Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

...Ферғана облысында және Наманган қаласында Ергеш, Мадамин-бек және басқалардың басшылығымен ойран салып жүрген қарақшылар пролетариаттың өкіметі емес, демек олар сендердің, кедейлердің мүддесін көздемейді, өйткені бұл қарақшылардың құрамы байлардан, орыс капиталистерінен, офицерлерден және басқа оңбағандардан құралған.

Наманганның мұсылман халқына бұйырамын: Араларыңда жасырынып жүрген қарақшыларды дереу ұстап беріңдер. Ескертемін: егер осы бұйрық жарияланғаннан кейін 24 сағаттың ішінде атыс тоқталмаса, қарақшыларды ұстап бермесеңдер, онда барлықтарыңның үйлерің қарақшылармен бірге жер бетінен жойылады.

Мұсылман жолдастар, естеріңде болсын, егер қарсыласа берсеңдер, түп-түгел жойыласыңдар. Сондықтан да 24 сағаттан қалмай, Наманган станциясындағы Самарқан жауынгер отрядының штабына келіссөз жүргізу үшін делегат жіберіңдер. Егер айтқан мерзім ішінде делегат келмесе, бұйрық орындалады, бәрің де жойыласыңдар.

Самарқан жауынгер отрядының командирі Гуща, отряд адъютанты Бусверов».

Міне, Ферғанадағы трагедияның бір түрі. Басмашыларды ұстап бер, ұстап бермесең, ақсың ба, қарасың ба, кінәлісің бе, кінәлі емессің бе, – бәрібір, жер бетінен жойыласың. Бұдан өткен сорақылық бола ма, жолдастар!

Рысқұлов сәл кідіріп барып, өз сұрағына өзі жауап берді: – Болады екен. Және болғанда қандай? Жалалабад ауданында біздің жергілікті өкімет мұсылман халқына сенбестен, кулактарды қаруландырған. Ал қаруланып алған кулактар Кеңес өкіметіне қарсы көтерілген, нәтижесінде тағы да жергілікті мұсылман кедейлері қырылған.

Міне, жолдастар, айта берсе, бұл трагедиялы әңгіме әлі ұзаққа созылады. Уақыттарыңызды да көп алдым, енді тұжырымдайын.

Сонымен, әлгі айтылған картиналардан кейін Түркістанға көз тігіп отырған бүкіл Шығыс не көріп отыр деп ойлайсыздар? Осындай сұмдықтарды көріп отырған Шығыс халықтары: ауғандар, ирандар, үнділер, қытайлар Кеңес өкіметіне іші бұра ма, жоқ па? Коммунистердің ісі адал екеніне сене ме, жоқ па?

Міне, біздің «максималистердің» партияның Орталық Комитетінің саясатын Түркістан тіршілігінде бұрмалап, өз өкіметімізге аса зиян келтірген жері осы. «Максималистер» осы уақытқа дейін партияның ұлт саясатын өрескел бұрмалап, табанға салып, таптап келді. Ал енді мына радиограмма жағдайды күрт өзгертсе керек.

Жаңа сіз «Скоблев, Скоблев» деп қалдыңыз, жолдас Кушекин. Алдымен түрікмендердің Гек-Тепесін, соңыра Ферғананың төл халқын қанға бөктіргені үшін, патша «Ферғана» деген атты жойып, қаланын атын «Скоблев» қойғаны рас. Түркістанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, ТүркЦИК-тің жарлығы бойынша, отаршылдықтың озбыр қанішері Скоблев аты өшіріліп, қалаға қайтадан «Ферғана» аты берілгенін сіз қалайша ұмыттыңыз? Ол аз болғандай «Скоблев» атын қайта жаңғырту туралы астыртын парман бергенсіз. Мұны халықтан несіне жасырасыз? Патша заманының ең залым отаршылын ту етіп көтеру де «максималистер» программасына кіретін болғаны ма? Осының бәрінен кейін сізде және сіздің тобыңызда коммунистіктен не қалды?

– Болдыңыз ба, жолдас Рысқұлов?

Кушекин шын айқасқа ақырғы күшін жинап алғандай, шиыршық атып, ширақ сөйледі.

– Әзірше болдым, – деді Рысқұлов орнына отыра беріп.

– Сіз кінәлап отырған мына біз, максималистер, сізге сенбейміз, Рысқұлов. Әлгі айтқан ертегіңізге де сенбейміз. Неге сенбейтінімізді қазір ТүркЦИК, Крайком, Мусбюро, Совнарком мүшелеріне ТүркЦИК төрағасының орынбасары, Ерекше бөлім бастығы Успенский айтып береді. Сөйлеңіз, жолдас Успенский.

Еңгезердей еңселі Успенский орындықты сатыр-сұтыр серпіп тастап, орнынан атырыла тұрып, қос қолымен жалпақ белдікті қынап, маузердің қабын бір сипап қойды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий