Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Не оттап тұрсыңдар? Рысқұловты көрген емеспін. Одан ешқандай тапсырма алған емеспін. Басмашыға барсам, әзәзіл айландырып, түлен түртіп, өзім бардым. Бұған Рысқұловтың иненің жасуындай да қатысы жоқ, – деп көнбедім. Содан еңгезердей біреуі, Успенский дегені ғой деймін, тоқпақтай қара мылтықпен қарақұсымнан періп кеп жібергенін білемін, басқасын білмеймін. Есім кіріп, көзімді ашсам, ештеңе көрінбейді. Қап-қараңғы. Е, бұрынғыдан да тастай көрге қамаған екен ғой деп өзімді өзім жұбатып отырғанымда қарауыл келді. Аталасын әкелді. Көрмеймін. – Мә! – деді. Көрмеймін. Құр далбасалап қолымды соза беремін. Ыдысын ұстай алмай, аталасы төгіліп қалды. Содан барып, шын соқыр екенімді сезіп, ақырып жіберсем керек, қарауыл қаша жөнелді. Есікті тарс жапты. Жағдай солай, содан бері көрмеймін.

– Петр Алексеевич, қалай ойлайсыз, бұл жазылатын жара ма? – деп бұрылды Рысқұлов бағанадан бері әңгімені үнсіз тыңдап отырған Кобозевке.

– Дәрігерлерге қарату керек. Қиыны – қиын. Қарақұстан ұрса мидағы көз тамыры кеткен шығар. Ай, айуан-ай, қазір ғой осы иттігінің бәрін өзінің алдына келтірсе қайтер еді, эсэр ит?

– Не дейді? – деді көзін Рысқұловтың басынан асыра қараған Дәу Омар Кобозевтің орысшасына түсінбей.

– Докторға қаратамыз дейді, аға. Сәтін салса, жазылып кетесіз. Ташкентте жақсы дәрігерлер бар.

– Екі дүниеде жамандық көрме, бауырым. Бәсе, Ахат байғұс сені адал деуші еді, рас екен ғой. Біздің ел азып-тозды. Тозған елдің топырағын Оразбақ болыс болып суырғанда, бұл қалай, Рысқұл ұлы Тұрар Оразбақты болыс сайлатқаны несі? – деп сені жек көргенім рас еді. Тұрардың төрелігінен не пайда, туысқанға қайыры жоқ деп едім. Өйтсем, сен туысқанның ғана Тұрары емес, телегей Түркістанның Тұрары екенсің ғой. Сені туған анаңнан, аруағыңнан айналайын, Қалипа жеңешемнен, сені сызған әкеңнен, аруағынан айналайын, Рысқұл бауырымнан айналдым. Сені солардың аруағы қолдай жүрсін, Тұрар. Туған жеріңнің топырағы, туған аспаныңның ай-жұлдызы, қазақтың қара бесігі Қаратаудың киесі жебесін сені. Пәледен, жаладан, қырсықтан, қиянаттан аман бол! Пәлеқор, жалақордың жазасын берсін, Құдай. Мәртебең биіктеп, Түркістанның жұлдызы бол! Мен сияқты адасқан шермендеге жол түзер темірқазық жұлдыз бол, бауырым. Сені бір жолықтырсам деп армандап едім. Жеттім арманыма...

XI

Тарбиған алма ағашының түбіндегі көне скамейкада газет оқып отырған ажарлы ақ келіншек кенет:

– Мама, мама! Мынаны қара, күйеу балаңыз президент болыпты! – деп дауыстап жіберді. Анадай жерде помидордың қызарғанын теріп алып, шелекке жинап жүрген етжеңді қартаң әйел аңыра қарап сәл тұрды да: «Несі бар, қызым, Тұрар президент болса, әбден орынды, құтты болсын! – Басына күн өтпесін деп сәлдеше ораған орамалын қолымен оңдап қойды. – Сен араздасып жүргенде қандай жаңалықтар болып жатыр, көрдің бе?! Жұрт не десе, о десін, шаш ал десе, бас алмайтын, бәрін байыппен істейтін ақылды адам. Біздің кесіріміз тиіп, оның жолына кесе-көлденең тұрып, кесапат болдық па деп қорқушы едім, Құдайға шүкір, оңды болған екен. Президент сайласа, сенгені ғой. Біздің зиянымыз тимегені ғой. Менің нан-тұзым атқыр Клевенцов баяғыда қолымнан талай-талай дәм татып, шырағданнан шыға алмаған жынды көбелектей, біздің үйге қайта-қайта келгіштеп, әкеңнің аяғына жығылып, табалдырығымызды тоздырушы еді. Әкең арқылы осы Сайрамның бойынан қанша жер алмады ол! Одан әрі оның үрім-бұтағы, туысқандары Түлкібастан да шұрайлы жерлерді қазақтардан тартып алды. Құдай біледі деп айтайын, Рысқұл құданың жерін де осылар иемденген. Сөйткен сүмелек Клевенцов басымызға іс түскенде дереу тонын айналдырып киіп, кеңесшіл бола қалып, Тұрарды мұқату үшін араға бізді араластырып, масқарасы шықты ғой. Соның жаласының кесірі тиіп, есіл ер жазықсыз жаза тартар ма екен деп қорқып жүруші едім, ақыры ТүркЦИК-тің бастығы болды де. – Қартаң әйел сөйлеп жүріп, шәркейін сүйретіп, жүйектің басына шықты да, қызының қасына жақындады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий