Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Балаң жігіттің көзінен осы тілсіз сұрақты ұққан Рысқұлов Төреқұл Айтматовтың арқасынан қағып:

– Бәріне әлі көзің жетеді, жиен. Таңданбай-ақ қой. Бұл да революция. Ал революция майдансыз болмайды, – деді.

Жез қоңырау сыңғырлады. Қоңырау даусы естілсе, селк ететін әдет Рысқұловтан әлі қалмады. Баяғы әкесінің аяғындағы темір кісен сыңғыры сап етіп құлағына, көз алдына келе қалады. Бірақ лезде бойын жинап, басын көтере ұстап, залға беттеді. Қай кезде де, қай заманда да шындықты ту етіп ұстаған адамның жүзі жарқын, басын тік көтеріп жүреді. Рысқұловқа әлгіде тағылған айыптар қанша ауыр болғанмен еңсесін езе алмады. Мұны көріп Рысқұловтың достары ғана емес, іштей жек көретіндер де сүйсінді. Кушекин киім ауыстырып киіпті. Галстуксіз, кестелі жаға ақ көйлек, сұр пиджак, бетін ысқылап жуғаннан болар, қызара бөртіңкіреп тұр.

Бірінші болып сөзді Кобозев алды.

– Мен білемін, жолдастар қазір сөзді, дұрысырақ айтсақ жауап сөзді Рысқұловтан күтіп отыр. Рысқұловтың жауапқа дайын екеніне менің күмәнім жоқ. Бірақ өзара салғыласып, кінә тағысудан қандай пайда? Біз бұл жерде бір-бірімізге ахиреттің ауыр жазаларын арқалатпай, ең алдымен ел қамын, республика жағдайын, оның тағдырын ойлауымыз керек қой. Әрине, Рысқұлов жолдас баяндаған жағдайдың толық шындық екеніне мен өзім куә. Сондықтан Кушекин, Успенский жолдастар жеке бастың кегі үшін, есеп айырысу үшін арамтер болмай, кеткен кемшілікті қалай тезірек жою жағын ойластырғаны ақыл болар еді деп ойлаймын. Ең алдымен, радиограмманы жедел түрде жариялап, жарыққа шығарып, жер-жерде осыған байланысты жиналыстар өткізіп, партияның ұлт саясатының мән-мағынасын халыққа мейлінше түсіндіру керек.

Мен бұдан біраз уақыт бұрын Мусбюро конференциясында сөйлеп былай деген едім: «Түркістан республикасындағы халықтың 95 пайызы мұсылмандар, тек 5 пайызы ғана орыстар. Ал осы 5 пайызы бүкіл өкіметті өз қолында ұстап отыр. Аздық көптікке үстемдік етіп отыр. Бірақ бұл уақытша жағдай. Мұсылман қауым толысып, жетілген кезде республикалы басқаруды солардың қолына береміз де, оларға біз көмектесіп отырамыз», – деген едім. Одан бері біршама уақыт өтті, мұсылман халықтардың арасынан небір талантты қайраткерлер шықты. Демек, радиограммада айтылғандай, республиканың халықтар санына қарай, пропорционалды түрде басқаратын кез келді. Партия еркін іс жүзіне асыра бастауымыз керек. ТүркЦИК-тің құрамын, Совнарком, Крайком құрамдарын қайта қарауға тура келеді. Және бұл құбылыс губерниялық, уездік, болыстық звеноларда түгел жүргізілуге тиіс. Сондықтан бұл жерде ұсақ-түйек, ырың-жырың әңгімені қойып, түбегейлі мәселелер шешуге кірісейік. Мәселені ТүркЦИК-тен бастаған жөн ғой деп ойлаймын. РСФСР-дің Орталық өкіметінің Төтенше өкілі ретінде барлығыңызға ұсыныс жасаймын: Түркістан өкіметінің басында осы уақытқа дейін Түркістанның негізгі халықтарының бірде-бір өкілі отырмапты. Бұл әділеттілік емес. Бұрын даяр кадр жоқ деген желеу айтып келдік. Ендігіміз тым өрескел. Сондықтан Кушекин жолдасты ТүркЦИК төрағасы міндетінен босатып, орнына президум мүшесі Рысқұлов жолдасты сайлау туралы ұсыныс қоямын.

– Провокация! – деп Кушекин орнынан атып тұрды. Денесі ауыр, орнынан үш ұмтылып әрең тұратын кісінің бұл жолы соншама атырылғаны таңғалдырарлық. Жез қоңырауды үстелдің шетінен шеңгелдеп алып қағып еді, қоңыраудың үні тұтығып, шықпай қалды. Сонда барып Кушекин шеңгелін жазып, қоңырауды төбесіндегі тұтқасынан ұстағанда, сыңғырлап ала жөнелді. – Тынышталыңыздар! Бұл контрреволюция! Өкіметті басып алу деген осы. Бұл үшін трибуналда жауап бересіздер әлі. Кобозев – контра. Рысқұлов қылмысты адам. Екеуінің де ісін трибуналға өткізу керек. Ішкі істер комиссары Нысанбаев! Тұтқындаңыз екеуін де!

– Тұтқындай алмаймын, жолдас Кушекин! – деді комиссар Нысанбаев орнынан ұшып тұрып. – Құқым жоқ. ТүркЦИК-тің шешімін шығарып беріңіз. Сонда тұтқындаймын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий