Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Жолдастар! – деді Успенский қою даусымен гүр етіп. – Байқаймын, бәріңіз де Рысқұловтың сылдыраған сұлу сөздерін ұйып тыңдап қалдыңыздар. Сөйтіп қалуларыңыз да мүмкін. Рысқұлов өзгелерді қаралап, өзі сүттен ақ, судан таза болғысы келеді. Әлгі айтқан айып сөздерінің бәрінің негізі болмағаны былай тұрсын, өзінің астыртын жүргізген әрекеттерінің қаншалықты қауіпті екенін сіздер, тіпті сезіп те отырған жоқсыздар. Рысқұлов – Кеңес өкіметіне жұртты қарсы қою үшін өз туысқанын болыс сайлатып, кедейлердің мал-мүлкін талан-таражға салдырып, көпшіліктің наразылығын тудырды. Рысқұловтың туысқандары басмашылар қатарында жүр. Рысқұлов олар арқылы басмашылармен байланыс жасап отырады. Рысқұлов патша шенеунігі, Черняев уезінің бұрынғы бастығы генерал Колосовскийдің қызына үйленеді, ол қыздың бөле атасы патша полковнигі Приходько Осиповтың оң қолы болып, Ташкенттегі бунтқа қатысып, біздің комиссарларды атады, тұтқынға алынады. Тұтқыннан оны Рысқұлов босатып, қашырып жібереді. Приходько барып, басмашыларға қосылады. Ағылшын шпионы Бейли екеуі Ферғанада Рысқұловтың тұмсығының астынан тағы қашып кетеді. Рысқұлов өкімет басына өз тамыр-таныстарын жинауға тырысады. Ұлт мәселесі дегенді өз бас пайдасына шешкісі келеді. Өкіметті өз қолына тартып алғысы келеді. Мұның аты бір сөзбен айтқанда: контрреволюция!

Успенский дәу жұдырығымен үстелді қойып қалғанда, отырғандар селк етті. Үстел үстіндегі шыны сауыт шоршып түсіп, ішіндегі көк сия тұқшиыңқырап отырған Кушекиннің бет-аузына, қолына, киіміне шашырап кетті.

Успенский желі шығып кеткен доптай жиырылып, бүк түсіп, дереу орамалымен Кушекиннің үстін сүртіп:

– Кешіріңіз, кешіріңіз... – дей берді.

Кушекин бет-аузын айғыздап, ақ орамалмен сүртіп тұрып:

– Үзіліс, – деді.

Дәлізге шыққанда Кобозев Рысқұловты қолтығынан алып:

– Саспа, бәрі жала, – деді.

– Жала да күйе сияқты, күйдірмейді, бірақ қаралайды, – деді Рысқұлов езу тартып.

Бұлардың жанынан сәл ғана бас изеп Нәзір Төреқұлов өте берді. Анадайдан айқайлап Тұрсынходжаев таянды:

– Мұндай оспадарсыздық қайда бар? Бас көтерер біреу шықса, дереу тобықтан ұрып құлатпақ. Бола қоймас, көнбеспіз, Тұрар! Әй, Низамедин, бұл не қызық? Үндемей қалмайық.

– Әрине, әрине, – деп Низамедин шықшытын бұлтылдатты.

– Әй, Тұрар-ай, патшаның құйыршығының қызын алып нең бар еді, саған басқа қыз табылмады ма? – деп тілін шайнай сөйлеп Сұлтанбек Ходжанов жетті.

Санжар Аспандияров сабырлы, ақылды кісі ғой:

– Сұлтанбек мұндайда да қыршаңқы сөйлейді, – деп қалды.

– Сұлтекең мені су түбіне кетті деп ойлайды ғой, мені су түбіне патша да батыра алмаған. Ал өзімнің Кеңес өкіметім мені қорлатпас, – деді Рысқұлов еңсесін түсірмей, қасқая қарап.

Адамдардың табиғаты қызық. Жаңа ғана Рысқұлов сөйлегенде оның бұлтартпас фактілермен айтқан логикасы күшті, саяси тұғыры мықты баяндамасына бәрі тәнті болған. Бәрі де ішінен, Кушекин революцияға қанша еңбегі сіңгенмен, ескі мінез-құлықтан, отаршылдық әдеттің сарқыншағынан арыла алмаған, жергілікті халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын біле бермейтін даңғалақтау, даңғазалау адам. Сондықтан оның өкімет басында отыруы ретсіз, – деп отырған. Егер сол кезде дауысқа салып жіберсе, олар ойланбай-ақ, Кушекинді орнынан алуға дайын еді.

Ал енді, әлгі Успенскийдің Рысқұловқа үйіп-төккен айыбынан кейін, оның бәріне түгел сене бермесе де, әркімнің көңілінде бір дақ қалды. Революцияға пәруана берілген адам емес екен ғой деп біреулер іштей ойланып қалса, енді біреулер «контрреволюционер» дегеннен шошып кетіп, Рысқұловтан бойларын аулағырақ сала бастап еді.

Енді бір парасы, мысалы, Сұлтанбек Ходжанов сияқтылары ашықтан-ашық табалап та қалды. «Патшаның құйыршығының қызына үйленіп» дейді-ау, ол қыз туралы ол не біледі? Рысқұловтың оны бала кезден, көктемдегі аспандай жәудір, тап-таза сәби шақтан бері сүйетінін Сұлтанбек не қылсын?

Қайран әкесі Рысқұлдың:

Алыстан жылқы айдадым жиренменен,

Дүние бір қисық жол иреңдеген.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий