ВЦИК-ке бағынбаймын дегені ғой. Бұлар сұмдық шығар... Рысқұлов жазым болмаса еді. Бұлардан бәрін күтуге болады. Атып тастайды да, анау еді, мынау еді деп ақталып шыға келеді. Нысанбаев үйінде болса игі еді-ау...».

Ішкі істер комиссары Грушевая көшесінде тұратын. Кобозев пен Рысқұловтың мекені болған Садоваядан үш кеше төмен. Орталық саналса да бұл жақтың көшелерінде жарық жоқ. Кобозев револьверін қысып ұстап, тас көшені тасырлатпауға тырысып, арық жағалап, асықса да абайлап келеді. Түн ішінде, ай жарықта көлеңкесінен сескеніп қалғанына бір мезгіл қорланды да. Қалтасында құдіретті мандат бола тұра, Ташкенттің көшесінде қашқын халде келе жатқаны қорлық еді.

Әттең, Мәскеу мен Түркістан арасын атаңа нәлет атаман Дутов бөліп тастап, жолды байламағанда, Кушекин-Успенскийлер алдақашан аяқтары аспаннан келер еді, не шара? Мәскеумен радио арқылы шифрлы байланыс жасауға Кушекин тыйым салып тастады. Кобозев енді Мәскеудің Кушекин қолында қалған тұтқын өкілі. Төтенше өкіл!

Кобозев ызалана жерге бір түкірді. Дыбысы да шығып кетті. Әлдекім естіп қалды ма деп, жан-жағына қарады.

Кобозев, абырой болғанда, бұрын бір-ақ рет көрген үйді адаспай тапты. Бұл да күйген қызыл кірпіштен соққан жайдақ үй болатын. Сырты сымтемірмен торланған терезені әуелі саусақтарымен тықылдатты. Ар жағынан ақ перде тұтылған терезе тұсы тырс етпеді. Кобозев, көршілер естіп қала ма деп сескенсе де, терезе шынысын енді револьвер дүмімен тарсылдатты. Сәлден соң ақ перде сәл сырылды, бірақ ар жағынан адам сүлбесі көрінбеді. Тек:

– Кім? Кто? – деген ашулы үн естілді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий