Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Енді Клевенцовтардың тамағына тас кептелетін шығар. Сол ешкібастың өзін жазаласа еді. Біздің де тыныштығымызды енді ешкім ала қоймас, Наташенька. Мұндай оқиғаны елеусіз қалдырмас болар. Потребте ескіден қалған бір шарап бар еді, соны алып келейін.

Клевенцов күні кеше ТүркЦИК-те Рысқұловпен айтыста, оның енесін тілге тиек етіп, «генералша» деп атаған әйел қолы-басын жуып, погребке қарай беттеді. Елизавета Петровна – кешегі Черняев оязының әйелі, қазіргі Түркістан президенті Рысқұловтың қайын енесі осы кісі болатын. Наталья қазір осы шешесінің қолында тұрып жатқан. Наталья бұрынғыдай емес, денесі толысқан, жүріс-тұрысы ауырлаған, қыз күніндегі денесіне екі көйлек шығатын кең сарафан киген. Бірақ ақсары жүзі ерекше нұрланып, жасыл-көк көздерінен сәуле шашырап, болашақ ананың нобайын танытып, дидары айрықша арайлана түскен екен. «Туркестанские известия» газетінен ол тағы да төтенше комиссар Кобозевтің Мәскеуге оралғанын, ал Мәскеуден Ташкентке Элиава бастаған Түрккомиссия келе жатқанын оқыды. ТүркЦИК-тің бұрынғы төрағасы Кушекиннің Түркістаннан кеткені, эсэр Успенскийдің тұтқындалғаны туралы хабарларды оқып отырып, өзінің Успенскийдің қабылдауында болғанын, Аркадий Приходькоға кешірім сұрап, арыз айтқанын еске алды. Сонда Успенский үстіңгі ернімен көк тіреп, астыңғы ернімен жер тіреп тұрғандай аса кесірлі кейіпте еді. Дүние оның басынан айналмайтындай көрінген. Сөйтсе, бәрі бекер екен, Успенскийдің өзі де пенде болып, түрмеге түсіпті. Наташа арыз айтуын айтса да, іс оңалар, Аркадийге кешірім болар деп күтпеген. Өйткені Успенский тым кесірлі еді. Бірақ Рысқұловтың әйелі екенін білгенде біртүрлі қутыңдап, алақандарын уқалап:

– Жарайды, мадам, өте ауыр қылмыс. Ешқандай уәде бере алмаймын, – деп шығарып салған.

Сондағы «мадам» дегені Наташаның құлағында қалып қойыпты. «Жолдас», «азамат» деген ресми аттарға берік большевиктердің арасынан «мадам» деген сөзді қолданатын адамның табылғанына таңғалған. Әлде кекесінмен айтты ма деп те күдіктенген. Кейін газеттен Аркадий Приходьконың түрмеден қашқаны туралы хабар оқыды да, «мадам» деген сөздің сырын тек түйсікпен ғана сезгендей болды. Сол Успенскийдің өзінің бір шикілігі бар емес пе деп те күдіктенді. Ондай жағдайда Рысқұловқа бір таяқ тиерін де аңдағандай еді. Сонымен, Ташкенттен бой тасалай тұрғанды жөн көріп, Манкент түбіндегі шешесінің қолына келіп жатқан. Неде болса, Аркадий ажал тұзағынан құтылған екен, енді жер бетінде тірі жүрсе болғаны деп қойған.

Елизавета Петровна подносқа шарап пен екі бокал салып әкелді. Жиналып қалған бір десте «Туркестанские известия» газетінің біреуін алып, подностың астына төседі. Бұрынғы ояз болып тұрған кездегі мол дәулеттен тірнектеп сақтап қалған жұрнақ – хрусталь бокалдарға құйылған шарап, күнгейдің шуағына шағылысып, лағыл тастай құлпырып кетті.

– Өз қолыммен өсірген жүзімнің шырыны еді, бір қуанышты сәтте ашармын деп жүруші едім. Кел, Наташенька, Тұрар үшін, сенің аман-есен босануың үшін, Тұрар екеуіңнің ұрпағың үшін! Екеуіңнің қайтадан тез татуласып кетуің үшін! – деп Елизавета Петровна шарапты көзін жұмып ішіп салды да, шафран сары алманы қарш дегізіп тістеді. Наташа да шарабын алып қойып, шешесі сияқты о да алма тістемек болып, дастарқан есебінде жаюлы газетке қол соза беріп, көзі:

«Атылу жазасына бұйырылды» деген жазуға түсіп кетті. Бос бокалды қолына ұстаған күйі әлгі майда әріппен терілген хабарды оқи бастады.

«Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Осипов ойранының басты белсенділерінің бірі полковник Аркадий Приходько белгісіз жағдайда түрмеден қашқан болатын. Жуырда Наманган түбінде Ергеш бандыларын талқандаған жауынгер Қызыл Ту орденді командир Абдолла Жармұхамбетов А. Приходьконы тұтқынға алып, әскери трибуналға тапсырды. Трибунал А. Приходьконы ату жазасына кесілсін деп үкім шығарды. Бұл үкімді ТүркЦИК төрағасы Т. Рысқұлов бекітті. Үкім жазасы орындалды».

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий