Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Тұран» деген театр барын Кушекин білмей жүр-ау, – деді Рысқұлов. – Білсе, театрдың атын өзгерттірер еді. Тұран деген ертеде ұлы түрік елі еді ғой. Иә, Тұран. Өткен сондай бір ел ер-те-де, ер-те-де... Қай-қайдағыны ойлама, Рысқұлов. Көзіңе қара, ескі қаланың көшесі қисық-қисық ойлы-шұңқырлы. Сүрініп кетсең, айдауылдар табалар. Қай-қайдағы Тұранды ойлама, Тұрар. Аяғыңның астына қара. Жүріп келе жатқан көшең қисық болса да, жүрісіңді түзе, жүруің түзу болсын. Қалғаны тағдырдың ісі. Қалғаны тағдырдың і-с-і-і. Кобозев құтылды ма, тұтылды ма? Құ-тыл-ды ма, тұ-тыл-ды ма?

* * *

Өңі екені де белгісіз, түсі екені де белгісіз. Анда-санда біреу «Рысқұлов Тұрар», – деп айқайлағандай болады. Дауыс талып естіледі. Рысқұлов түс емес екенін түсінді. Койкада киімшең жатқан жерінен түрегеліп отырды. Әлгі дауысты тосып, құлақ түрді.

«Алматының түрмесінен әлдеқайда жақсы, – деді неғайбыл дауысты тосып отырып. – Алматының түрмесі тас еді, мынау – темір. Жан-жағының бәрі темір тор. Зоопарктегі арыстанның торы сияқты. Білектей-білектей жуан темірден соғылған тор. Әрі десе, бір адамдық темір төсегі, жұпыны болса да төсеніші бар.

Алматының түрмесінде жанында Рысқұл болушы еді, Александр деген орыс болушы еді. Мұнда олар жоқ. Рысқұл жалпы жер бетінде жоқ. Александр Бронниковтың тағдыры белгісіз. Өкімет басында отырып, осы уақытқа дейін сұрау салдырмағанына өкінді. Ұяттан лап етіп өртеніп кете жаздады. Түрмеде отырып ұялған адамда иман бар.

Ойын әлгі неғайбыл дауыс бөліп кетті. Ширығып тыңдай қалды:

– Рысқұлов Тұрарды шақырыңдар!

Анық естіді. Елес емес, шалықтау емес. Анық адамның дауысы.

«Мені тергеуге апаратын шығар. Қазір әкететін шығар. Қазір әкететін шығар».

Едәуір уақыт өтті, – ешкім келген жоқ...

Тағы да:

– Рысқұлов Тұрарды шақырыңдар!

«Түрменің әкімі қазақ болғаны ма? Қазақша ғой сөзі».

Едәуір уақыт өтті, ешкім келген жоқ. «Әлде шалықтау ма? Шыннан демде-ақ есімнен адаса бастағаным ба?»

Ап-анық:

– Рысқұлов Тұрарды шақырыңдар!

«Жоқ, бұл түрменің әкімі емес. Әкім бұлай жалынышты үн шығармайды. Мына дауысты мен бұрын қайдан естідім?»

– Рысқұлов Тұрарды шақырыңда-а-ар!

Соңғы сөзін әуеннің қайырмасындай созыңқырап, мұңға айналдырып, жыламсыратып жіберді. «Міне, жұмбақ. Успенскийдің психологиялық шабуыл үшін әдейі ұйымдастырып қойған концерті ме? Онда не мақсат? Ал дауыс таныс сияқты».

Осындай бір дүдәмал өткен өміріңнің жықпыл-жықпылын, түкпір-түкпірін тінткілейді. Бұрын өткенді ойлап, әрнені еске әдейілеп түсіріп жатуға уақыт жете бермейді. Рысқұловтың жұмыссыз, жайбарақат күні болған емес. Енді міне, Кушекин-Успенский оған жағдай жасап, асықпай ойлануға мүмкіндік беріп қойды. Түрме қол-аяққа түрме, ал ой ойлануға мұнда нағыз еркіндік.

Сонда бұл дауыс кімдікі? Неге боздай береді? Ботасын жоғалтқан інгеннің үніндей боздап шығады. Рысқұловты зарыға шақыртқанында не сыр бар? Кімнің даусы? Рысқұлов жиырма төрт жасаған ғұмырының ішінде талай-талай дауыс естіген шығар. Қайсыбірін есте сақтайсың. Ең алғаш естігені, есінде қалғаны әкесінің даусы еді. Әкесінің даусы қатқылдау болатын. Тістеніңкіреп сөйлейтін. Өмірі солай шығар. Тістенбеске, қату болмасқа амалы қалмағаны ғой. Ахат атасының даусы жұмсақ, майда қоңыр еді. Дауыс көтеріп сөйлегенін естіген емес. Тау-Шілмембет аулындағы басқа адамдардың үні есінде қалмаған сияқты. Жүйрік ой жағалап отырып Меркеге жетті. Қырғызбай атасы, жарықтық, жасқаншақ-ты, ұдайы сыбырлаңқырап, біреу естіп қоймасын дегендей, ұрланып сөйлейтін. Ол үйдегі Салиха апасы керісінше сампылдап тұратын. Салиханың сіңлісі Тайтақай-Талбүбі марқұм да аңқылдап сөйлеуші еді. Тайтақайды Аркадий атып тастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий