Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Осы айқайлап жатқан Аркадий Приходько емес пе, бірақ ол осы жерде туса да, қазақша «бельмес» қой? Даусы барқыраңқыраған соныкі сияқты. Аркадий Приходько Рысқұловты іздеп не қылсын? Айтпақшы, Рысқұлов оған күйеу бала емес пе? Әй-әй, Рысқұлов-ай! Сенің де теп-тегіс жерде сүрінетінің бар-ау. Ояздың қызына үйленіп... Сұлтанбек Ходжановтың табалағанындай бар-ау өзі де. Бірақ Сұлтекеңдер Тұрар мен Наташаның хикаясын қайдан білсін? Қайда бармас, нелер көрмес ер жігіт пен ат басы?! Башқұрттағы Ғайса дуананың жыры ғой.

Қайда лә гінә бармас,

Ниләр күрмәс,

Ир егәт вә ат башы...

Рысқұлов он бесінші жылы Ақ Самардың қаласына білім қуып барғанда, өзі сияқты оқу іздеп келген башқұрт баласы Ақмар айтқан Ғайса дуана... О да соноу Әрусәлімде Мария қыздан әкесіз туып, өзін «Құдайдың ұлы» жариялап, дін уағыздаған Ғайсаның жалғасы сияқты. Ғайса пайғамбар да осындай темір түрмеде отырған. Түрме деген жарықтық Ғайса пайғамбардан бұрын жаралған. Библия бойынша, Ғайса айқыш ағашқа шегеленіп өлтірілген. Құран бойынша түрменің түндік тесігінен шығып, аспанға ұшып кеткен.

Рысқұлов өзі отырған түрменің төбесіне қарады. Түндік тесік жоқ екен.

– Рысқұлов Тұрарды шақырыңда-а-а-р!

Тағы сол дауыс. Боздауық дауыс. Елес емес. Шалықта-а-ау еме-е-с. Бұл тегін еме-е-с.

Әрусәлімнен шыққан Ғайса пайғамбар:

– Біріңді бірің сүй, – дейді. Башқұрттан шыққан Ғайса дуана:

– Қайда бармас, Нелер көрмес,

Ер жігіт пен ат басы, – дейді.

«Біріңді бірің сүй». Ақылды уағыз. Адам баласы біріңді бірің қинама, азапқа салма, өсек айтпа, жалған арыз жазба. Жаулық қылма. Қастандық ойлама. Дұрыс-ақ. Бірақ Аркадий Приходьконы қалай сүйесің? Жауызды қалай жақсы көресің? Кеңес заңының, конституцияның омыртқасын опырып, озбырлыққа барып отырған Успенскийді қалай сүйесің? Аш «киргиздарға», яғни қазақтарға ауқат, ақша берме, қырылса – қырыла берсін деген Кушекинді қалай сүйесің? О, Ғайса пайғамбар! Адамдар бірін-бірі сүю үшін жер бетінде жауыздық, әділетсіздік, көре алмаушылық, қызғаныш, әлдінің әлсізге, үлкеннің кішіге зорлығы, қиянаты жойылуы керек қой. Неге айдаладағы ағылшындар алыстағы Үндістанда жаулап алып, тіліне дейін ұмыттырып, өзінің өктемдігін жүргізеді? Неге? Сонда үнді халқынан гөрі, ағылшындар ардақты ма, немене? Үнділер шәйі шапан киіп жүрген бағзы заманда, ағылшындар өз аралында әлі аңның терісін жамылып, жабайы халде жүрмеп пе еді? «Сүй», – дейді Ғайса пайғамбар. Сонда үнділер ағылшындарды сүюі керек пе? Бізді қорлағандарың үшін, зорлағандарың үшін, тып-типыл тонағандарың үшін рақмет деуі керек пе?

Fайса пайғамбардан гөрі, Ғайса дуананың сөзі Рысқұловтың көңіліне қоныңқырайды. Нелер көрмес, қайда бармас ер жігіт пен ат басы. Кеше ғана Рысқұлов ТүркЦИК-тің президиумында отыр еді, бүгін пенде болып, түрмеде отыр. Жарты сағаттан кейін не күтіп тұрғаны белгісіз? Трибунал не шешіп жатыр? Мұны сұраққа қашан шақырады?

– Рысқұлов Тұрарды шақырыңда-а-ар!

Ғажап түрме! Айтары жоқ. Рысқұлов қараптан-қарап отырып, ойдан шаршайын деді. Мұндай азапқа салып қойса, Успенскийден арамдық артылмас.

* * *

«Известия ТүркЦИК-а» газеті ертеңінде ЦИК-тің бұйрығын жариялады:

«Орталықтан келген Кобозев шын мәнінде төтенше өкіл болмай шықты. Ол Орталық өкілінің атын жамылып жүрген контр-революционер. Өзінің осы қылмысы ашылып қалғанын білген соң, Кобозев қазір заң алдында жауап беруден қашып, жасырынып жүр. Осы бұйрық арқылы ЦИК мынаны хабарлайды: Кобозевтің қолындағы мандаты мен өкіметтігі бүгіннен бастап дұрыс емес деп танылсын. ЦИК төрағасы Кушекин».

– Міне, Рысқұлов, сіздің сыбайласыңыз, араларыңыздан қыл өтпейтін досыңыз кім болып шыққанын көріңіз, қуаныңыз! – деп Успенский газетті Рысқұловтың алдына жайып салды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий