Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Оған әлгіде Кушекин жолдас жауап берген. Енді шешім қабылдайық: радиограмма баспасөзге жариялансын, жер-жерде талқылансын, іске асырылсын. Екінші Ферғана жағдайы бойынша қаулы қабылдансын: алданып, зорлық көріп басмашыларға қосылғандарға кешірім жасалсын. Оларға көмек көрсетілсін. Азық-түлік, жер берілсін. Ал Рысқұлов пен Кобозевке қойылған кінәларға байланысты комиссия құрылсын. Таяу күндері ТүркЦИК-тің сессиясы шақырылсын.

X

Әкесінің түсіне сирек кіретін болып кеткеніне назаланып жүретін. Әлдеқашан өлген әкеңнің анда-санда түсіңе кіргенінің өзі кәдімгідей қуаныш. Қым-қуыт арпалыстың алыс сапарында жақыныңмен бір кездесіп, сағынышыңды жұбатқандай боласың. Әрине, өңің емес, түсің екені өкінішті, бірақ түстің өзі де медеу. Түстің аты – түс. Ол өлгеніңді тірілтіп, сәл сәтке болса да бірге жүргендей боласың.

Бүгінгі түн ортасына дейін созылған қиян-кескі айтыстан кейін Рысқұловтың түсіне әкесі емес, Кушекин яки Успенский немесе Клевенцов кірсе керек еді. Жоқ, олай емес, әкесі келді.

Әкесі Рысқұл Қызыл Жебеге мінген екен дейді. Талғар таудың Солдат сайында, алма ағаштың ашасында отырған Тұрарды бір қолымен көтеріп, артына отырғызды да Қызыл Жебенің басын Талғардың көк мұз шыңына бұрды. Қиялап келеді, қиялап келеді. Биікте жалтыр шың, төменде – шыңырау шатқал. Әкесі үндемейді, сірә, тілі жоқ. «Бұл неге сөйлемейді? Біз көріспегелі тұтас бір дүние өткен жоқ па? – Көке? Айтсаңшы, Сахалиннен қашан қайттың? – дейді. Әкесі үндемейді. Қызыл Жебе жап-жалтыр мұзбен тіке тартты. Талғардың көк сүңгі шыңы – жалғыз аяқ жолға айналып, аспанға шаншылып кетіп барады, кетіп барады. Алдында қарайған бір бұлдыр жоқ. – Көке-ay, айтсаңшы, қайда барамыз? – Рысқұл үндемейді. Жалтыр мұзды жалғыз аяқ саты жолмен кетіп барады. Кенет мұз сүңгі ұшынан пристав шыға келіп, тарс-тарс дегізіп атады. Әкесіне оқ дарымайды, бірақ Тұрар аттың құйымшағынан сырғып түсіп бара жатады. Әкесі шап беріп, Тұрардың шынашағына ғана қолы ілініп, ұстап қалады. Әкесінің темірдей қатты қолынан шынашағы сырғып шығып кетеді-ау... Тарс-тарс мылтық атылады.

Рысқұлов оянып кетеді. Не болғанын түсіне алмай мең-зең күйде біраз жатады.

Есік шынында да тарсылдап тұр екен.

– Ағатай, біреу есікті ұрып тұр, – деді ербиген жарғақ құлақ құда баласы мұның төсегіне таяп келіп.

– Естідім, Бекей. Бұл кім болды екен, түн ішінде?

Бала шамды жақты. Рысқұлов шалбарын киіп, үстіне жейдесін салып, есікке барады:

– Кім?

– Рысқұлов жолдас, есікті ашыңыз! – деді өктем дауыс. Револьвері жастықтың астында қалып еді. «Алсам ба екен, шынымен атысамыз ба?»

Есіктің күршегін ағытып жіберді.

Олар үшеу екен, үшеуі де нагандарын оқтана кірді.

Чекистер құжаттарын көрсетті. Рысұловты тұтқынға алу туралы ордерді көрсетті. Бәрі дұрыс.

– Қаруыңызды тапсырыңыз.

Револьверді алып берді.

– Киініңіз.

Киіне бастады.

– Жоқ, белдік тақпаңыз.

Қара шевиот шалбарынан қайыс белдікті суырып алды.

– Жоқ, галстук тақпаңыз.

Ақ сызық, қара шәйі галстук ағытылып алынды.

– Жоқ, сақал қыратын аспап алмаңыз. Ұстара алуға болмайды.

– Сақалды немен қырамыз?

– Табылады.

Рысқұлов үрпиіп тұрған жарғақ құлақ құда баласын көрді.

– Қорықпа, Бекей, – деді. – Бұлар әлі көреді кіммен ойнайтынын, Рысқұловпен ойнау оңай болмас. Бірақ ішінен: «Осипов ойранында Вотинцев пен Фигельский осылай кеткен жоқ па?» – деді. Бекейге қарап қазақшалап:

– Кеше үйге келген сақалды орыстың қайда туратынын білесің ғой? – деді. – Осы көшеде, үш үйден кейін. Қазір біз кеткен соң, сол кісіге жет. Мына жағдайды айт.

– Сөйлеспеңіз.

Рысқұловтың балаға не дегенін үшеуі де түсінбеді.

– Мұхсина апаң тамақ беріп тұрар. Ертең келеді ғой. Үрейленбесін. Қорықпа, мен келемін.

– Сөйлеспеңіз! Сөйлеспеңіз, орысша айтыңыз.

– Бала орысша түсінбейді.

– Жүріңіз!

– Кеттік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий